Айдана Кино.pptx
- Количество слайдов: 13
Жыл: 2012 Ел: АҚШ Режиссер: Энди Фикмен Жанры: отбасылық фильм АТА-АНАЛЫҚ РЕТСІЗДІК
Әкесі-Арти. Сүйікті жар, жақсы әке. Өз жұмысына адал. Футбол ойынының кореспонденті болып жұмыс атқарады. Анасы-Диана. Барінен де жұбайын бірінші орынға қойып, қас қабағынан оның айтар сөзін білетін адал жар, қамқор ана. Өзі-Элис. Мінсіз жар мен ана болғысы келетін әйел, барлығына бір жақты көз қараспен қарайды. Күйеуі-Джек. Қызы-Сали Үлкен ұлы-Бен Кенже ұлы-Кевин
Бұл кино шағын, тәрбиесінде өзіндік ерекшелігі бар отбасы туралы фильм. Фильмде үш баланың анасы Элис жұбайымен балаларын тәртіпті, XXI ғасырға сай технологиялардың көмегімен тәрбиелеп өсіргісі келеді. Яғни көп нәрсеге шектеу қойып, тәтті жеуіне, қызына еркін киінуіне және т. б. жағдайларда рұқсат етпейді. Балаларына арнап барлық техниканы пайдаланып, әр бір іс-әрекетін бақылап, әр-бір сұраққа жауап бере алатындай етіп үлкен үй салады. Дегенмен де балалары біреуі тұйық, үлкен ұлы тілге шорқақтау, кенже ұлы өзінің қиялындағы кейіппен өмір сүреді.
Джек Элиске жұмысынан жақсы хабар келіп, басқа қалаға іс-сапарға жіберіп жатқандығын, және сол сапарға бірге барып демалып қайтуға ұсыныс жасайды. Элисте бұл хабарды қуана қабылдағанымен балаларына кім баскөз болады деп бастартады. Жұбайымен бірге болғысы келген Джек қайын атасы мен қайын апасының бар екенін айтады. Элистин әкесі табиғатынан қөп сөйлейтін, қалжындағанды ұнататын адам. Дегенмен де осы мінезінің кесірінен үнемі халықтың наразылығына ұшырап, өзгелермен конфликтіге түсіп отырады. Тек қалжындап, өз ойын ашық айтқанымен де өзгелерді сыйлап, оларға зиянын тигізгісі келмейтін.
Элистің анасы Диана жауапкершілігі мол адам. Күйеуінің кемшілігіне көз жұма қарап, немесе кемшілігін күйеуінің өзіне айтса да, кандай жағдай болмасын күйеуінің сөзін жақтап, онымен үнемі бірге болады.
Элис пен Джек балаларын ата-аналарына тастап кетуге мәжбүр болады. Алғашында екеуі де ата-анасына сенімсіздік танытады. Ол сенімсіздік әкесінің ісәрекетінен кейін одан да қатты өрши береді. Оған себеп әкесінің немерелеріне рұқсат етілмеген нәрсеге мән беріп қарамауы, оларға тәтті торттар беріп, қорқынышты кинолар көрсетіп, өзара келісімді ақшамен шешуге үйретеді. Қатал күн тәртіп, сонымен қоса үздіксіз мектеп сабақтары балалар үшін бұл ең қажетті нәрсе емес деп түсінеді.
АРТИ МЕН ДИАНАНЫҢ АЛҒАШ КЕЛУІ ЖӘНЕ КЕВИННІҢ ҚИЯЛЫНДАҒЫ ІСӘРЕКЕТТЕР
Арти не жасасада жүрек қалауымен, әрине жаман нәрсеге жол бермей жасайтын. Немерелерінің солай өмір сүргенін қалады. 2 -3 күнге немерелеріне бас -көз болуға келсе де, немерелерімен жақсы қарым қатынаста болғысы келді, олардың оны жақсы көргенін қалады. Сонымен қатар сүйікті қызының сенімін ақтағысы келді.
2 -3 күн ғана демалып келген Джон мен Элис әке шешесіне кейбір іс-әрекеттеріне ренжігенімен, ешқашан олармен дөрекі сөйлеспейтін. Уақыт өте келе әкесі мен анасының жақсылығын ұғынып, оларға деген сенімсіздігі сейіліп, махаббаты нығайғандай болады. Себебі Арти мен Диана арқылы бүкіл уақытын скрипка ойнауға арнайтын Сали жан қалауы бойынша скрипка ойнау емес, тек ол анасының бағдары екендігін түсінді. Ал бұл Сали үшін өте маңызды еді.
Бен атасының ақылымен өзінің ішкі жан әлеміне назар салып, тілінің шорқақтығын жеңді. Еш нәрседен қорықпай, ойын еш кідірместен анық жеткізетін болды. Кевин киялындағы кейіпкерінің дегенін жасамай, қиялындағы кейіпкерге өз билігін жүргізетін болды.
келгенде мен бұл фильмде Джек пен Элистің, Арти мен Диананың бір-біріне деген жұбайлық қарым қатынасының ерекше силастықпен сипатталатынын атап айтқым келеді. Менің пікірімше Джон мен Элис балаларына мінсіз адам болғысы келіп, оларды материялдық тұрғыдан толық қамтамасыз етіп, адамгершілік тұрғыдан қамқорлық мен мейірімге бөледі. Дей тұрғанмен оларды балаларына толық немесе дұрыс жеткізе алмады. Сол үшін шындықты жасырып жатты. Қорыта
Ал Арти мен Диана бойында қаншама кемшіліктер бар болғанымен де, немерелерімен шынай қарымқатынас арқылы олармен тіл табысып, жақсы қарымқатынас жасай білді.
Айдана Кино.pptx