ПЗ СРСП СРС Зоонозы каз .pptx
- Количество слайдов: 65
ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ. БРУЦЕЛЛЕЗ, ОБА, СІБІР ЖАРАСЫ, ТУЛЯРЕМИЯ. АУРУ ПАТОГЕНЕЗІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ ЕРЕКШЕЛІГІ. ЕМДЕУ, ПРОФИЛАКТИКА ҚАҒИДАТЫ- СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛНАМА
ТЖ, СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ: МҒД, ПРОФЕССОР РАМАЗАНОВА Б. А
ОБА ауыр интоксикациямен, қызбамен, лимфа және тамыр жүйесінің зақымдануымен, ОБА (PLAGUE) септицемиямен және өлім туғызатын комамен сипатталатын, күшті инфекциялық, эпидемиялық жұқпалы ауру. Аса қауіпті карантиндік инфекция. Кемірушілерден адамға эктапаразиттер мен Оба қоздырғышы кемірушілер арқылы таралады. КЛАССИФИКАЦИЯСЫ : Оба, шығыста б. з. д 1000 жыл бұрын белгілі болған. Тұқым: Enterobacteriacеae 1894 ж. Гонконгтегі оба кезінде, ИЕРСЕН мен КИТАЗАНТО бірінен тәуелсіз, оба Туыс: Jersinia ауруларының без түйіндерінің іріңінен және оба Түр: J. pestis егеуқұйрықтарының мүшелерінен, оба қоздырғышын анықтаған.
Оба эпидемиясы б. з. д ІІІ ғасырдан белгілі, кейде, олар, пандемиянің мінезін иемденді. Алғашқы айқын пандемия 527 565 жж. ( «юстинианов обасы» ), Египет пен Эфиопияда басталған болатын, ол Шығыс Рим Империясы халқын үлкен шығынға ұшыратқан еді. XIV XV ғасырлардағы екінші оба пандемиясы ең жойқын болған, тарихқа «ұлы» немесе «қара» өлім деген атпен еніп, 60 млн адам өмірін алып кеткен. Европаның өзінде 25 млн адам өлімге ұшыраған. Н. М. Карамзиннің айғақтауы бойынша, Глухов және Белозёрск тұрғындарының бүкілі қырылып кеткен, ал Смоленскте 5 қана адам тірі қалған. Обаның үшінші пандемиясы 1894 жылы Гонкогте басталып, 20 жыл ішінде 10 млн адамның өмірін алып кетті. Оның басталар алдында маңызды ашылулар жасалған болатын (қоздырғыш бөлініп алынды, оба эпидемиясында егеуқұйрықтардың рөлі дәлелденген болатын), соның арқасында ғылыми негізде профилактикасын ұымдастыруға мүмкіндік берді. Оба қоздырғышын Г. Н. Минх (1878) және тәуелсіз А. Иерсен мен Ш. Китазато (1894) анықтаған болатын. Оба эпидемиологиясын зерттеуде үлкен еңбек сіңіргендер қатарына Д. С. Самойловичті (Европада алғашқы), В. И. Исаевті және Н. Н. Клодницкиді, және де Астрахан губерниясындағы (1911) обаға қарсы отрядты басқарған И. И. Мечниковті жатқызамыз. 40 шы жылдары Солтүстік Африкада соңғы эпидемия жарқ еткені белгіленді, сонда да 1958 бен 1979 жылдар аралығында, әлемде 47 000 оба жағдайы тіркелген болатын. Обаның соңғы жарқ етуі Үндістанда белгіленді (90 шы жылдардың екінші жартысы).
ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ: ОВОИДТЫҚ ТАЯҚША, ЖҰМЫРЛАНҒАН СОҢЫМЕН БИПОЛЯРЛЫ БОЯЛҒАН (цитоплазмасы біркелкі емес орналасқан) ГРАМ ( ) ҚЫЛШЫҚТАРЫ ЖОҚ, СПОРА ТҮЗБЕЙДІ ҚАНДЫ ОРТАЛАРДА ЖӘНЕ АУРУ АҒЗАСЫНДА – КАПСУЛА.
Оба микробының, таза дақылдың боялған жағындыдағы микроскопиялық көрінісі, Хоттингер агарында, 48 сағ аралығында, 26 28 ос температурада. а штамм 1300; б штамм КМ 872; в штамм ЕV. Грам бойынша бояғанда. (а, б), кристаллдық күлгін (в) х 1150. Микробтар белгілі бір заңдылықсыз орналасады және овоидтық формаға ие, тіке және аздап қисайған таяқшалар, жұмырланған полюстерімен. Жіпше құруы мүмкін. Жасушаларының көпшілігінің боялуы біркелкі.
