крупская слаид.pptx
- Количество слайдов: 13
Жоспар: 1. Н. К. Крупскаяның әлеуметтік-педагогикалық ой пікірлерімен қызметі. 2. С. Т. Шацкий және оның әлеуметтік ортада тәрбиелеу тұжырымдамасы. 3. Қорытынды
Глоссарий • Саналы тәртіп - оқушыларға ата-аналармен , оқушылар ұйымымен, жұртшылықпен мектеп жасайтын тәрбиелік ықпалдылық нәтижесі болып табылады. • Коллектив –ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. • Коммунизм –(латынша Communis – ортақ) - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. • Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. • Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Аса көрнекті совет және партия қайраткері, Коммунистік партиямыздың ең қарт мүшесі, ұлы Лениннің аса жақын досы және серігі Надежда Констатиновна Крупская өзінің бүкіл өмірін еңбекшілердің бақыты үшін, коммунизм жолыдағы күреске арнады. Өзінің көп күші мен қайрат жігерін ол педагогика ғылымының күрделі проблемаларын шешуге, совет мектебінің құрылысына жұмсады. Н. К. Крупская 1869 жылдың 26 акпанында сол кездің революцияшыл топтарымен байланыста болған семьяда туды. Оның әкесі Константин Игнатьевич Крупский – “кәдуілгі алпысыншы жылдың уәкілі”, саяси сенімсіздігі үшін мемлекеттік қызметтен шығарылып, сотқа берілді. Шешесі, Елизавета Васильевна, мәдениеті жоғары , білімді, еркін ойлы әйел болган. Елизавета Васильевна мен Константин Игнатьевич қыздарының тәрбиесәне көп көңіл бөлді, оны өмірден оқшау қалдырмай, әр түрлі қоғамдық топтардың және ұлттардың балаларымен бірге ойнауын құптап отырды. Надя ата-анасын шексіз сүйді, әкесінен табандылықты, турашылдықты және принципшілдікті үйренді.
Н. К. Крупская өзінің еңбектері арқылы өскелең ұрпақты коммунистік рухта тәрбиелеумен білім беру теориясына аса ірі үлес қосты. Марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін терең оқып үйренген ол коммунистік тәрбие теориясының негізгі қағидаларын нақты тарихи жағдайға сәйкес творчестволықпендамытты, буржуазиялық тәрбиенің халыққа қарсы таптық мәнін ашып көрсетті, тәрбиенің буржуазиялық теорияларын сын талқысына салды. Ол советтік коммунистік тәрбиенің жаңа адамды – коммунизм құрылысшысын тәрбиелеудің бірыңғай, мақсатты жүйесін жасады.
Коллективті ұйымдастыру – балаларды коммунистік мораль рухында тәрбиелеудің басты шарты. Надежда Константиновна адамгершілік тәрбие міндеттерін шешудегі коллективтің мәнін негіздеген бірінші совет педагогі еді. Коллективте қорғансыздықпен жалғыздық сезімдері жойылып кетеді: балалар жолдастарының мүддесіне бола өмір сүруге, өз мүддесін солардың мүддесімен байланыстыра білуге, ортақ талаптарға бағына білуге үйренеді. Ол балалар коллективінің маңызды рөлі мынада деп білді: ол коллективте барлық баланың әрекеті мен мінез-құлқы үшін әр баланың жауапкершілік сезімі, сонымен қатар әр мүшесі үшін коллективтің жауапкетшілігі тәрбиеленеді.
