Сапарбеккызы_тер.pptx
- Количество слайдов: 25
Жоспар: Ауыз қуысы мүшелері гистотогиялық құрылым ерекшеліктері
Ауыз қуысы Ауыз қуысы бүйір бөлігінде жоғарғы және төмен еріндерімен шектеліп, екі жанына қарай, ауыз бұрышына өтеді. Жоғарғы жағында қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағында тіл мен ауыз қуысы түбінің бұлшық етімен шектеледі. Еріннің сыртқы бетінің эпителиі мүйізді қабаттан тұрады. Еріннің қызыл бөлігінің сыртқы беті шекарасыз бірден ішкі бетіне өтеді. Астыңғы еріннің алдыңғы бөлігінің қосылған сызығында, терең кілегей астындағы орналасқан кілегей бездерінің өзегі ашылады.
Ауыз қуысы Полость рта: 1 - твердое нёбо; 2 - мягкое нёбо; 3 - нёбный шов; 4 - язычок; 5 - нёбная миндалина; 6 - спинка языка (по Синельникову Р. Д. , 1966, с изм. )
Ауыз қуысының кіреберісі, таға тәрізді саңылау, тіс пен иек және ерін мен ұрт аралығында орналасады. Ауыз қуысының кіреберісі түгелдей кілегей қабықпен қапталған. Еріндердің және ұрттардың кілегей қабығы қозғалмалы. Осы жерлердің кілегей қабық астының қабаты жақсы дамығандықтан, оны тартып созуға, қатпар жинауға болады
Еріннің гистологиялық құрылымы
Ғалымдардың айтуы бойынша, ауыз қуысының кілегей қабығы морфологиялық және қызметтік тұрғыдан үш түрге бөлінеді: шайнаулық астарлаушы ерекшеленген Шайнаулық кілегей қабығы таңдайды және қызыл иекті қаптайды, негізінен тағамның механикалық өңдеуіне қатысады. Ол көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителиймен астарланған, сүйекке тығыз беттесіп жатады, қозғалмалығы төмен, беріктігі өте жоғары бола тұра, өткізгіштігі өте нашар. Астарлаушы кілегей қабық ұрттарды, еріндерді, жұмсақ таңдайды, ауыз қуысына қарасты жағынан және тілді астынан қаптайды. Ол көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиймен астарланған, серпінділігі және өткізгіштігі жоғары, негізінен бұлшық етке, жартылай сүйекке бекиді. Ерекшеленген кілегей қабық тілдің үстіңгі бетін жабады, ол көп қабатты мүйізгектенбейтін эпителиймен, ал кейбір бөлімдері ерекше бүртіктері және дәм сезу рецепторлары бар мүйізгектенетін эпителиймен астарланған, кілегей қабықтың астында жататын бұлшық етке бекиді, қозғалмалы, механикалық беріктігі жоғары. .
Меншікті ауыз қуысы ас қорту жүйесінің бастапқы бөлімі. Мұнда ауыз қуысындағы тағамның сапасына баға беріліп, оның механикалық өңделуі және алғашқы химиялық қортылу процесі өтеді Меншікті ауыз қуысының үстіңгі қабырғасын жұмсақ және қатты таңдай, төменгі жағын тіл және ауыз қуысынан өтетін ауыз қуысының түбі құрайды, екі бүйірін жоғарғы және төменгі тіс қатары мен қызыл иек шектейді. Алдынан және жандарынан меншікті ауыз қуысы ауыздың кіреберісімен, ал артынан жұтқыншақпен байланысады.
ҰРТТАР. Ұрттың қалыңдығын майлы тін мен ұрт бұлшық етінің шоғыры құрайды. Астыңғы кілегейлі қабатта тістердің қосылған сызығында өте көп мөлшерде кілегейлі бездер кездеседі. Ұрттың артқы бөлігінде эпитеийдің астыңғы қабатында кейде көп мөлшерде ұсақ бездер көрінеді (фордайса алаңы). Ауызды ашқанда, ұрттың ішкі бетінде, үстіңгі жақ сүйегінің екінші азу тіс сауытының аймағынан кілегейлі қабықтың бүртігі көрінеді.