Обадан өлген теңіз шошқасының көкбауырынан алынған баспалы жағындыдан жасалған Y. Jestis жасушасының микроскопиялық көрінісі. Штаммы 1300 (а), К 872 (б). Циль фуксинімен бояу. x 1 l 50. Микробтар цилиндрлік немесе овоидтық және бөшке іспеттес формаға ие. Көп клетка биполярлы боялған.
У. рestis жасушасының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, предагональдық жағдайдағы, құрсақ қуысы зақымдалған теңіз шошқаларынан бөліп алынған. Аноптральды контраст. Желатин гелімен иммобилизацияланған жасуша. х1350. Микроб формасы цилиндрлі, сфералық полюсті. Протоплазма біркелкі, оптикалық тығыздыққа ие. Микроб полиморфизмі белгіленбеген. Көпшілігін тірі жасушалар құрайды. Микробтарды бөлу изоморфты. Макрофагтар ядросының болуымен және әлдеқайда үлкен көлемімен ерекшеленеді.
У. рestis жасушасының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, флакондарда Хоттингер сорпасымен өсірілген, 24 сағ аралығында шуттелдеу кезінде. Аноптральды контраст. Желатин гелімен иммобилизацияланған жасуша. х1350. а 37 39 ос температурада өсіру, б 26 280 с. Микроб формасы цилиндрлі, сфералық полюсті, олардың қабығы барлығында бірдей қалындықта және жарық сындырғыш қасиетке ие. Протоплазма біркелкі жарық оптикалық тығыздықпен сипатталады және боялған жағындыда көрінетін, биполярлықтың материалдық негізі бола алатын, қосымшаларға ие емес. 37 39 ос температурада өсірілген микробтар , ауқымды ұзындығы мен диаметрімен ерекщеленеді.
Витаминдер мен кальций иондарының қосылуымен жасалған, Хоттингер ортасында, 37 39 ос температурада 24 сағ шамасында өсірілген, Тірі оба микробтарының капсуласы. Ылғалды туштық әдіс. Фазолық контраст. х 1350. а штамм 1300; б штамм КМ 872. Капсула, қара жасушалардың айналасындағы сәулелі жиек іспеттес. Капсула мөлшері, микроб түріне қарай түрліше болады.
Хоттингер сорпасында өсірілген, оба қоздырғышымен зақымдалған жасушаның сыртқы түрі, электрондық микроскоппен қарағанда. Штамм 1300. Фосфорлы вольфра мды қышқылда контрастілінген (б, в), хром шашырандысы (а). х 15 000 (а), х20 000 (б, в). Препараттардың дайындалуынан тәуелсіз және өсіру температурасына тәуелсіз, оба микробтарында цилиндрлік форма, жұмырланған полюстерінің және цитоплазмада биполярлық бояудың материалдық негізі бола алатын, қосымшалардың болмауымен сипатталады. Хроммен қарайтқан кезде, 37 39 ос температурада өсірілген, жасуша қабырғасының сыртында капсула қалдықтары кездеседі (а). Капсула биполимерлерінің фосфор вольфрам қышқылымен аса жоғары ұқсастығына байланысты, бұндай жасушалар жоғарғы электронды оптикалық тығыздығымен ерекшеленеді (б). Капсуласыз микробтардың беті қатпарлармен жабылған (в).
Оба қоздырушы капсулалы қоздырғыштардың ультра құрылымы, Хоттингер сорпасында, температурасы 37 39 ос 18 сағ шамасында өсірілген. а в штамм 1300; г штамм ЕУ. х40 000 (а в); х80 000 (г). Капсула фибриллярлы құрылымға ие және бахром түрінде қоршайды немесе нақты шекарасыз тәж іспеттес. Капсула заттегі жасуша қабырғасымен әлсіз байланысқан. Бір жасушаларда капсуласы көлемді (а в), кейбіреулерінде аз көрсетілген (г).
Оба қоздырушы жасуша капсуласына, мукополисахарид қышқылымен цитохимиялық реакциялар. Штамм 1300. Рутенин қызылымен контрастау х 80 000 (а); х40 000 (б г). Электронды тығыз өнімді реакциялар, жасушаны бахрома түрінде қоршайды және тұтас қабат құрмайды, капсула құрылымында, қышқыл мукополисахаридтердің ошақтық локализациясын көрсетеді. Сыртқы мемб ранасы асимметриялық құрылымға ие (а в). Нуклеоид көлемді (в) не диффуздық (б, г).
Спецификалық анти F 1 иммуноглобулиндерімен таңбаланған ферритинмен, өңделген, У. pestis жасушаларының ультра жіңішке кесінділері. Штамм ЕV. х40000 (а, б); х80000 (б); х100 000 (г). Ферритин – иммуноглобулин комплексінің бөлшектері жасуша қабырғасында орналасады және фибрилла капсуласында (а г). Ферроглобулин біркелкі орналасқан, жасуша қабырғасының фрагменті (г).
