• Жыныс — организмнің еркек не ұрғашы дарабасқа (особьқа) жататындығын білдіретін белгілер жиынтығы. Жыныс белгілері бойынша ажырату тек жыныстық жолмен көбейетіндерге ғана тән. Жтық айырмашылықтар жануарларға, өсімдіктерге және микроорганизмдерге де тән, олар болар-болмас не айқын да білінуі мүмкін. Еркек пен ұрғашы Ж-ы арасындағы негізгі айырмашылық – еркек пен ұрғашы дарабастары әр түрлі жыныс жасушаларын – гаметаларды түзетіндігінде (қ. Жыныссыз көбею. Жыныстық көбею). Адамдар мен жануарларда гаметалар арнайы жыныс органдарында – жыныс бездерінде (гонадаларда) түзіледі. Еркек дарабастарда бұл – ен (аталық без), ол аталық жыныс жасушаларын (енуыз) түзеді, ал ұрғашыларында – аналық без, бұлар аналық жасушасын түзеді. Әдетте, аналық жасуша қозғалыссыз болады (аталық жасушадай қозғалғыш емес) және аталық жасушадан көлемдірек келеді, өйткені онда ұрықтың бастапқы даму сатысына қажетті қоректік заттар қоры болады. Әр жынысқа тән және жыныстық зат түзетін бездерді жыныс бездері деп атайды. Бұлар ішкі және сыртқы секреция бөледі. .
• Организмнің алғашқы және соңғы жыныс белгілерінің қалыптасуына, жыныстық әрекеттердің орындалуына әсер ететін және зат алмасу процесіне қатысатын жыныс бездерінен бөлінетін биол. активті заттар жыныс гормондары деп аталады. Жыныс гормондары хим. құрамы жағынан – стероидтар және полипептидтер деп бөлінеді. Стероидты жыныстық гормондар ерлерде – андроген, әйелдерде – эстроген және гестаген деп аталады. Полипептидті жыныстық гормондарға релаксин, сондай-ақ, ингибитор (аталық безден бөлінетін гормонды секретті зат) жатады. Жыныстық көбеюді реттейтін гормондық заттар омыртқасыздар мен кейбір өсімдіктерде де болады. Жыныс гормондарын медицинада пайдаланады. Организмдердің жынысты жолмен көбейетін мүшелері жыныс органы деп аталады. Бұған Жыныс бездері – гонадалар (ен, аналық без), жыныс өзектері (шәуҺет түтіктері мен жұмыртқа жолы), копулятивтік органдар жатады. Гонадаларда Жыныс жасушалары – гаметалар жетіледі.
• Аналық жыныс бездері жұп болады. Ұрғашыларында зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Аталықтарында вольфов каналы зәр және жыныс жолы қызметін атқарады. Ұрықтануы сырттай жүреді. Аталықтарында зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана вольфов каналы атқарады
• Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жүмыртқажасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мүхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады.
• Әдетте, аналық жасуша қозғалыссыз болады (аталық жасушадай қозғалғыш емес) және аталық жасушадан көлемдірек келеді, өйткені онда ұрықтың бастапқы даму сатысына қажетті қоректік заттар қоры болады. Әр жынысқа тән және жыныстық зат түзетін бездерді жыныс бездері деп атайды. Бұлар ішкі және сыртқы секреция бөледі. Аталық Жыныс безінің сыртқы секрециясына аталық Жыныс жасушасы – сперматозоид жатады. Бұл адамда 15 жас шамасында түзіле бастап, 55 – 60 жаста тоқталады. Аналық Жыныс безінің сыртқы секрециясына аналық Жыныс жасушасы жатады. Бұл 12 – 15 жастан бастап, 45 – 50 жасқа дейін түзіледі. Организмнің алғашқы және соңғы жыныс белгілерінің қалыптасуына, жыныстық әрекеттердің орындалуына әсер ететін және зат алмасу процесіне қатысатын жыныс бездерінен бөлінетін биол. активті заттар жыныс гормондары деп аталады. Жыныс гормондары хим. құрамы жағынан – стероидтар және полипептидтер деп бөлінеді. Стероидты жыныстық гормондар ерлерде – андроген, әйелдерде – эстроген және гестаген деп аталады. Полипептидті жыныстық гормондарға релаксин, сондай-ақ, ингибитор (аталық безден бөлінетін гормонды секретті зат) жатады. Жыныстық көбеюді реттейтін гормондық заттар омыртқасыздар мен кейбір өсімдіктерде де болады. Жыныс гормондарын медицинада пайдаланады. Организмдердің жынысты жолмен көбейетін мүшелері жыныс органы деп аталады. Бұған Жыныс бездері – гонадалар (ен, аналық без), жыныс өзектері (шәуҺет түтіктері мен жұмыртқа жолы), копулятивтік органдар жатады. Гонадаларда Жыныс жасушалары – гаметалар жетіледі. Губкалар мен кейбір кірпікшелі құрттарда әдейі оқшауланған гонадалар болмайды, сондықтан Жыныс жасушалары дененің ажыраған жерінен, немесе ауыз қуысы арқылы шығады. Буылтық құрттарда, онихофораларда, моллюскілерде, т. б. омыртқасыздарда гонадалар целом қуысының қабырғасында дамиды. Организмде гермафродиттік және ішкі ұрықтану (жалпақ құрттар, кейбір моллюскілер) белгілерінің пайда болуы, сондай-ақ, өрмекшітәрізділер, жәндіктер, омыртқалылардың тіршілік ортасының құрлыққа ауысуы олардың Жыныс жүйесінің күрделенуіне алып келді. Мыс. , балықтардың Жыныс мүшесі екі жыныс безінен, түтікшелерден тұрады. Қосмекенділердің Жыныс мүшесі – қос мүше, жыныстық заты шәуҺет түтіктерімен келіп клоакадан шығады. Арнайы копулятивтік органы болмайды. Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда да шәуҺет түтігі клоакаға ашылады. Қалталы жануарларда жұмыртқа жолының орт. бөлігі – жатыр, ал артқы ұштары бірігіп, қынап құрады.
• Жыныстық қабілеті жетілген аналық организмде көбеюге байланысты қайталанып отыратын морфофизиологиялық процестер жыныстық цикл (қ. Етеккір) деп аталады. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда жыныстық цикл фолликул сатысынан (жұмыртқа жетіледі, олар сыртқы ортаға шығарылады) тұрады, ал құстарда: фолликул, ұя басу, балапандарын қоректендіру сатыларынан, сүтқоректілерде: фолликул, жетілген жұмыртқаның жатырға түсуі, жүктіліктің басталуы, сүт түзілу сатыларынан тұрады. Организм жынысын айқындайтын қосарланған хромосомалар – жыныс хромосомалары. Екі бірдей х хромосома жұбынан тұратын организмдер – гомогаметалы, ал х және у хромосомалы организмдер – гетерогаметалы деп аталады. Ұрпақтың қандай жынысты болуы жыныстық хромосомаға байланысты. Егер аналық жасуша х жыныс хромосомасы бар аталық сперматозоидпен ұрықтанса, онда зиготада екі х хромосома пайда болады да, одан қыз бала, ал аналық жасуша у хромосомалы сперматозоидпен ұрықтанса, ер бала жетіледі;
• • • Жыныс жүйесі. Соргыштар көбінесе гермафродитті. Жыныс жүйесі күрделі жөне қүрылысы әртүрлі. Аналық жыныс аппараты дара жүмыртқа безінен, одан шығатын жүмыртқа жолынан қүралады да, кішкене қапшық оотипке барып жалғасады. Оотип бауыр сорғышы мен басқа кейбір сорғыштарда болмайды. Оотипке- сары уыз бездерінің жолдары ашылады. Трематодтардың сары уыз бездері өте жақсы дамып, дененің екі жағында көптеген көпіршіктер немесе фолликулдар ретінде орналасқан. Көпіршіктерден шығатын өзекшелері бір- бірімен қосылып екі сары уыз шығарғыш жолдар жа-сайды да денеге көлденең орналасады. Оотиптің артқы жағында бүл жолдар бірігіп, оотипке немесе Мелис дене-шігіне келеді. Мелис денешігі - көптеген үсақ бірклеткалы бездермен қоршалған жүмыртқа жолының бір бөлігі. Оотиптен түіікше төрізді өте күшті иірімделген жатыр басталады. Қүрсақ сорғышының алдывда жатыр жіңішкеріп аналық жыныс тесігі арқылы қапшық төрізді жабынның. қуысына, яғни жыныс клоакасына ашылады. Сол сияқты, оотиптен дене-нің арқа жағы-на тесігі сырт-қа ашылатын тағы бір өзек кетеді. Бұл лаурер өзегі, ол арқылы артық мөлшердегі сары уыз клеткалары сыртқа шығарылады. Сорғыштардың аталық жыныс мүшелері доңгелек Ііішшді жүп аталық бездерінен түрады, бауыр сорғышының бүл бездері ағаш төрізді тармақталған өзектер. Аталық бездерден екі түқым жолдары шығып, бір түқым қабына бірігеді де кеңейіп түқым көпіріпігін жасап тар түқым Іпығарғыш өзекке айналады. Ол етті шағылысу мүшесі -циррусқа келеді. Циррус сыртқа айналдырылып шыға алады.
• • Көбеюі мен дамуы. Жануарлар шағылысқан кезде циррус аналық жыныс тесігі арқылы жатырға енгізіледі. Спермасы оотипке қүйылғаннан кейін, оған келіп түскен жүмыртқа клеткаларын үрықтандырады. Үрықтанған жүмыртқа оотипке түскен сары уыз клеткаларымен қоршалып, қабықпен қапталады. Осы күйдегі жүмыртқа-лар жатырға түскен соң Мелис денеішгінің шығаратын сүйықтығының көмегімен алға қарай жылжып аналық жыныс тесігіне келеді. Кейбір сорғыптгардың жүмыртқа клеткасы жатырда бөлініп алдымен үрық, содан кейін дернөсіл пайда болады. Бауыр сорғышының жүмырт-қаларының бөлінуі тек қана сыртқы ортада жүреді. Трематодтардың тіршілік циклы иесін ауыстырып жөне үрпақтарын алмастырып отырады. Олардың тірпгілік циклының өр кезендері өртүрлі иелерде жүреді. Сорғыш-тардың гермафродитті үрпағының жынысты көбеюі негізгі иесі паразитті тірпгілік ететін омыртқалы жануарларда өтеді, ал басқа үрпақтары мен кезеңцері дамитын пара-зиттік жануарларын аралық ие деп атайды. Аралық иелері екеу болуы мүмкін. Бірінші аралық иесі өрқашавда былқылдақденелілер, екіншісі - өртүрлі жануарлар, бірақ міндетгі түрде негізгі иесі қоректенетін жануарлар болу керек, себебі негізгі иесі тамақпен бірге трематодтарды жүқтырып алады. Бауыр сорғышы кіші және ірі қара малдың, басқа да жануарлардың және адамның бауырында паразитгік тіршілік етеді. Бауыр сорғышының жүмыртқалары әрі қарай даму үшін суға түсу керек.
• • • Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жа-қын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады. Ланцетниктің көбеюі және дамуы. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады. Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді. Жұмыртқанын. бөлі-не бастаған мезгілшен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және ал-ғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.
• • • Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сондықган да, онын, бөлінуі толық және біркелкі түрде жүреді. Әйткенмен, бластула пайда болғанда жұмыртқаның төменгі вегетативті бөлімінің клеткалары, оған сәйкес анимальды (құр-сақ) бөлімінің клеткаларынан едәуір ірі келеді. Бластуланың төменгі бөлімінің ішіне қарай ояздануынан гаструла пайда болады. Сондықтан да гаструланың ішкі қабатындағы клеткалары ірі болады. Гаструла ұзаруына сәйкес гастропор біртіндеп тарылады. Осы мезгілде ұрықтың үстіңгі бетінде медуляр тақтасы пайда болып, оның жиектері жиырылып, ұштасуынан түтік түзіледі. Осылайша түзілген нерв түтігі алдыңғы ұшымен невропор арқылы, уақытша сыртқы ортамен қатысады да арткы ұшы гаструла қуысымен, яғни алғашқы ішекпен жалғасады. Ұрық бұдан әрі дамығанда, нервтік ішек қуысы мулдем жойылып, невропордың орнында иіс оязы қалады. Осы мезгілде энтодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде оның тұрқына сәйкес созылып жатқан өсінді пайда болады. Келешекте бұл өсіндіден жіп тәрізді тығыз хорда пайда болады. Дәл осы кезде, хорда нұсқасының екі бүйірінен екі қатар бо-лып симметриялы орналасқан ішек қатпарлары пайда болады. Олар өсе келе жіп тәрізденіп, одан бір пар мезодерманың ал -ғашқы нұсқасы — метамерлі орналасқан целом қапшықтары пайда болады. Ұрықтың келешек даму кезінде әрбір целом қапшығы екі бөлімге үстіңгісі — сомит, астыңғысы — бүйір тақтасына бөлінеді. Сомит қуыстары өз ара қосылмай, біртіндеп жойылып кетеді де, керісінше бүйір тақталарының қуыстары өз ара қосылып екінші дене қуысын, немесе целомды құрайды.
• • • Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің ішкі төменгі бөлімін— склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қа, баты — кутис пайда болады. Бүйір тақтасынан шарбы, шажырқай (бұлардан ұзын канал тәрізді қан тамырлары пайда болады), ішек еттері, көлденең жолақты бұлшық еттер дамиды. Нефридиалық түтіктер саусақ тәрізді өсінділер түрінде дененің екінші куысының қабырғала-рынан пайда болады. Сомит және бүйір тақтасы екіге бөлінген жердің аралығынан гонадылары дамиды, мұны гонотом деп атайды. Ауыз гастропорға қарама-қарсы жатқан алғашқы ішектің ұшының ілгері шығуымен эктодерманың оған қарсы түрілген жерінен пайда болады. Осылардың түйіскен жерінің жарылуы-нан ауыз тесігі пайда болады. Ұрықтың астыңғы сол жақ бетін-де ассиметриялы түрде ауыз тесігі және желбезек саңылаулары дамиды.