Ұрттар Гистологический препарат. Щека плода человека (а-в - при большом увеличении) Слизистая поверхность щеки (а): 1 - многослойный плоский неороговевающий эпителий; 2 - собственная пластинка слизистой оболочки Максиллярная зона (б): 1 - поперечнополосатые скелетные мышечные волокна; 2 - щечная слюнная железа Кожная поверхность щеки (в): 1 - многослойный плоский ороговевющий эпителий; 2 - волос; 3 - концевой отдел сальной железы 1 - железистой (в частности, нейроэндокринной); 2 - механорецепторной. На рецепторную функцию ОРО указывает присутствие в нем многочисленных нервных волокон и окончаний, пластинчатых телец Фатера. Пачини
ҚАТТЫ ТАҢДАЙ. Қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінде кілегейлі қабықтың (ұқсас бетпе – бет келетін) симметриялы көлденең қатпары орналасқан. Олардың алдыңғы ортаңғы сызықта ортаңғы күрек тістердің мойыншасына қарай кілегейлі қабық жуандап, күрек тістің бүртігін түзеді. Таңдай тігісі аймағында тіке келген сүйектің көтеріңкі жері байқалады. Көбе мен қатты таңдайдың кілегейлі қабығы қозғалмайды, өйткені құрамдарында кілегей асты қабаты жоқ.
Схема зон слизистой оболочки твердого нёба: 1 - жировая зона; 2 - железистая зона; 3 - зона нёбного шва; 4 - краевая зона (по Быкову В. Л. , 1998, с изм. )
ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙ. Бұлшық етті табақша, сыртынан кілегейлі қабықпен жабылған. Жұмсақ таңдайдың мұрын мен жұтқыншаққа қараған жағы көп қатарлы қозғалмалы эпителийден тұрады. Ортаңғы сызықтан басталатын жұмсақ таңдайдың шығыңқы жерін «кішкене тіл» деп атайды. Жұмсақ тілдің жанынан екі қатпар шығады: таңдай мен тілдік және таңдай мен жұтқыншақтық. Екеуінің арасындағы лимфоидті тіндердің жинағы жұтқыншақ бадамша безін құрайды. Жұмсақ таңдайдың кілегей асты қабатында кілегейлі бездер мен аралас бездер өте көп мөлшерде орналасқан.
Схема строения мягкого нёба: 1 - смешанные железы; 2 - лимфоидный узелок; 3 - жировая ткань; 4 - слизистые железы; 5 - эластические волокна
ТІЛ. Бұлшық етті, сырттан кілегейлі қабықпен жабылған мүше, ол үш бөлікке бөлінген. 1. Артқы үлкен бөлігі – тіл түбірі. 2. Ортаңғы юөлігі – тіл болмысы (бітімі) 3. Алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы. Тілдің кілегейлі қабығының беті кедір – бұдырлы, түкті болып келген. Мұнда жіп тәріздес, саңырауқұлақ тәріздес, жапырақ тәріздес бүртіктер орналасқан. Жіп тәріздес бүртіктер біркелкі болып тіл үстіне жайылған. Бұл бүртіктердің эптелийінің беткі торшалары жартылай мүйізденеді де, тілге ақшыл түс береді. Саңырауқұлақ тәріздес бүртіктер қызыл нүкте сияқты тілдің ұшына орналасқан.
