Лекция_ЖОСПАРЛАУ_УЭФ_каз.pptx
- Количество слайдов: 19
ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ Лектор: Жакипбеков К. С. – Ph. D 1
МАҚСАТЫ • Білім алушыларды дәріхана өтімінің негізгі элементтерімен таныстыру (тауарайналымының бөлімдерімен). 2
ЖОСПАРЫ 1. 2. 3. 3. Сату көлемін жоспарлауға әдістемелік ыңғайлар. Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау. ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы). Сату көлемін бөліктерге бөлу әдістемесі. 3
Сату көлемін жоспарлаудың әдістемелік ыңғайлары Экономикалық теорияға сәйкес, тауарайналымы сатып алу-сату процесі болып табылады. Оның негізінде тауарға деген меншік құқығын оның ақшалық эквивлентіне ауыстыру жатыр. Сонымен, макродеңгейде ол уақыттың белгілі бір кезеңіндесатылған сталып алынған тауарлардың барлық мәмілелерінің сомасы ретінде және тауарларды алуға стапы алушылардың жұмсаған, шығыны ретінде анықталады. 4
Тауарайналымы – бұл белгілі бір кезеңде сатылған тауарлар және көрсетілген қзмет түрлерінің ақшалық мәндегі көлемі. Тауарайналымы нарыцқ статистикасының көрсеткіші ретінде оның конъюнктураларын (экономиканың ағымдағы жағдайын сипаттайтын белгілердің жиынтығы) бағалауда қолданылады және көрсеткіш ретінд қарастырылады: • ұйым қызметінің масштабы; • сатылған тауарларға фармацевтикалық кәсіпорынның ақшалық түсімі; • тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға сатып алушылардың ақшалық шығынының мөлшері; • тауарлық массаны тұтыну. 5
Жалпы сату көлемін болжау кезінде қолдануға болады: 1) экономикалық-математикалық, экономикалықаналитикалық әдістер; 2) өткен тенденцияларды ескеруге негізделген әдіс (динамикалық көрсеткіштер әдісі); 3) экономикалық тиімділік әдісі; 4) орташа сату көлемі, бір тұрғынға есептелетін ДП саны, ЕАҰ үшін ассигнования мөлшері туралы мәліметтердің негізінде сату көлемін есептеу; (продолжение на сл. слайде) 6
5) сынама маркетинг – жаңа ДП сату көлемін болжау үшін қолданылады. Жаңа ДП сату 1 -2 дәріханаларда жүргізіледі. Сатып алушылар, сату көлемі және қарқыны туралы алынған ақпарат басқа дәріханалар үшін де сату көлемін болжауға негіз болады; 6) ДП мен ММБ мүмкін болатын сату көлемін келесі формуламен есептеуге болады: Р = Ст+ Сұйым, мұндағы: Р – сату көлемі (реализация) Ст – тұрғындар сұранысының көлемі Сұйым – ұйым сұранысының көлемі. 7
Егер дәріхананың қызмет көрсету радиусы шектелмеген болса және дәріханаға бақа да аудандардан тұрғындар келетін болса, онда: Р = Ст+ Сұйым + Сб Сб – осы аймақтағы басқа ауданның сұранысың шамасы. 8
Қандай да бір әдісті қолдану негізділігі сату көлемінің динамикасы туралы бастапқы ақпараттың көлеміне және шынайылығына және де оған әсер ететін факторларға байланысты болады. Тұрғындарға және ЕАҰ сату көлеміне әсер ететін факторлар бір-бірінен ерекшеленеді, сондықтан тұрғындарға және ЕАҰ-на сату көлемін болжау бөлек жүргізіледі. 9
Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау 1) Науқастың жеке ерекшеліктері; 2) дәрігер мектебі; 3) рецепт арқылы дәрілік затты алуға болатын дәріхананы науқастың таңдауы, сияқты факторлардың сату көлеміне тигізетін әсерін анықтау мүмкін еместігіне байланысты, негізінен динамикалық көрсеткіштер әдісі қолданылады. 10
Сату көлемін болжау үшін екі әдістемелік ыңғайды қолдануға болады. 1 ыңғай. Бірқатар жылдардағы жалпы сату көлемі туралы мәліметтер талданады. Зерттелетін кезеңге жылдық және орташа жылдық өсу қарқындары есептеледі. 2 ыңғай. Бірқатар жылдардағы бір тұрғынға орташа сату көлемі туралы мәліметтер талданады. Бір тұрғынға және тұрғындар саныныа орташа сату көлемінің есептелген динамикасының туындысы мүмкін болатын сату көлемінің көрсеткішін береді. 11
ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы) Көтерме тауарайналымына әсер ететін негізгі факторлар келесіілер болып табылады: • төсек қоры және оның өзгерісі; • ЕАҰ профилі; • дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға ЕАҰ бөлінген ассигнования; • қосымша ассигнованиялар. 12
Жылдық тауарайналымын (бөлшек және көтерме) анықтағаннан кейін оны тоқсандар бойынша бөледі. Тоқсандар бойынша бөлу әдісі келесідей: бірқатар жылдардағы бөлшек және көтерме тауарайналымындағы әрбір тоқсанның сату көлемінің меншікті үлесін есептейді және қалыптасқан қатынасты жоспарлы кезеңге сақтайды. Бөлшек және көтерме тауарайналымы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сату көлемінің жалпы сомасын құрайды. Майда сауда желісінің экономикалық көрсеткіштері дәріхана көрсеткіштеріне ұқсас есептеледі. 13
Тұрғындар мен ЕАҰ сату көлемін құрамдас бөліктерге бөлу әдісі Бөлшек және көтерме сату көлемінің сату тәсілі бойынша құрамдас бөліктері схемада берілген: 14
Құрамдас бөліктері бойынша бөлу әдісі келесідей: ағымдағы жылғы тұрғындарға және ЕАҰ сату көлеміндегі әрбір құрамдас бөліктің меншікті үлесін анықтайды және осы қатынасты болжанатын кезеңге сақтайды. 15
Сату көлемінің сапалық көрсеткіштерінің бірі тауарлық номенклатура болып табылады. Сату көлемін тауар топтары бойынша бөлу әдістемесі келесі этаптардан тұрады: 1. 2 -3 жылдағы тауарлар топтары бойынша нақты сатылуын талдау, 2. Тауарлардың топтық құрылымындағы тенденцияны анықтау, 3. Сұраныс пен ұсыныс конъюнктурасын ескере отырып топтық құрылымның өзгеруі. Егер сату көлемі басқа белгілердің негізінде құрылған болса, ұқсас әдістемелік ыңғайлар қолданылады. 16
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В. Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е. Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с. Қосымша: 1. Криков В. П. , Прокопишин В. И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с. 17
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. «Тауарайналымы» түсінігіне анықтама беру. Сату көлемін жоспарлаудың әдістемелік ыңғайлары. Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау. Белгілі бір уақытқа шаманы сипаттайтын көрсеткіштер. Белгілі бір кезеңге шаманы сипаттайтын көрсеткіштер. «Баға индексі» түсінігінің анықтамасы. Сату көлемін болжау үшін әдістемелік ыңғайлар. ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы). Сату көлемін құрамдас бөліктерге бөлу әдістемесі. 18
19
Лекция_ЖОСПАРЛАУ_УЭФ_каз.pptx