У. pestis жасушасының субмикроскопиялық құрылымы, Хоттин гер агарында 24 сағ шамасында, температурасы 26 28 ос. Штамм 1300. х40 000 (а, г); х80 000 (б, Д); х60 000 (в). Сыртқы және цитоплазмалық мембрана үшқабатты құрылымға ие (а в). Периплазма электронды мөлдір болуы мүмкін (д), электрондарға орта тығыздықтағы материалмен толтырылуы (а) және пептидгликанды қабатының болу (б). Цитоплазмада рибосомалар және полисомалар (а в), вакуольдер (г) және нуклеоидтар түрлі деңгейде жекешеленіп орналасады (а, г). Жасуша беткейінде везикулалар болуы мүмкін (а, б, д).
Оба микробтарының бөліну кезіндегі ультра құрылымы. Өсіру шарты кө. сур. 1. 10. Штамм 1300. хзо 000 (а, б); х80 000 (в). Отырғызуды көшіру (а), біркелкі маңызды жасушаларды тереңдете көшіру (б), көшіру аймағында жасуша полюстерінің құрылуы (в). Электрондарға қатынасы бойынша жасуша ішілік қосылулар жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді. (б).
Оба бактерияларының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, 24 сағ ішінде, 26 28 ос температурада, минералдық құрамы бойынша оңтайландырылмаған, тұзды қышқылды казеин гидролизатты, сұйық қоректік ортада өсірілген. Штамм 1300. Аноптральды контраст. Жасушаның желатин гелімен иммобилизациясы. х 1350. Ортаның сапалық құрамының бұзылуы микробтардың гетерогендігімен, көлемі және өлі жасушалардың көбеюімен (препаратта жарық) сипатталады. Кейбір жіпшелі микробтар тіршілік етуге қалыпты (а, б), кейбірі қалыпсыз (в).
Оба қоздырғыштарының бүршіктену арқылы репродукциялануы. Өсіру шарты кө. сур. 1. 12. Штамм 1300. х60 000 (а, б, г, д, е); х80 000 (в). Бүршіктену жасуша денесінің бүйірлік дүрдиту, (а, б), біркелкісіз бөлу кезінде (в, г), жасуша қабырғасындағы дефекті әсерінен туындайды (д, е). Олар сыртқы ортадан, цитоплаз малық мембрана (г, д, е) немесе жасушалық қабырға арқылы бөлінген және нуклеоид элеметтеріне ие бола алады (а в).
ОБА ТАЯҚШАСЫ (YERSINIA PESTIS) - БАКТЕРИЯ-ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ Боялған түрлі масштабтағы электрондық микрофотографияларда жеке микробтар мен олардың колониялары көрсетілген. ОБА ТАЯҚШАСЫ (YERSINIA PESTIS) 200 -ЕСЕ УЛКЕЙТІЛГЕН. WIKIMEDIA. ORG САЙТЫ СУРЕТІ
БУБОН ІРІҢІНДНГІ ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ YERSINIA PESTIS ОБАСЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ. WEBS. WICHITA. EDU САЙТЫНЫҢ СУРЕТІ
ОБА ӨОЗДЫРҒЫШЫ (ЭЛЕКТРОНДЫ МИКРОСКОПИЯЛАУ) ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ
ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТІ: ФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР ҚАРАПАЙЫМ ОРТАЛАРДА ӨСЕДІ, ҚАН ҚОСУМЕН ЖАҚСЫРАҚ өсіру ТЕМПЕРАТУРАСЫ 28 30 о. С р. Н 7, 2 7, 4 жас вирулентті колониялар (ТЫҒЫЗ ОРТАЛЫ R КОЛОНИЯСЫ, АЙНАЛАСЫ ШІЛТЕРЛІ КАЙМА) ескі колониялар, вирулентсіз (S форма) сорпада (ҚАБЫҚША ЖӘНЕ ТҮСКЕН СТАЛАКТИТ ТҮРІНДЕГІ ЖІПШЕ ЖӘНЕ ҮЛПЕКТІ ТҰНБА ).
