кус шаруашылыгы.pptx
- Количество слайдов: 18
ЖОСПАРЫ: 1. Құс шаруашылығына жалпы сипаттама 2. Құстардың биологиялық ерекшеліктері 3. Өсіру бағыттары 4. Шығу тарихы 5. Қолға үйретілген үй құстары 6. Қорытынды 7. Пайдаланылған әдебиеттер Copyright © Wondershare Software
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі Жалпы сипаттама
Шығу тарихы Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады. Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30 -50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 5080 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2, 53 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3, 5 -4, 5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаздеп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т. б. ) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.
Құстардың биологиялық және шаруашылықттық ерекшеліктері Құс сүт коректілермен салыстырғанда көп өнім бергіштігімен, салыстырмалы турдегі жоғары дене жылулылығымен (41 -42°С), шапшаң жетілгіштігімен ерекше көзге туседі, ал оның эмбрионды дамуы ана денесінен тыс өтеді. ол өсу кезеңінде жануарлар және өсімдік тектес азықпен де қоректеніп, жыл сайын түлеп отырады. Адамның ұзак мерзімді мақсаткерлікпен жүргізген жұмысының нэтижесінде құс енімдшгі арта тусті (12 айда 280 -290 жұмыртқа береді). Сақа банкив өтешінің салмағы 0, 9 -1, 2 кг, ал туғанына 49 күн толған балапан бройлердің салмағы -1, 81, 9 кг. Жабайы күрке тауық 20 -11 айлығыада жұмыртқалай бастайды, одан жылына тек 11 -15 жұмыртқа алуға болады, ал үй күрке тауығы 5 -6 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салудын бір орамында 100 және одан да көп жұмыртқадайды, ад жылына 180 -200 -ге дейін жұмыртқа береді. Күрке тауықтың еркегі 100 -120 күндігінде салмағы жағынан сақа жабайы тектестерінен едәуір асын түседі. Жабайы үйрек жылына 10 -13 рет жұмыртқалайды, ал үй үйректері 150 ден астам жұмыртқа береді. Ата үйрек 45 -50 күндігінде 2, 5 -3, 0 кг еалмақ тартады немесе сақа жабайы тектестерінен 2 есе дерлік басым
Өсіру бағыттары Ауылшаруаш ылығы құстарына үйректер тауықтар қаздар Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады курке тауықтар мысыр тауықтар жатады.
Әсемдік үшін өсірілетін құстар Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі.
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10 -жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Copyright © Wondershare Software
Банкив тауығының тұрқы шағын, салмағы 600 -800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8 -12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т. б. ) есіріледі. Қолтұқымның - Dr. Meyer дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқымдары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250 , кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Copyright © Wondershare Software
Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7 -8 апталық балапандар орташа 1, 5 - 1, 8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады. Copyright © Wondershare Software
Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім. Copyright © Wondershare Software
Қолға үйретілген үйректің арғы тегі — жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6 -7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады. Copyright © Wondershare Software
Күркетауық, бөдене, мысыр Тауықтары Күркетауық Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9 -12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде ңесарканы. Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5 -6 апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден өнеркәсіптік негізде жылына 250 -300 жұмыртқа алуға болады. Қазіргі кезде АҚШ-та осы бөдененің «фараон» деген етті қолтұқымы өсіріледі. Қоразының салмағы - 200 грамм, ал мекиені 250 грамм тартады. Бөдене өсіретін құс фабрикалары соңғы кезде Италия, Франция, Германияелдерінде көбейіп келеді. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Тауыс құсы қауырсын түсінің әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін арнайы қолда өсіріледі. Құйрық қауырсындары ұзын әрі онда көзге ұқсас, түрлі түсті ірі өрнектері болады.
Африкалық түйеқұс Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында және т. б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде. Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да шаруашылықтар бар
Қорытынды Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады. Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдар мен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тутынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы багытта кус сою цехтарында, оған дейін де ұстау, тиеу, түсіру, тасымалдау жұмыстары да еттің сапасына осерін тигізетіидігін айта кетуіміз қажет. Міне, осы айтылған кептеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жегілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі
Пайдаланылған әдебиеттер. А. Б. Таңатаров, Ш. Ә. Әлпейісов, С. Т. Дабжанова: «Құс шаруашылығы» . Алматы 2005 Б. Мұқанов, М. Шаймарданқызы: «Құстардың шығу тегі» . Алматы 2001. Р. Сәтімбекұлы: «Құстар туралы мағлұмат» . //Жалын. Алматы 2002. В. Абакумов «Үй құсын өсіру» . Алматы 2000 – 7 б. Махамбетов Нұрсағат Әбжанұлы «Құс шаруашылығы» . Алматы 2006 – 46.
кус шаруашылыгы.pptx