
Public.i_zhurnalist.pptx
- Количество слайдов: 12
Журналистика және публицистика
Публицистика - латынның publіcus – қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бұдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы “қоғамдық” деген сөзге тікелей қатысты. Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: “Публицист”, писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву”. Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш анықтаманы Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде берді. А. Байтұрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен төркіндестіреді.
Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері- шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады” /А. Байтұрсынов/ Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді.
Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірибемен ұштастыра отырып баяндайды. Публицистика – заман тарихы, дәуір тынысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауышындық… Публицистика – адамдар арасындағы әлеуметтік қарым -қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саясиэкономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап – түсіндіріп береді” Т. Амандосов
“Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем проза, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы” Т. Ыдырысов
Публицистиканың өзіндік ерекшеліктері 1. Журналистиканың ең басты саласы 2. Шығармашылық түрі 3. Жанр ретінде 4. Өнер ретінде 5. Саяси қызметтің көрінісі түрі 6. Газет жанрларының жиынтық атауы 7. Проблема көтеру құралы 8. Әдебиеттің бір саласы 9. Қоғамдық пікірді қалыптастыру тетігі
. Кеңестік дәуірдегі публицистика бірнеше кезеңге бөлінед 1) Кеңес-қазақ публицистикасының алғашқы кезеңі (1917 -1929 ж. ж. ); 2) 30 -шы жылдардағы публицистика (1930 -1940 ж. ж. ); 3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика (1941 -1945 ж. ж. ); 4) Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарындағы публицистика (194 5) Қазақ публицистикасындағы жаңғыру кезеңі (1957 -1977 ж. ж. ); 6) Тоқырау кезеңі (1978 -1985 ж. ж. ); 7) Жариялылық кезеңі (1985 -1990 ж. ж. ). 8. Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасына орыс публицистикасының әсер, ықпалы зор б
1917 -1990 жылдар аралығын қамтитын бұл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік тұрғыдан байып, тақырыбы мен мазмұны кеңейді. Осы жылдардағы қазақ публицистикасының негізгі даму бағыттары: 1. қоғамдық-саяси бағыт 2. көркемдік бағыт 3. сыншылдық-сатиралық бағыт 4. поэтикалық-философиялық бағыт 5. ұлттық психологиялық-көркемдік бағыт 6. проблемалық-аналитикалық бағыт 7. зерттеушілік, тарихи-танымдық бағыт болды.
Қоғам дамуына байланысты публицистика сарыны да өзгереді. Тәуелсіздік дәуірінің публицистикасы- ұлттық тарих, мемлекеттік тіл, оралмандар мәселесі, нарықтық экономика, сыртқы байланыс, демография, ұлттық рух мәселелері Осы кезеңде тарихымыздан Ағыбай батыр, Олжабай батыр, Абылай хан, Кенесары, Шыңғысхан, Қазыбек Тауасарұлы, Бабыр, Көкжал Барақ, Досан батыр, Ықылас Дүкенұлы, Сырым Датұлы, Жанқожа батыр, Ескелді би, тағы басқа біртуар халық жадынан өшіп бара жатқан тұлғалар туралы тарихи-танымдық очерктер жарияланды
Осы жылдарда Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Қошмұхамед Кемеңгеров т. б алаш ардақтыларының ғасыр басындағы идеялық қуаты күшті, ойлы, ұлттық тәуелсіздікке бағышталған шығармалары баспасөз бетінде қайта көшіріліп басылды. Сөйтіп рух жаңғыртты. Бұл жаңа ұрпаққа ұлттық рух берді, ұлттық сана оянды. Публицистикада да ұлттық рух күшейді.
90 -шы жылдары публицистиканың хат жанры жоғары деңгейде дамыды. Президентке, үкімет басшысына, министрлерге жазылған зиялы қауымның әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің, қарапайым халық өкілдерінің ашық хаттарында қоғамдағы маңызды мәселелер қойылды. Ал көрнекті публицистер Камал Смайылов пен Шерхан Мұртазаның тәуелсіздік жолына түскен еліміздің бүгінгі және ертеңгі тағдырын әр алуан қырынан сөз еткен, күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерді оқырман алдына бар шындығымен шығара білген, өткірлігімен жұртшылықты елең еткізген, айтулы оқиғаға айналған хаттары жұртты дүр сілкіндірді. Қос қаламгердің бұл хаттары қазақ эпистолярлық публицистикасының дамуындағы жаңа кезең болды. К. Смайылов пен Ш. Мұртаза хаттарында күнделікті күйкі тіршілік емес, ел тарихы, ұлт тағдыры, мемлекет болашағы туралы маңызды мәселелер қозғалды
Танымал публицистер Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұлов, Кәкімжан Қазыбаев, Камал Смайылов, Оралхан Бөкей, Әбіш Кекілбай, Марат Қабанбай, Әбіш Кекілбай т. б Олар редакциядағы ұйымдастырушылық қызметімен қоса, қалай, нені, қайтіп жазу керектігін өз шығармашылығы арқылы көрсете білді.
Public.i_zhurnalist.pptx