Топография сосочков языка: 1 - нёбная миндалина; 2 - слепое отверстие языка; 3 - листовидные сосочки; 4 - желобоватые сосочки; 5 - грибовидные сосочки; 6 - нитевидные сосочки; 7 - корень языка; 8 - язычная миндалина; 9 - тело
Жапырақ тәріздес бүртіктер тілдің артқы, шеткі жағында 3 -8 көлденең қатпар тәріздес болып орналасқан. Жапырақ тәріздес бүртіктің эпителиінде дәм сезгіш рецепторлар бар. Тілдің түбірі мен денесінің шекарасында римдік V саны тәріздес болып келген бүртіктерде, өте көп мөлшерде, дәм сезгіш баданалар бар. Оларды жабатын эпителийде белок безінің өзегі ашылады. Бүртіктерді артында тілдің соқыр шұңқырының ортаңғы сызығында кілегейлі қабық лимфоидті тін (бадамша безі) арқылы бұдырлы болып келеді. Тілдің астыңғы бетінде, үзбенің жанына тарайтын симметриялы жұқа шашақты қатпарлардың және қан тамырлардың анық суреті көрінеді. Тіл ұшы бұлшық етінің ішіндегі алдыңғы қос бездің өзегі нүкте тәріздес тесік арқылы ашылады. Тілдің төменгі шеткі бетінде жапырақ тәріздес бүртіктің алдында бүйір бездері орналасқан.
АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ КІЛЕГЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Кілегей қабық үш қабаттан тұрады: эптелий, меншікті кілегейлі қабат, кілегей асты қабат. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы, көп қабатты жалпақ эпителийден тұрады, оның қалыңдығы 200 -500 мкм. Ол өзінің көлемі жағынан әртүрлі. Бір – бірімен клетка аралық көпірше арқылы байланысқан клеткалардың бірнеше қабатынан тұрады. Бұл көпір арқылы жіңішке талшықтар (тонофибрилдер) өтеді де, эпителиалды қабатқа механика-лық төзімділік пен серпінділік береді. Эпителий клеткалардың көлемі мен бояушылардың құрамына қарай бірнеше қабаттан тұрады: негізгі, қылқанды, дәнді, мүйізді.
Мүйізгектенетін эпителий 1 - эпителий: 1. 1 - базальный слой, 1. 2 - шиповатый слой, 1. 3 - зернистый слой, 1. 4 - блестящий слой, 1. 5 - роговой слой; 2 - базальная мембрана; 3 - рыхлая волокнистая соединительная ткань
Мүйізгектенбейтін эпителий қабаты
Ауыз қуысын ішінен қаптайтын кілегей қабық қозғалмалы және қозғалыссыз болуына қарай, тығыз және борпылдақ түрлеріне бөлінеді. Тығыз кілегей қабық жақсүйектердің альвеолалық өсінділерін және қатты таңдайдың бетін қаптайды. Қалыпты жағдайда тығыз кілегей қабықтың эпителийі мүйізгектенуі тиіс. Бетіне дәнекер тінді талшықтар тік бағытта өтетіндіктен, хирургиялық іс әрекеттерінде кілегей қабықты сүйек қабынан ажырату едәуір қиындық түсіреді. Оның орнына кілегей мен сүйек қабығын бірге тіліп, қиық дайындау, әлдеқайда жеңіл. Тығыз кілегей қабық сондай -ақ тілдің бетін де қаптайды. Қан және лимфа тамырлары бұл жерлерде өте жақсы дамыған. Борпылдақ дәнекер тінді кілегей қабығы ұрттың және ауыз қуысының түбін жабады. Ұрттың кілегей қабығы, басқа жердің кілегей қабығымен салыстырғанда, әлдеқайда қалың, кейде бұл жердің тіс сауытының іздерін көруге болады. Кілегей қабықтың қалың болмауы эмбриогенездік бітіміне байланысты. Толық ұртты, Биша май түйіршігі жақсы дамыған адамдада бүйір тісі қабысқанда, ұрттың кілігей қабығы жиі жарақаттанады.