Обаның температуралық оптимумы 28 30 "С; оптимум р. Н 6, 9 7, 2. Оба бактериясы қоректік ортаға талғамсыз. Сорпада 48 сағ кейін нәзік қабықша және беткейінде түскен жіпше тәрізді және үлпекті тұнба құрайды (орта мөлдір болып қалады). Тағы да желатинде жақсы өседі, сұйылтуын тудырмай. Тығыз ортада оба қоздырғышы 37 С сұрғылт кілегейлі (капсула құруға байланысты) S және R колонияларын құрайды. Обаның вирулентті штаммдары R колонияларын құрайды. Обаның өсу деңгейлері. Колонияны микрокопиялық зерттеу. Y. pestis өсудің үш деңгейінде өтеді. Дақылдандыруда 10 12 сағ кейін кедір бұдырлы «жас» түссіз микроколониялар өседі ( «соғылған айна» ). 18 24 сағ кейін олар қосылады, нәзік жасықтар құрай отырып, фестон тәрізді жиектер және көтеріңкі ортасымен ( «айналма орамал» ). 40 48 сағ кейін «жетілген» колонияларды көреді — үлкен, қоңыр дәнді ортасымен және кедір бұдырлы жиектерімен ( «түймедақтар» ). Обаның пигмент түзуі. Y. pestis тің көпшілік, вирулентті штамдары, қара пигмент және бояуыштарды түссіздендіру қасиетіне ие (мысалы, метилен көгі).
Оба бактерияларының микроколониялы қоздырғыштары, Хоттингер агарында, 26 28 ос температурада өсірілген. Штамм 300. Жарық құлауында микрофототүсіру. х56. а 10 12 сағ өсіру, жазық, нәзік микроколониялар, айналма орамалды еске түсіретін, кедір бұдырлы жиектер; б 20 24 сағ өсіру, Микроколонияларда доңес, сары, қоңыр не қара қоңыр ортасы және жіңішке, мөлдір іспеттес фестондық, перифериялық аймақ болады.
У. pestis тің екі тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық зерттеуде. Зерттеу шарты кө. сур. 1. 14. Штамм 1300. х13. Колонияның ортасы доңес немесе үңірейген, қоңыр не сары (а). Перифериялық аймағы жартылай мөлдір және айналмалы. Колониялар сыртқы көрінісі бойынша түймедақ гүліне ұқсас (а, б).
У. pestis тің екі тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық зерттеуде. Зерттеу шарты кө. сур. 1. 14. а штамм 1300; б штамм ЕУ. х13. Колониялар сұр сары түсті, формасы жартылай сфераға ұқсас, майда дәнді беткей мен түзу не фестонды жиекті сфера.
У. pestis тің төрт тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық зерттеуде. Зерттеу шарты кө. сур. 1. 14. Штамм 1300. ЮЗ. Дақылдандыруды ұлғайтқан сайын колония центрі шеттеп қалады, перифериялық аймақ тығыздана түседі (а), жіңішкеленеді не жойылады (б). Беткейі иректене түсуі мүмкін (в).
Оба бактерясының морфологиялық колониясы, 48 сағ ішінде өсірілген, генцианвиолет қосылған Хоттингер агарында. Штамм КМ 872. Жарық құлауында микрофототүсіру. хз (6). Колониялар қара ақшыл көк, ақшыл шеңбермен, «айналма жиек» ие емес (а, б).
Оба микробтарының морфологиялық колониялары, вирулентті және вакциналы штаммдар, 120 сағ ішінде, 26 28 ос температурада, Джек сон Барроуз ортасында өсіреді. а штамм 1300; б – штамдар қоспасы 1300 и ЕУ. Құлаушы (а) және өткінші (б) жарықта микрофототүсіру. х13 (б). Вирулентті штамдардың бактериялары оба қоздырғыштары қоректік ортадан гемин түзу және қара қоңыр колониялар түзу қасиеттеріне ие (а). Өткінші жарықта үлкейтілгенде, олар қара қоңыр түсті, ал ЕУ вакциналық штамында ақшыл (б).
