
азербайджан ТМТ.pptx
- Количество слайдов: 27
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А) Қысқаша сипаттама Б)Тарихы В) Әзірбайжан халқының мәдениеті Г) Әзірбайжан тілі Д)Шаруашылығы ІІІ. Қорытынды ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріс пе Әзірбайжан Республикасы (әз. Azәrbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропааралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен. Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Арменияменшектеседі. Ал оның эксклавы Нахчыван автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста. Түркиямен шектеседі
Қысқаша сипаттама Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент(Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьерминистр басқарады. Әзірбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстікбатысында. Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізіарқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86, 6 мың км², халқы 9, 5 млн. адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.
Тарихы Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басындаӘзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. Әзірбайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30 жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарайӘзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30 жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады.
А. И. Тевкелеев
КАВКАЗДЫҚ АЛБАНИЯ КАРТАСЫ
ШИРВАНА ТЕРРИТОРИЯСЫ ХҮІ-ХҮІІ ҒҒ
СЕФЕВИД ИМПЕРИЯСЫ
ИСМАИЛ ХАТАИ- СЕФЕВИД ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
АЗЕРБАЙЖАН ХАНДЫҒЫ XVIIIҒ
1723 – 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 жылдары және 1826 – 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 жылы 30 тамыздаӘзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
АЗССР – СССР КАРТАСЫНДА
АЯЗ МУТАЛИБОВ
ӘЗІРБАЙЖАН ХАЛҚЫНЫҢ М ӘДЕНИЕТІ Әзірбайжан — бұл ұлттық дәстүрлерді сақтап, оларға құрметпен қарайтын ел. Бұрынғыдай айлық күнтізбе бойынша мейрамдар тойланады, атаулы күндер – Құрбан байрам (құрбандық шалу мейрамы Оручлуг), Рамазан байрам – оразадан кейінгі мейрам. [2] Новруз-байрам (Наурыз-мейрамы) — халық арасындағы Жаңа жыл мен көктемді тойлаудың ең ежелгі және құрметті мейрамы. Оны көктемгі күн мен түннің теңелген күні 21 -22 наурызда тойлайды. Наурыз – табиғаттың жандануының белгісі, құнарлылықтың белгісі. Наурызға дайындық ертеден басталады. Үйлер көркейтіліп, ағаш отырғызылады, жаңа ңиім тігіледі, жұмыстқалар боялады, тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады. Мейіз немесе жаңғақ қосылған бидай – говурму қуырылады. Әрбір үйде міндетті түрде үстел үстінде бидай тұқымынан әдейі өсірілген жасыл өскіндер тұрады, мейрамға дейін төрт апта бойы сейсенбі сайын от жағылып, олардың үстінен балар секіреді, майшамдар жағылады. Мейрамның алдында туғантуыстар мен жақын-жуықтардың зираттарына барады. Наурыз – отбасылық мейрам. Мейрам күні кешке барлығы отбасылық ошақ басында жиналады. Жаңа жыл бай және жемісті болу үшін үстелге көптеген әр түрлі тағамдар қойылады. Мейрам 3 күнге созылады және көпшіліктің серуенімен аяқталады. Адамдар ұлттық киімдерді киіп, халық әндері мен билерін орындайды, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өткізіледі
ӘЗІРБАЙЖАН ҰЛТТЫҚ КИІМІ МЕН АСПАБЫН ҰСТАҒАН АДАМ
ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІ Әзірбайжан тілі (кейде әзери тілі, әзірбайжан түрікшесі деп те аталады) — оңтүстік-шығыс Азияда, яғни ең алдымен Әзірбайжан мемлекетінде және Иранның солтүстікшығысында тараған түркі тілдеріне, соның ішінде оғыз тармағына жататын тіл. Түрік тіліне өте жақын тіл. Әзірбайжан тілі ортағасырлық оғыз түркі тайпаларының батысқа қарай көшуінің нәтижесінде пайда болып, араб және парсы тілдерінің зор ықпалына ұшыраған. Ол біртіндеп сол аймақтың байырғы тілдерін ығыстырып шығарып, Сафауид династиясы орнағанға дейін сонда үстем тілге айналды. Тілдің тарихи дамуын екі кезеңге бөлуге болады: ерте (16 -18 -ші ғасырлар) және жаңа (18 ғасырдан қазірге дейін). Ерте кезеңдегі әзірбайжан тілінде парсы-араб тілдерінен енген сөздер, сөз тіркестері және синтактикалық құрылымдар көбірек болған. Сонымен бірге ерте кезеңнің тілінде оғыз ықпалының басым болуымен қатар қыпшақ элементтерінің ықпалын да байқауға болады. 18 ғасырдан бастап әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне айнала бастады, сол себепті ол бір стандартқа келтіріліп, тілдегі көптеген парсы және осман элементтері қолданыстан шыға бастады.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары теміркендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқкиімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарыныңмаңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.
ҚОРЫТЫНДЫ Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Khazar University Catalog 2008— 2009, Khazar University Press 2. Khazar University (на ангпийском и на азери). Архивировано из первоисточника 22 августа 2011. 3. . Шахматы : энциклопедический словарь / гл. ред. А. Е. Карпов. — М. : Советская энциклопедия, 1990. — С. 10. — 624 с. 4. Karl De. Rouen, Jr. and Uk Heo, Editors. Civil Wars of the World: major conflicts since World War II. — Santa Barbara: ABC-CLIO, Inc. , 2007 Population / Statistical yearbook / Population of Azerbaijan: Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 12 сәуір 2011. Population / Statistical yearbook / Population of Azerbaijan. Балалар Энциклопедиясы, II- том География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 -сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Қаймулдинова, С. Әбілмәжінова, т. б. — Өңд. , толықт. 2 -бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. , сур
азербайджан ТМТ.pptx