Ауыз қуысы кілегей қабығы эпителиінің гистологиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Ауыз қуысының кілегей қабығы түгелдей эпителимен қапталған Эпителилі еріндердің қызғыл жиегіне, әрі қарай бет терісінің эпителиіне, көмейде жұтқыншақтың кілегей қабығына ауысады. Қалыпты жағдайда ауыз қуысынның эпителий тіс аймақтарында үзіліссіз жалғасады. Бұл жерлерде кілегей қабықтың эпителий қатпарлар құрып, кейін физиологиялық тіс қызыл иектік қалта атауымен насмит қабығына ауысады. Қызыл иектің бүртіктері жоғарғы азу тістері тұсында едәуір ұзын, ал төменгі азу тістер тұсында қысқа. Қабыну процестерінде бүртіктер ұзындығы арта түседі. Тіс қызыл иек қалталарының эпителийі тіс эмальына бекитін жөнінде көптеген пікірлер айтылып келеді. Зерттеушілердің басым көпшілігі қызыл иектің эпителиі эмальдың насмит қабығымен тығыз бітісетіндігі жөнінде насихаттайды. Енді біреулері, эпителий табақшасы эмальмен бітіспейтіндігін, тек оның бетімен жанасып өтетіндігін мәліметтейді. Зерттеулер барысында анықталғандай, қызыл иектің эпителилері тіс кутикуласымен тығыз байланыс құратындығы, тіс байламның көп қабатты жалпақ эпителиі қалыпты жағдайда мүйізгектенбейтіні анықталды. Эпителий астында емізікті қабатының болмауына, эпителий мен дәнекер тіннің шекарасы тегіс болып өтеді. Тіс қызыл иектік қалтаның кілегей қабығы астарлайтын эпителийі тістің насмитті қабығымен бітісіп, оның түбін құрайды. Басқа жердің кілегей қабығымен салыстырғанда, физиологиялық қалыпты жағдайдағы тіс қызыл иектік қалтаның эпителий жасушалары баяу түлейді, мүйізгектену процесі мұнда баяу жүреді
Ауыз қуысының физиологиясы Ауыз қуысының ас қорыту жүйесіндегі атқаратын қызметі ерекше орын алады. Ас қорытудың алғашқы сатысында ауыз қуысынан басталады. Ауыздағы тағам мұнда механикалық өңдеуден өтеді. Шайнау қызметі рефлекторлы процесс: ауыз қуысы рецепторлары тағамнан тітіркеніп, содан туындайтын афференттік импульстер нерв тармақтарымен сопақша мида жатқан шайнау орталығына жетіп, одан қозғалтқыш нейрондардың аксондарымен эфференттік импульстері жауабы шайнау бұлшық еттеріне қайтады. Тағамның ауыз қуысында механикалық өтуден, оның сілекеймен шылануы мен ылғалдануы тіл мен тістердің белсенді қатынасымен өтеді. Бұл кезде тіл өзінің дәм сезу бүртіктерімен тағамның дәмін айырып, оларды импульс ретінде ми қыртысына жеткізеді. Ас қорытудың бұл бөлімінде тағамның тек механикалық және физикалық өңделуі ғана өтіп, қоймай, сондай ақ химиялық, дәлірек айтқанда биохимиялық өңделуі өтеді. Бұны түсіну үшін, әрине сілекейдің бөліну процессін, оның құрамын және химиялық қасиеттерін білу абзал.
Қолданылған әдебиеттер 1. Привес М. Г. , Лысенков Н. К. , Бушкович В. И. Анатомия человека / Под ред. М. Г. Привеса – 9 изд. Медицина, 1985. -672 с. 2. Р. Д. Синельников – Я. Р. Синельников «Атлас Анатомии Человека » Москва. Медицина, 1989. 3. Боровский Е. В. Соавторы, «Терапевтическая стоматология» . Москва. Медицина, 1998. 4. www. Google. kz.
Белсенді қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Сапарбеккызы_тер.pptx