ФЕРМЕНТТІК ҚАСИЕТІ: ФЕРМЕНТТІК ҚАСИЕТІ К ға дейін (фруктоза, галактоза, глюкоза, мальтоза) желатинді сұйылтпайды гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза құрайды сүтті орамайды 3 типі: 1 ТИП ФЕРМЕНТТЕЛМЕЙТІН ГЛИЦЕРИН (Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Корея) 2 ТИП ФЕРМЕНТТЕЛЕТІН ГЛИЦЕРИН (Африка, Сібір, Монголия) 3 ТИП ФЕРМЕНТТЕЙДІ ГЛИЦЕРИНДІ ЖӘНЕ НИТРО ЗОО ТЕРІС (ТМД Оңтүтік шығысы). Оба қоздырғышының АНТИГЕНІ: 20 таяу Аг О соматикалық Аг термостабильді Капсулалық Аг жақсы зерттелген, әсіресе термостабильді Д, F 1, T, W, V F 1 –беткейлік, ақуыздық Аг – серологиялық диагностикада қолданылады (ЖГАР) W антифагациттік активтілікке ие
РЕЗИСТЕНТНОСТЬ: Оо. С 6 ай ТҰРАҚТЫ КИІМДЕ 6 АЙ СҮТТЕ 90 ТӘУ ӨЛІКТЕ 50 ТӘУ ҚАҚЫРЫҚТА 10 ТӘУ ЖЕМІСТЕ 11 ТӘУ НАНДА 4 ТӘУ ЖОҒАРҒЫ ТЕМПЕРАТУРАҒА , УФО, А/Б КЕБУГЕ СЕЗІМТАЛ ҚАЙНАУДА 1 МИН 5% ФЕНОЛ ЕРІТІНДІСІНДЕ 10 МИН 5% ЛИЗОЛ 10 МИН.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ: ЕРЕКШЕЛІГІ: ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ: Зоонозды табиғи ошақты Обаның бастапқы жарқ аурулар (оба зоонозы етуінде кемірушілердің, әсіресе Одан кейін адамдар, көбінесе егеуқұйрықтардың. Дала өкпелік формасымен егеуқұйрықтары, үй ауыратын. егеуқұйрықтарын және тышқандарын жұүтырады); Климаттың жылуымен егеуқұйрықтар популяциясы жылдам көбееді, ал бұл оба эпидемиясын туғызады. Аса қауіпті карантиндік инфекция, эпидемиялық таралу қасиетке ие.
«Қара өлім» . Тоггенбург библиясының мысалы, 1411 жыл. en. wikipedia. ru сайтынан алынған
ОБА ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЗЕРВУАРЫ : Кемірушілер (сарышұнақтар, суырлар, құмтышқан, тарбағандар және т. б), Қоян тәріздестер Улкен қо саяқ
ИНФЕКЦИЯ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫ: Бүргелер, сирек кенелер, биттер Yersinia pestis тудыратын аурулар, ең бір, ескі жұқпалы дерттердің бірі болып табылады. Оба қоздырғышын ауру егеуқұйрықтарда болған бүргелер таратады. Азиялық егеуқұйрық бүргесі Xenopsylla cheopis оба таяқшасын егеуқұйрықтан адамға өткізеді
Оба эпидемиясының дамуында табиғатын анықтайды: КЕМІРУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБА (БҮРГЕЛЕР, ҚАНДАЛА, БИТТЕР) – хр. Формасында өтуі мүмкін. Обаны тасымалдаушы, бүргенің 99 түрі белгілі. Олар 1 жыл бойы тасымалдаушы бола алады. АДАМДАҒЫ БЕЗДІК ОБА -АДАМДАҒЫ ӨКПЕЛІК ОБА Адамға жұғу жолдары: ҚАТЫНАСУ ТРАНСМИССИВТІ (БҮРГЕ ШАҒУЫ) сирек АЛИМЕНТАРЛЫ АДАМНАН АДАМҒА ОБАНЫ ЖҰҚТЫРУДЫҢ МЕХАНИЗМІ аэрогенді
ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ПОТАГЕНДІК ФАКТОРЫ: ЭКЗОТОКСИНДЕР ( «тышқандық» токсин, гемолизин) КАПСУЛА АГРЕСИВТІ ФЕРМЕНТТЕР (гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза) БАКТЕРИОЦИНДЕР (пестицины) W, V антигендері с антифагоцитарлық активтілігімен
ПАТОГЕНЕЗІ: Кіріс қақпасына байланысты. – Егер жұғу ЗАҚЫМДАЛМАҒАН ТЕРІ ЖӘНЕ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТ АРҚЫЛЫ БОЛСА (бубонды форма), АУАЛЫ ТАМШЫЛЫ (өкпелік форма), егер қанды капиллярдан шақса, онда біріншілік септицемия дамиды. Бубонды форма екіншілік өкпелік түрге не екіншілік септицемияға айналып кетуі мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 2 6 күнге дейін, дағдыланғандарында – 10 күнге дейін. Енген бактериялар фагоциттермен жұтылыды, бірақ фагоцитоз аяқталмаған сипатқа ие (лимфа түйінінен бубонды формаға апаратын, ауыр геморрагиялық қабыну туғызады) және қоздырғыштың әрі қарай дамуына септігің тигізеді. Оба таяқшасы бір уақытта, көптеген лимфадениттерді қоздыра, лимфогенді таралады. Содан соң қоздырғыш қанға түседі және әрбір тіндер мен мүшелерге өтеді (септико пиемикалық ошақтар).
