Жылулы шок трансдукция.pptx
- Количество слайдов: 11
Жылулық шогы белоктары Орындаған: Максутова Айдана Каримова Ляззат Тексерген: Рысбекова А.
• Жоғары температуралық стресс немесе жылулық шогы сусызданудың негізгі типтерінің бірі ретінде, 1962 жылдан бастап зерттеліп келеді. Италяндық биолог Ф. Ритоса жылулық шок кезіндегі дрозофиланың полигенді хромосомаларындағы пуфтардың белсенділігінің өзгеретіндігін алғаш рет анықтады.
• Өсімдік және басқа көптеген эукариоттар клеткаларындағы жылулық шогы икемді реттеледі және төрт режимнің біреуі бойынша іске асады: Ø Жайлы немесе жайсыз, Ø Баяу немесе тез.
• Өсімдіктердегі жылулық шоктың жайлы режимі температура 42 Сᵒ-ға жеткен кезде іске қосылады. Бұл кезде қалыпты жағдайларда синтезделетін көптеген белоктардың денатурациясы, сонымен қатар жылулық шогының арнайы белоктары (ЖШБ немесе HSP, heat shock protein) синтезінің стимулденуі жүреді. ЖШБтардың шоғырлануы термотұрақтылықтың индукциясын және клетканың апоптоздан, БКӨ-нен аман қалуын қамтамасыз етеді.
• Жылулық шогының жайсыз режимі температураның 45ᵒС-ға дейін көтерілуі кезінде байқалады. 43 -44ᵒС температура. ЖШБ биосинтезінің кідірісіне немесе толық тоқтауына, ал температураның 46 ᵒС-ға дейін өсуі өсімдік клеткаларының некрозына алып келеді.
Жануарлар клеткаларында жылулық шогы митохондрияның С цитохромы мен сфинголипидтердің туындылары-керамидтердің қатысуымен БКӨ сигналдық механизмдерін стимулдейді. Керамидтер, өз кезегінде, арнайы протеинкиназалардың белсенділігін стимулдейді. Осымен бір мезгілде митохондрияда С цитохромы синтезделеді және ол цитоплазаға шығады.
Жылулық шогының фотосинтезге әсері Жылулық шок жағдайында D 1 және D 2 белоктары, олармен бірге хлорофилл-байланыстырушы CP 43 белогы дефосфорланады. Жылулық шок ІІ фотожүйені ырықтандырады немесе осы фотожүйе белоктарының протеолизін күшейтеді.
Жылулық шогының цитоплазмалық мембраналарға әсері 1 Температура артқан сайын ЖШБ синтезделеді де, цитоплазмалық мембранамен тікелей байланысады. Осылай ЖШБ клеткалық мембраналардың биопротекторлық рөлін атқарады. 2 Температураның жоғарылауы ашытқы және жануарлар клеткаларында керамид-синтазаның индукциясын туғызады, бұл ферменттер сфинголипидтер мен олардың туындыларының, керамидтердің биосинтезін катализдейді.
Жылулық шогының биосинтезіне әсері белок Жылулық шогының жылдам режимінде трансляция инициациясының белоктық фокторларының модификациясы жүреді, инициация мен полирибосоманың дезинтеграциясы кезеңдері тоқтап қалады. Баяу режим жағдайында, температуралық шок деңгейіне жеткеннен 30 -60 минуттан кейін рибосоманың кіші суббөлігінің S 6 белогы дефосфорланады. Осы кезде иек ЖШБ қосыла алатын м. РНҚ бар полисомалар ғана сақталып қалады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен басқа да эукариоттарда транскрипцияның термотәуелді HSF (heat shock factor) реттегіш белоктары болатындығы анықталды. Арабидопсис клеткаларында – 21 HSF-белогы, ал томатта оның төртеуі идентификацияланды. HFSдің молекулалық массасы 28, 3 -55, 7 к. Да аралығында болады, ал бұл транскрипциялық реттегіш-белоктарының молекуласы 244 -295 АҚқалдықтарынан құралған.
Жылулы шок трансдукция.pptx