Limbikaly_1179_zh_1199_ye.pptx
- Количество слайдов: 13
Жоспары: 1. Торлы түзіліс , адам организміндегі рөлі 2. Лимбикалық жүйе анықтамасы, қызметі 3. Қорытынды
Торлы түзіліс (ретикулярлық формация) пішіні әртүрлі, үлкенді, кішілі, көптеген қысқа тармақты (дендритті) жасушалар тобы. Олардың дендриттері көп бұтақты. Олардың арасында көптеген түйіспелер құрылады. Мәселен, екі нейрон дендриті арасында 30 000 -ға жуық түйіспелер болуы мүмкін. Сондықтан торлы құрылымның гистологиялық препаратын жай микроскоппен қарағанда ол тор тәрізді болып көрінеді. Осыдан 150 жылдай бұрын торлы құрылымға бірінші сипаттама берген Дейтерс болатын.
Торлы құрылым ми бағанында орналасқан. Оның нобайы ортаңғы мида, біразы көпірде, үлкен нейрондылары сопақша мида топтасқан, шеткей орналасқан ағзалармен тікелей байланыспаған. Ағзалардағы қабылдағыштардан ақпараттық мағлұматтар торлы құрылымға жұлынның жоғары ми сыңарлары қыртысына қарай өрлеуші жолдарынан коллатераль (жалғама) байланыстар арқылы келеді.
Оған серпіністер көлденең бұтақшалар арқылы тіпті көру, дыбыс жүйкелерінен де келіп түседі. Ол орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің (ми қыртысынан бастап жұлынға дейін) қызметін белсендіреді. Жалпы алғанда торлы құрылым ми бөлімдерінен қарама-қарсы екі бағытта орналасқан. Американдық Мегун мен физиолог Морруций ми қыртысы биотоктарын жазу және электр тогымен торлы құрылымның ортаңғы мидағы бөлімін тітіркендіру арқылы, мұның ми сыңарлары қыртысының қызметін түгелдей күшейтетін анықтады. Ортаңғы мидағы торлы құрылымды тітіркендірсе ми қыртысының қай бөлімінің Электроэнцефалограммасы болса да, онда альфа және бета толқындары пайда болады. Ұйқыдағы жануардың торлы құрылымын тітіркендірсе ол оянып кетеді.
Торлы құрылым ми қыртысы қызметін түгелдей күшейтетеін бейарнамалы жүйке жүйесі деп те атайды. Ол ми қыртысына әсер еткенмен де өзі ми қыртысына тәуелді. Ми қыртысы торлы құрылым арқылы өзінің қызметін өзі реттейді, яғни кері байланыс арқылы ми қыртысы торлы құрылымдағы қозуды күшейте немесе бәсеңдете алады. Мұнымен қатар торлы құрылым орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің жайылуын және бір орталыққа жиналуын реттейді. Бастапқы кезде торлы құрылымда белгілі бір дербес, қызметті реттейтін орталық жоқ деп есептелінетін. Қазір воролий көпірінде орналасқан торлы құрылымда ми қыртысындағы тежеуді тездететін, жануарды ұйықтататын орталық бар екені анықталып отыр. Ал сопақша мидағы торлы құрылымда жұлын қызметін күшейтетін және тежейтін әсері төменге қарай бағытталған екі орталықтың бар екені анық болды.
Торлы құрылым ауырсыну сезімін тудыруға қатысады. Мәселен торлы құрылымға ғана әсер ететін барбитураттар тобынандәрі ішіп ауырсыну сезімін жоюға болады (аналгезия). Торлы құрылым, гипоталамус, таламус және ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрады. Бұл жүйе эмоция және мотивацияны тудырып адамның ісәрекетіне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Лимбикалық жүйе
Бұл жүйенің аты латынның limbus-жиек деген сөзінен шыққан. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орналасқан. Ол қызметі жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігін көрсету үшін 1952 жылы П. Д. Мак-Лин оларды лимбиялық жүйеге біріктірді. Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаны тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы көріністерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түолі вегетативтік функциялар , ішкі ағзалардың қызметі өзгереді.
Мысалы бадам бездерін кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі, ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар қуық , жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де п. б. Лимбиялық жүйе гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететін іс-әрекеті мен эмоцияның қалыптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашулану, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері п. б. Егер ол бөліктерді алып тастаса мысалы, бұрын шабуыл жасауға даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады.
Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гипокампын алып тастаса, жақын арада болған барлық оқиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылымдар тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Гипокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудың нейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрайды. Гипокамп арқылы лимбиялық жүйе жаңа қыртыстың самай, маңдай бөлімдерімен байланысады.
Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады. Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз қарым-қатынаста болып, ағзаның вегетативтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етедi. Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi. Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.
Торлы құрылымның ағзаның ұйқы-cepгектiк, эмоция және стрес күйлерінің көрініс беруіне қатысы бар. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда ұйқыда болады. Симпатикалық жүйке арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, жүйке жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi. Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Сатпаева Қ. Қ. «Адам физиологиясы» 2. http: //kk. wikipedia. 3. А. Рақышев «Адам анатомиясы»