Скачать презентацию Жоспар Пән әдістері бақылау эксперимент міндеттер Скачать презентацию Жоспар Пән әдістері бақылау эксперимент міндеттер

Физиология лекция 1.pptx

  • Количество слайдов: 37

Жоспар: • Пән, әдістері (бақылау, эксперимент), міндеттер. • Даму тарихы. • Негізгі физиологиялық ұғымдар: Жоспар: • Пән, әдістері (бақылау, эксперимент), міндеттер. • Даму тарихы. • Негізгі физиологиялық ұғымдар: қызметі, физиологиялық акт, рефлекс, рефлекторлық доға, нейрогуморалдық реттеу. • Ағза мен қоршаған ортаның бірлігі. • Павлов бойынша физиологияның негізгі принциптері. • Тірі ағзаның биологиялық анықтамасы: зат алмасу, бейімделу, өздігімен реттелу. • Ағза қызметінің нейрогуморалдық реттелуі.

Физиология • (Грекше physis – табиғат, logos – ілім) тірі организм мен оның жеке Физиология • (Грекше physis – табиғат, logos – ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекетін, тіліктерін зерттейінбиологияқ ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды. • Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. • Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Ф. тірліктану ғылымы. Ол тіршілік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қ. ж. анықтайды. Ф. тірліктану ғылымы. Ол тіршілік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қ. ж. анықтайды. • Тірлік (функция) – жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті. • Үрдіс – белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті түрде алмасуы. • Жүйе – жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы (тыныс алу, асқорыту, қанайналымы, қорғаныс, реттеліс, сөйлеу, өрбу т. б. ).

 • Физиологиялық қалып (норма) – бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі • Физиологиялық қалып (норма) – бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі тетіктері арқылы үйлесімді және нәтижелі деңгейде сақталады немесе жағдайға сәйкес жеткілікті мөлшерде өзгерді. • Тетіктік – тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі. • Реттеліс – ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру. Оның жеткілікті , гуморальды (humor – сұйықтық) және жүйкелік тетіктері болады. Физиологияның зерттейтін нысаны дені сау тірі организм.

Ф-ң негізгі бөлімдері: • Ф. Өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке, және қолданбалы болып Ф-ң негізгі бөлімдері: • Ф. Өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке, және қолданбалы болып жіктеледі. • Жалпы ф. –көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына, бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы ф. салыстырмалы және эволюциялық ф. болып бөлінеді.

 • Салыстырмалы ф. – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын • Салыстырмалы ф. – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады. • Эволюциялық ф. – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде ф-қ әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады. • Жеке ф. – кейбір тіндердің (б. е. , жүйке т. б. ), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек, т. с. с) қасиеттерін, оларға жүйелерге (қанайналым, тыныс алу, асқорыту т. с. с. ) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

 • Қалыпты ф. – дені сау адам организмінің қ. ж. , салауатты трмыс • Қалыпты ф. – дені сау адам организмінің қ. ж. , салауатты трмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қал. ф-ң басты мұраты – адамның денсаулығын сақтау. Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология (vale – сау болу, logos – ілім) зерттейді. • Денсаулық дегеніміз – адам организмінің барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, с. қ. Ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидумның) денсаулығы туралы мағлұматтар ф-қ қалыпты көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады.

 • Патологиялық ф. – ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. • Патологиялық ф. – ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. С. қ. ол науқастардың бейімделу әрекеттерін, сауығу, және айықтыру үрдістерін зерттейді. • Клиникалық физиология – ауру организмдегі ф-қ көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационар деңгейін тексереді.

Ф. Мақсаттары: 1. Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік Ф. Мақсаттары: 1. Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. 2. Ф-қ зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру. 3. Ф. Ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету. 4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.

Ф. Зерттеу әдістері: • Бақылау әдістері – ф-қ құбылыстарды қ. ж. және әртүрлі әсерлерден Ф. Зерттеу әдістері: • Бақылау әдістері – ф-қ құбылыстарды қ. ж. және әртүрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2 -3 үрдісті қамти алады. • Тіркеу әдістері – ф-қ құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алу. • Тітркендіру әдістері – тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т. б. ) түрткілердің әсерін қолданады. • Электрофизикалық әдістер – қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит, толқындары т. б. ) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.

 • Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау • Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды. • Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті ең алғаш И. П. Павлов енгізген болатын. Организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтездік)тексеруге мүмкіндік жасады. • Аспаптық әдістер – ф-қ зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.

Ф. Даму тарихы: • Басқа биологиялық ғылымдар іспетті ф. да ертеден дамыған. Ф. Ғылыми Ф. Даму тарихы: • Басқа биологиялық ғылымдар іспетті ф. да ертеден дамыған. Ф. Ғылыми даму жолында көптеген тірліктерді тексере келе, табылған зерттеу әдістерімен ф-қ құбылыстарды анықтау арқылы приактикалық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпал тигізді. • Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті

 • . А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды • . А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. • Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейденағзаның жасушалардан тұратынын ашты. 1859 ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ. физиология аса гүлденуге жетті.

 • Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін • Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа. Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. • Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ. рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды. И. М. Сегенов «орыс физиологиясының атасы» .

 • Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» • Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И. П. Павлов дамытты. Ухтомскийдоминанта туралы ілімді жасады. И. П. Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді: • қан айналу; • ас қорту; • жоғарғы жүйке іс әрекеті. Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.

Негізгі физиологиялық ұғымдар: қызметі, физиологиялық акт, рефлекс, рефлекторлық доға, нейрогуморалдық реттеу. • Жануарлар мен Негізгі физиологиялық ұғымдар: қызметі, физиологиялық акт, рефлекс, рефлекторлық доға, нейрогуморалдық реттеу. • Жануарлар мен адамның белсенділігі қызмет (функция) және физиологиялық акттар түрінде көрінеді. • Қызмет (функция), тірлік- нақтыланған ( диференцияланған) жасушалардың, тіндердің, ағзалардың арнамалы іс-әрекеті. Қызметтер өзгергенде ағза қошаған ортаға тіршілік жағдайына бейімделеді. Барлық қызметтер (әрекеттер) соматикалық (soma-дене) және вегетативтік (vegeto - қоздыру, тірілту, күшейту, өсу) болып екіге бөлінеді.

 • Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке • Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке жүйесімен жүйкеленеді. • Вегетативтік қызметтер- зат алмасумен, қанайналумен, демалумен, ас қорытумен, сыртқа шығарумен, өсу және өрбумен байланысты. Олар ішкі ағзалар жұмысымен атқарылады да вегетативтік жүйке жүйесімен (ВЖЖ) жүйкеленеді. • Физиологияық акт- күрделі үрдіс. Ол ағзаның әртүрлі физиологиялық жүйелері қатысуымен іске асырылады. Сонымен, дем алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қозғалу ж. б. физиологиялық акттарын ажыратады.

Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М. Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты. Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталықта тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйкежәне атқарушы орган — эффектордантұрады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі рецепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң және тиімді түрде байланыстыру, яғни сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімдікті қалыптастыру. Кез келген рефлекс дұрыс өту үшін Рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Егер бұл тұтастық бұзылса, рефлекс туындамайды.

 • Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – • Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рене Декарт (1664) тұңғыш ретқолданған, оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1887). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И. М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. • Рефлекс дегеніміз орталық ж. ж. сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталықтарына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізеді.

 • Ол 5 бөлімнен: 1. Қабылдаушы құрылым – рецептордан; 2. Қозуды орталыққа жеткізетін • Ол 5 бөлімнен: 1. Қабылдаушы құрылым – рецептордан; 2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3. Аралық нейрондардан тұратын орталықтанү; 4. Қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5. Жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. 6. Эффекторлық ағзадан о. жж. Рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афференция) арқылы орталыққа жетеді.

Рефлекс түрлері: • Морфологиялық және ф-қ ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді: 1. Қабылдағыштардың Рефлекс түрлері: • Морфологиялық және ф-қ ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді: 1. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстерорецептивтік (exterus – сыртқы), интерецептивтік (interior – ішкі), проприорецептивтік (proprios – өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Receptio – лат. – алу, қабылдау. Демек, рецептор – қабылдағыш деген сөз. Экстерорецепторлар дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегей қабықтарына орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды. • Интрорецепторлар ішкі ағзаларда, тіндерде, қантамырларында, ал проприорецепторлар сіңірде, буын қабында орналасқан.

2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып 2 бөлінеді. 3. Рефлекстер қатысатын 2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып 2 бөлінеді. 3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми (мезенцифалды), аралық ми (диенцефалды), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді. 4. Қимыл-әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады. 5. Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші рефлекстер болады. 6. И. П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп 2 топқа бөлді. 7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.

 • Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio — реттеу, реттелу; • Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio — реттеу, реттелу; humor — сұйық, ылғал) — организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарьшған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу).

Ағза мен қоршаған ортаның бірлігі. • Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Ағза мен қоршаған ортаның бірлігі. • Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. • Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар • Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар • Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. • Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді: • 1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді: • 1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. • Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады. • 2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

 • 3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның • 3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

 • Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта • Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың біріменбірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді. • Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды

Павлов бойынша физиологияның негізгі принциптері: • Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, Павлов бойынша физиологияның негізгі принциптері: • Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін- өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт. Зат алмасу- өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады.

Тірі ағзаның биологиялық анықтамасы: зат алмасу, бейімделу, өздігімен реттелу. • Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне Тірі ағзаның биологиялық анықтамасы: зат алмасу, бейімделу, өздігімен реттелу. • Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б. • Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді.

 • Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы • Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі. • Адаптация- органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі • Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі Жүйелердің өздігінен реттелісі • Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі реттеуге негізделген. • Реттеліс деп организмінің белгілі бір қажеттілігін және ішкі орта тұрақталағымен қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін айтады. Организмнің ішкі ортасын тұрақты құрамды қан, лимфа, тін сұйықтықтары құрады. Ф-қ әрекеттердің өзін-өзі реттеуі деп төменгі даму сатысындағы жануарлар әлемінде кездесетін реттелудің қарапайым түрін айтады. • Өздігінен реттеліс — тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті.