Боранбай Ерболат презентация.pptx
- Количество слайдов: 6
Зығыр (Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230 -ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см. , жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі – қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т. б. Салалы зығыр – бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 – 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. Майлы зығыр (шашақты зығыр) – бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы З-дың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы – өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 – 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: “Сибиряк”, “Авангард”, “Қарабалық 3”, “ВИР-1650”, т. б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз.
Майлы зығыр Майлы зығырдың тұқымдарында 35 -42% май болады. Оның майлары тез кебеді, мықты, жұқаша келген қабықшаларды құрастырады, жоғары сапалы олиф, лак, эмаль жасау үшін пайдаланады. Техникалық майлардың ішінде көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды алады. Майлы зығырдың сабаны дөрекі жіп, мата, қапшық жасауға пайдаланатын қалдық талшық пен қысқа талшық өндіруге жарамды болып табылады. Майлы өндірісінің қалдықтары (күнжара мен шрот) қорытыла- тын протеинге бай бағалы құнарланған мал азығы, онда 6 -12% май және 30% –ға дейін кеппеген ақуыз болады. 1 кг күнжараның тамақтылығы 1, 15 а. б. Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды көбінесе Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарында және Ақмола облысының солтүстігінде өсіріледі. Қазақстан бойынша орташа өнімділігі шамалы — 1, 2 -3, 1 ц/га мөлшерінде. ҒЗИ және сортучаскелерінің мәліметтері бойынша сол аймақтардың жағдайларында 9 -12 ц/га өнім алуға әбден болады. Майлы зығырды тауарлық өндіріске өсіретін негізгі аймақтар: Солтүстік Кавказ, Орта Азия, Украина, Ресей (Орал, Батыс Сібір), Солтүстік Қазақстан. Сыртқы шет елдердің ішінде Аргентина, АҚШ, Канада және Индия да майлы зығырдың себілетін аумақтары біршама. Майлы зығырдың биологиялық ерекшеліктері Оның тұқымдары +3 -4˚С температурада өсе бастайды, +12 -14˚С өнуі жақсы жүреді, — 3 -4˚С үсікті зығыр көгі ауыртпалықсыз көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттарға қажетті белсенді температура жиынтығы 1600 -1800˚С. Өсімдіктің қуаңшы-лыққа ең жоғары төзімділігі көктеуден гүлденуге дейінгі кезең. Осы уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен оның топыраққа бойлай енуі іске асады. Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды (транспирация коэффициенті 370 -430 бірлікке тең). Ылғалға барынша жоғары қажеттілігі гүлдену-тұқым толысу кезеңіне дәл келеді, бұл кезеңде топырақтағы ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ең қолайлысы – орташа механикалық құрамдағы қара және қоңыр топырақ. Сортаңдау комплекі бар топырақ майлы зығыр өсіруге жарамайды. Зығыр өздігінен тозаңданатын өсімдік, біоақ жоғары температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болған жағдайда өсімдіктердің бір бөлегі айқас тозаңдануы да мүмкін. Зығыр әдетте таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер – 3 -5 сағатта гүлдеп бітеді, алайда алқаптың гүлденуі 30 -40 күнге дейін созылуы мүмкін. Вегетациялық кезеңі 80 -114 тәулік.
Майлы зығырдың агротехникасы. Зығыр алғы дақылға жоғары талап қояды және міндетті түрде тұқым алмастыруды қажетсінеді. Аймақ жағдайында майлы зығырға сүрі жерге себілген жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ-астық тұқымдастардың қоспасы, картоп, күздік дәнді дақылдар жақсы алғы дақыл деп есептелінеді. Күздік негізгі өңдеуді, алғыегістік дақылды жинап алғасын бірден бастайды. Оның негізгі міндеті арамшөптерді жою және күзгі түскен ылғалды жинау. Қысты күні СВШ-7, СВШ-10, СВУ -2, 6 деген қартоқтатқыш- тармен қарды тоқтату. Көктемде – топырақтың физикалық пісуі басталғанда ылғалды жабу керек. Кейде күшті ластанған танаптарда сеппей тұрып хи- миялық немесе 1 -2 культивациямен тұқымды себу тереңдігінде топырақты өңдеуіміз қажет. Топырақты тұқымды сеппей тұрып тығыздау міндетті түрде. Егістік үшін тұқымдық сапасы кондицияланған тұқымды пайдаланамыз. Яғни, оның тазалығы 97%-дан, өңгіштігі 85%-дан кем болмауы абзал. Тұқым-дарды себу алдында ауалық-жылулық қыздырудан өткізу керек. Егерде аурулар (фузариоз, антакноз, таттар және басқалары) болса, зығырдың тұқымдарын себер алдында 80% ТМТД-2 – 3 кг/т, жапсырғыш Nа. КМЦ қосып дәрілейміз. Тұқымдарды дәрілеуді ПС-10, ПС-10 А дәрілегіштерімен өткізеді. Ең қолайлы себу мерзімі 15 -20 мамыр арасы болып табылады. Себу әдісі- ленталы немесе қатарлап себу. Себу нормасы 45 -50 кг/га (6 -7 млн. өңгіш тұқым), тұқымның сіңіру тереңдігі 46 см. Керек болған жағдайларда қосжарнақты арамшөпке қарсы «елочка» кезеңінде 0, 7 -1, 2 кг/га э. е. з. нормасымен 2 М-4 Х гербициді қолданылады. Бір- жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы триаллат гербициді қолданылады: 1 -1, 2 кг ә. е. з. су эмульсиясы топыраққа бүркіледі де беті топырақпен жабылады. Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75% қоңырланғанда (толық пісуге 10 -12 күн қалғанда) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11 -13% жеткенде дестелер жиналады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Боранбай Ерболат презентация.pptx