Т. О. Аурудың дамуы 3 деңгейден тұрады: Лимфогенді тасымал ену орнынан, лимфатикалық кедергіге (барьер) дейін Бактериялардың лимфа түйінінен, қанға өтуі (бактериемия) Микробтардың барьерлік жасуша жүйесіне дейін таралуы (жалпы септицемия) Ауру жедел басталады: Температура 39 С дейін көтеріледі және жоғары, қалтырау, интоксикацияның көрінісі (жедел бас ауыру, өте шаршағандық, бұлшық ет ауыруы, сананың түнеруі), ауру қозған. Диссеминирленген формасындағы летальдылық 100% дейін, локализацияланған кезінде 70%, а/б терапияда 10%.
ОБА ПАТОГЕНЕЗІ Лимфатикалы қ кедергіден өте алады Микробтың кіру қақпасы Фагоцитоз (аяқталған және аяқталмаған) Лимфогенді Лимфа түйіні (біріншілік бубон) микробтардың екпінді дамуы Лимфа түйіндері мен іргелес тіндерде, геморрагиялық шіріктік қабынулар Ағзада лимфогенді және гематогенді таралады Екіншілік бубон Қан
ҚАННАН ӘР ТҮРЛІ ТІНДЕР МЕН МҮШЕЛЕРГЕ ӨТЕ АЛАДЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ КӨПТЕГЕН ОШАҚТАРЫ ПРОЦЕСТІҢ ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ КЕМІРУШІЛЕРДЕН АДАМҒА БЕРІЛУІ СХЕМАСЫ
Инкубациондық кезең клиникалық формасына қарамастан, орташа 3 6 тәу. Септикалық және біріншілік өкпелік оба кезінде, инкубация 1 2 тәу қысқарады және алдын ала вакцинацияланған адамдарда, созылуы мүмкін.
ОБАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ (ОБАНЫҢ ЕНУ ТӘСІЛІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ): Жергілікті формасы: терілік бубондық Жалпы формасы: біріншілік және екіншілік Сырттай - диссеминирленген формасы: біріншілік және екіншілік өкпелік; екіншілік ішектік Обаға тән клиникалық белгілері, бубон инфекциясының кіріс қақпасында туындайтын ( лимфа түйіндері , орман жаңғағының көлеміндей улкейтілген, тауық жұмыртқасы). Обаның барлық формасына тән кенеттен ауыру, қалтырау және емделусіз түспей, көтеріңкі болып тұратын, температураның 39 40 С дейін көтерілуі.
БУБОН ОБАСЫ КЕЗІНДЕГІ ШАПТЫҚ БУБОН
БУБОН ОБАСЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ
Бубон обасының әр түрлілігі аурулар, Орта ғасырда Европаның үштен бір бөлігін, жер бетінен жойып жіберген түрі, 59 жасар америкалық азаматты зақымдады. Пол Гейлрод жұқпаны, қақалып, дем ала алмай жатқан, Чарли есімді, мысығының аузынан тышқанды алмақшы болғанда жұқтырған. Суретте көрсетілгендей, оба еркектің аяқ қол саусақтарын жойған.
Обаға қарсы костюмдер
ПРОФИЛАКТИКА: Эпид. көрсеткіш ИММУНИТЕТ: бойынша спецификалық (тірі вакцина штаммен EV тұрақты, ауыр, өмірлік иммунитет 1 жыл; (қайта ауыру жағдайы химиялық оба вакцинасы) тіркелген) Обаның жедел спецификалық профилактикасы және терапиясы (обаға қарсы иммуноглобулин) Оба химиотерапиясы (стрептомицин и т. б) Табиғи ошақтарда (дератизация, дезинсекция)
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА: ДИАГНОСТИКА НЕГІЗГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР: ЭКСПРЕСС (ИФР, ИФТ, ЖГАР, ПТР (оба микробынан p. Pst, p. Cas, p. Fa плазмидтерін табу) БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ (бағдарлық). Псевдотуберкулез қоздырғышынан дифференциалдау ( морфологиясы ұқсас). БИОСЫНАМА ( ақ тышқандарға, теңіз шошқасына, қояндарға)
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ: жара бөліндісі және пунктат, терілік формада пустулаттан алынатын; бубон құрамы бубондық формада; қақырық, жұтқыншақтан сілекей және миндалин жағындысы өкпелік формада; нәжіс ішектік формасында; қан барлық формада; жеке мүшелердің және жүйелердің зақымдалуында зәрді зерттейді (құрамында қан болса) және ми жұлын сұйықтығы (менингеальды көріністерде); өлікті сою кезінде (аутопсия), бубон бөліндісін және терінің зақымдалған жерлерін, лимфатикалық түйіндерді, өлік мүшелерінің бөліндісін, жүрек бөлігінен қан, жілік майы (шіру кезінде); қан сорушы буын аяқтыларды зерттеу кезінде (бүргелер және т. б) – олардың ішек құрамы; лимфа түйіндері, синантроптылардың мүшелері және қаны (егеуқұйрықтар, тышқандар) және басқа да өлген (және ауру) кемірушілер.
