rus12345.ppt
- Количество слайдов: 14
Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑ 185 см, салмағы 60‑ 1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді. Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді.
Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем. Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.
Сауынды биенің азықтандыру нормасы әр 1 кг сүтіне 0, 33 азық өлшемі, 35 г қорытылатын протеин келетіндей етіп жоғарытылады. Жеңіл жұмыс атқаратын биенің азықтандыру нормасы 30% жоғары болуға, яғни оған қосымша 3 -4 өлшемі берілуге тиіс. Қысыр биенің 100 кг тірі салмағына 1, 4 -1, 5 азық өлшемі керек, ал буаздығының 3 -ші айынан бастап, норма 1, 6 -1, 7, буаздығының екінші жартысында 1, 8 -1, 9, құлынын емізіп жүрген кезде 2, 0 -2, 1; сауылатын буаз биеге 2, 12 -2, 15 азық өлшеміне дейін жеткізіледі. Әрбір азық өлшемінде 105 - 110 г қорытылатын протеин, 6 -8 г кальций, 4 -5 г фосфор мен 30 г каротин болуға тиіс.
Биеге шалғын пішені, астық- бұршақ тұқымдастар пішені (100 кг тірі салмағына — 2 -2, 5 кг), тазартылған тамыр- жемістілер 5 -10 кг), сапалы пішендеме, сұлы, кебек, күнжара мен шроттар беріледі. Пішенді турап, ал дәнінің бір бөлігін (0, 5 -1 кг) көктетіп, мыжып (сұлыны) берген жөн. Жазда оты шүйгін жайылымда бағып тәулігіне 30 -50 кг көк азық жегізеді.
Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені сапасыз, ластанған жемшөп биенің ас қорытуын бұзып, іш тастатуы мүмкін. Әсіресе бұзылып, көгеріп кеткен бұршақ тұқымдастар пішенінен сақтану керек. Буаз биені суық сумен суаруға болмайды.
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады. Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.
• Бал қымыз — бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз ; сырқат адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі. • Сірге жияр қымызы — күздігүні бие ағытарда бірнеше күн жиналған қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен. • Уыз қымыз — бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Май қымызы деп те аталады. • Сары қымыз — жаздың ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз. Кош-қоннан қымыз коп шайқалып, коп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыздың күші оз бойына сіңген сарғылт болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.
Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.
rus12345.ppt