Жамал.pptx
- Количество слайдов: 9
ЖОСПАР: v. Жемістер туралы қысқаша мәлімет v. Жемістердың түрлері v. Жемістердің жіктелуі v. Жеміістердің пайдасы v. Сипаттама v. Жұмбақтар
Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б. ) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т. б. ) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т. б. ) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі.
Алма Банан Анар ЖЕМІС Өрік Жүзім Ананас Құрма Апельсин
Экзокарпий мен мезокарпий жасушаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің жасуша шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген т. б. ) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында белок, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т. б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.
Қышқыл қызыл батыра, Тығып алып ұртына. Тымырайып тұрғаны, Түк шығармай сыртына ЖҰМБАҚТАР Болар сусын десеңде, онда аскорбин қышқылы. Тоймайсың қанша ішсең де, жасайды одан әтір де. Жапырағы ем жөтелге қарақаттан он есе. Тазарта р ол қаныңды, Зиянкес терден қорғауға. Отаны деп осының Қазақ жері танылды Қып-қызыл боп жемісі Тіл үйірген бал дәмі Тұралы ғой жегің кеп Құрамында көп темірі өп да к йын Бо мен дәру сі оның і Жем ем. дәрі жылы і ғап Өсед тал де жер қ Суы ен ег өсп
ЖЕМІСТЕРДІ АТАҢЫЗ
ПА АЛЫ ЙД ЕС КЕ Ң Алма. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді. Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий, ) натрий, кальций, т. б. және коротин бар. Жүзім. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті. Лимон. Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты заттардың шөгінділерін шығара алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі» . Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған
Жүгері. Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және малдәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады. Шие. Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа. Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды. Беке (айва). Ағашының жас жемісі, оның жапырақтарынан дайындалған тұнба қолқа астмасы ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын стақандағы қатты қайнаған суға тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3 -4 рет ішу қажет. Сары мейіз. Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады. Оны күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады. Грек жаңғағы. 200 -500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25 -30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады. Анар. Құрамында қант, 4 -10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және жемісінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет. Апелсин. Отандық сорттарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В 1, В 2, Р және РР дәрумендері бар. Темекі қағазына оралған апелсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласың. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационы- ның калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн- дер жеңілдену күндері деп аталады.
Жамал.pptx