МАТЕРИАЛДЫ ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ Материал Жинау әдістері Жара бөліндісі Бубон пунктаты Стерильді шприцпен алады Зақымдалған аймақ және оның айналасындағы тіндерді 70 % этил спиртімен өңдейді. Инені жара, пустулат не бубонның шетіне мұқият кіргізеді, бубонның орталық бөлігіне жеткенше, ақырын кіргізе береді, содан, оттянув до отказа поршенді соңына дейін тартып, ақырындап инені суырады. Бу боннан инені алғансоң, онымен пробиркадан шприцпен 0, 5 мл сте рильді сорпаны алады Қақырық Нәжіс Зәр Қан Стерильді әйнек банкаға жинайды Буын аяқтылар (бүргелер, биттер және кенелер) Кемірушілер Металды панелдерге орналастырылған, мақта дәкелі тығынмен жабылған пробиркаларда (маңызды камералар) жеткізіледі. Кемірушілер өлексесін, бөзді қаптарға орналастырады. Оларды клеенкалы қаптарға, одан кейін арнайы металды бикстерге не контейнерлерге орналастырады. Стерильді шприцпен 10 мл алады, оның 5 мл ін, науқас төсегінен алынған 50 мл сорпалы флаконға және Петри табақшасындағы арнайы қоректік ортаға себеді. Барлығын, арнайы лицензиясы бар, арнаулы лабораторияға жеткізеді.
ЗЕРТТЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ. Жеткізілген материалдан (жара бөліндісі, бубон пунктаты, қақырық, нәжіс, қан және т. б. ) жағынды жасайды, оларды ауада кептіреді, фиксируют в смеси Никифоров қоспасында 20 30 мин фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды. Нативті материалда 1 оба микробының фракциясын анықтау үшін, иммуноглобулинді ГАТР реакциясын қояды, және антиденені антигенді диагностикуммен бейтараптау немесе обаның люминесцентті сарысумен бояйды. Ал, кеш мезгілде антигенді ЖГАР және науқас қанынан обаның FI антигеніне антидене табу үшін, антигенді иммуноглобулинді диагно стикуммен бейтараптау реакциясын қояды.
Себінді. Материалды өсу қасиетіне сай тексерілген, тығыз және сұйық қоректік орталарға себеді : агар және Хоттингер сорпасы немесе Мартен ортасы, өсу стимуляторлары қосылған: қан , натрий сульфиті және т. б. Себу дозасы жеткіліксіз болғанда, стимуляция қажет. Материал (қақырық, жұтқыншақ сілекейі, бубон қүрамы, жара, адам өлескесінің мүшелері), өзге микрофлорасы бар, сәйкес тест штамдарына баулатқыш қасиетінің арнайы бақыланған нәтижесіне қарай концентрациясы 1: 200 1: 800 мыңды құрайтын, генциан фиолет құрамына кіретін, Туманский ортасына себеді. Себіндіні, термостатта 28 ос температурада инкубациялайды, ал оба микробының 1 фракциясын табу үшін 37 Ос. Зерттеудің 1 ші күні, фагпен сынама қойылуы мүмкін жедел әдіс. Зерттелетін материалды 3 табақшаға, Туманский ортасына себеді: Бір табақшаға, зерттелетін материалдың бір тамшысын және бір тамшы оба фагын тамызып, шпателмен араластырады; Екінші табақшаға, материалды себеді , одан кейін табақша шетіне бір тамшы фаг тамызып, оны «жол» секілді ағызады; Үшінші табақшаға (бақылаушы), тек оның себіндісін жасайды. материалды енгізеді және
БИОСЫНАМА Ақ тышқандар мен теңіз шошқаларына қойылады. Жүргізу әдісі, зерттелетін материалдың сипатына байланысты қойылады. Қақырықты, жұтқыншақ сілекейін, ашық абсцесс іріңін, терінің ішкі қабырғасына жағу арқылы енгізеді (алдын ала теріні эпиляциялайды, теріні натрий хлоридінің стерилді, изотонды ерітіндісімен өңдейді және скарификациялайды). Арнайы құйғышпен не Петри табақшасының стерильді қақпағымен, жабар алдында, скарификацияланған аймаққа, зерттелетін материалды, скальпелдің жазық бетімен жағады. Таза материалды (қан, жабылған бубон құрамы және т. б. ) жануарларға, тері асты не құрсақ іші енгізеді. Енгізу әдісіне қарай, жануар 3 9 күннен кейін өледі. Жедел диагностика үшін, жануарларды кезеңмен сояды. 1 ші тәулікте (гидрокортизонмен өңделген, бір ақ тышқан), 3 ші тәулікте ( гидрокортизонмен өңделген, теңіз шошқасын), қалғандары 6 шы тәулікте.
ЗЕРТТЕУДІҢ ЕКІНШІ КҮНІ (18 -24 САҒ КЕЙІН). Тығыз және сұйық қоректік ортада өсуін зерттеу. Сорпалы дақылдан, қалыпты өсуінде жағынды жасап, Грам бойынша және метил көгімен бояп, микроскопиялайды. Тығыз қоректік ортадан, таза дақылын алып, идентификациялау үшін, қалыпты колониясын алады. Оба қоздырғышына күмәнді, 2 3 колонияға обалық бактериофаг жағады. После инкубации в термостате через 10 12 сағ термостатта инкубациялаған соң, обалық бактериофаг қосылған сынамаға анализ жасайды. Обалық бактериофаг қосылған, лизис колониялар, диагностикалық мағынаға ие. Оба бактериофагы қосылған сынамаға, жедел анализ жасайды. Зерттелетін материалда, оба қоздырғышының бар жоғын белгілеу: 1 ші табақшада стерильді дақ, 2 ші табақшада – фаг қосылған жерде, стерильді «жол» , 3 ші табақшада оба микробының қалыпты колониясы.
ЗЕРТТЕУДІҢ ҮШІНШІ КҮНІ (36 48 САҒ КЕЙІН). Белгіленген дақыл, идентификацияланады: келесі белгілердің негізінде: микроб морфологиясының сипаты (нативті материа л мен таза дақыл микропрепараттары), агардағы колониялар және Хотrингер сорпасында өсуі; оба бактериофагына сезімталдық ; люминесцентті микроскопиялауда, таза дақылдың спецификалық жарқылы; ЖГАР және БРАт та анықталған, спецификалық АГ ның FІ фракциясы; ферменттік активтілігі глицеринді, зәрді, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т. б ыдыратуы. Идентификациямен қатар, кезекті жұқтыру немесе диск әдісі арқылы антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
ЗЕРТТЕУДІҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ (60 72 САҒ КЕЙІН). Идентификация нәтижесін, келесі тесттер арқылы есептейді: Оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығына; ИФР, ЖГАР немесе БРАт әдістері арқылы, фракция 1 ді анықтауға; Ферменттік активтілігін анықтауға; Оба бактериофагымен сынама – оба микробының лизис колониясына; Псевдотуберкулез бактериясынан – оба бактериясын дифференциациялауға; Зерттеудің алғашқы күнінде жұқтырылған, жануар биосынамаларын бақылауға;
Арнайы элективті ортаға себу. Келесі зерттеулерді, жоғарыда көрсетілген әдістермен жасайды. ОБА ТАЯҚШАСЫНЫҢ, ПСЕВДОТУБЕРКУЛЕЗ ТАЯҚШАСЫНАН НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІГІ: 1) спецификалық Аг бар жоғы 2) қозғалыссыз (псевдотуберкулез таяқшасы қозғалмалы) 3) обалық фагқа сезімталдығы 4) рамнозаны ферменттемеуі
ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ МЕН ПСЕВДОТУБЕРКУЛЕЗ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯСЫ Белгі Оба Псевдотуберкулез 20 22 ос та жартылай сұйық ортада қозғалмалылығы Қозғалыссыз Қозғалмалы Лизирленеді Лизирленбейді Обалық фагқа қатынасы Псевдотуберкулездік фагқа қатынасы Зәр түзілу Спецификалық капсулалық антиген (FI) синтездеу Пестицин фибринолизин плазмо коагулазалық активтілік бар жоғы Оба микробының ДНК детекциясына тест жүйелік ПТР қою Түзбейді Иә Лизирленеді Түзбейді Жоқ
Оба қоздырғышы секілді, иерсинияның да қос түрінің патогендік қасиеті, хромосомалық қана емес, плазмидалық генмен де анықталады. Оларда, У. pestis плазмидасына ұқсас, V—W антигендер синтезін және У. pestis пен басқа да, вирулентті факторлардың, сыртқы ақуыздарын (Yop) кодтайтын плазмидалар анықталған. Олар У. pestis пен ортақ кластер гендерге ие, темірді тасымалдау қасиетіне байланысты. У. pseudotuberculosis, құрсақ ішілік жұғуда, теңіз шошқаларының жаппай жойылуын туғызатын термостабильді токсин синтездейтіндігі тіркелген. Псевдотуберкулез патогенезінде маңызды рөл ойнайтын, қоздырғыштың ішектің шырышты қабатында адгезияға және колонизациялануға қасиеті бар.
БЕЙНЕНІ ҚОСЫҢЫЗ!!!
THANK YOU FOR THE WORK LABOR!!!
ПЗ СРСП СРС Зоонозы каз .pptx