Коллектившілік, достық пен жолдастық саналы тәртіпті тәрбиелеуге ықпал жасайды, ал саналы тәртіп жеке адамның коллектиы еркіне өз ықтиярымен бағынуын талап етеді. Мұндай тәртіпті Н. К. Крупская ішкі тәртіп деп атады, өйткені ол мінез құлықтың санаға сіңген нормалары мен ережелеріне сай жүріп отыру керек дейтін терең сенімге негізделген. Саналы тәртіпті тәрбиелеуге ықпал жасайды Достық Жолдастық Коллектившілік
Надежда Константиновна мектеп тәртібінің сипатын қоғамдық құрылысқа байланыстыра қарады, бұл тәртіп сол қоғамның ерекшелігін бейнелейді. Ол буржуазия мектептеріндегі күштеп көндіру, таяқ тәртібін айыптады. Балалардың өмірге деген қуанышы мен дербес әрекетін басып, жаншитын буржуазия мектептеріндегі ұрып – соғуға негізделген үйрету тәртібіне Н. К. Крупская совет мектебі оқушыларының саналы ішкі тәртібін қарама-қарсы қояды. Саналы тәртіп ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесінің негізі болып қызмет етеді, сонымен бірге сол негіздің нәтижесі болып табылады. Саналы тәртіп оқушының оқу мен еңбекке , коллективтік өмірге, достық пен жолдастыққа, социолистік жатақхананың ережелерін сақтауға деген саналы қарым-қатынастан көрінеді. Саналы тәртіп – бүкіл оқу-тәрбие процесі ықпалының нәтижесі. Мұндай тәртіпті мектеп өмірінің бүкіл құрылымы жасауға тиіс: нақты сабақ кестесі, сабақтың мұқият ойластырып жоспарлануы, белгіленген жоспардардың оқуышыларға түсіндірілуі, жақсы жолға қойылған есеп және оқушылардың жұмысын бақылау, бүкіл коллектив жұмысының табысты болуына деген жауапкершілік.
Коллективтің қоғамдық пікірін Н. К. Крупская тәртіпсіздікпен күресудің ең жақсы құралы деп есептеді. Қылығына бола жазалау, оның пікірінше – ақырғы шара, ондай шараға абайлап, ойластыра бару керек. Сонымен бірге ол ұрып-соғу арқылы тәртіп орнатуға тырысатын тәрбиешілерді қатаң жазалауды талап етті. “Балаларды ұру туралы” деген мақаласында Надежда Константиновна былай деп мәлімдейді: “ Балаға қолын көтерген мұғалім, тәрбиеші дереу бала бақшасынан шығарылсын. Оларға қол жұмсайтын әке немесе шешеге жұртшылық алдында ұялту үшін айып төлеттіру керек” Тәрбиешінің өз басының жақсы тәртіпті болуы мектеп оқушыларын саналы тәртіпке ойдағыдай тәрбиелеуге жағдай жасайды. Солай бола тұрсада кейде оның “ұйымдастырып кете алмайтын”, қайта өзінің дәрменсіздігімен белгілі бір бейберекеттік туғызып алатын кездеріде болады. Мұғалімнің жете талап қоя білмеуі немесе, керісінше, шамадан тыс талап қоюы, тапсырмаларды орындауға ынта салмауы, оқушыларды тыңдай білмеуі осыған әкеліп соқтырады: “Тапсырмалардың орындалуы туралы мәселе – бұл тәртіп пен дұрыс оқу мәселесі”
Шацкий Станислав Теофилович (1878 -1934) - кеңес педагогы. Педагогика ісәрекетін 1905 жылы Мәскеудің жұмысшылар шеттерінің балалар мен жасөспірімдері арасында бастады, онда басқа педагогтармен бірге Ресейдегі алғашқы балалар клубтарын ашты. 1911 жылы Калуга губерниясында «Сергек өмір» атты жазғы еңбек колониясын ұйымдастырды, онда жыл сайын жазға балалар клубтарынын 60 - 80 ең белсенді балалары баратын. Колонияның негізгі міндеті бала ұжымын ұйымдастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға қоғамдық өмір дағдыларын еңбек негізінде үйрету үшін жағдай жасау болды. 1919 жылы «Халық ағарту бойынша бірінші тәжірибелік станция» ұйымдастырды. Шацкий тәрбиені дене өсуінен, еңбектен, ойыннан, өнерден, ақыл-ой іс-әрекетінен, әлеуметтік өмірден тұратын балалар өмірін ұйымдастыру деп түсінді. Ұжым үшін қажеттілігі түсініле отырып орындалатын еңбекке ең жоғары тәрбиелік мән берді. Оқытуды еңбекпен біріктіру оқу процесінің саналылығын аттырады деп есептеді.
20 жылдары өзінің жан жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий. Ол халық ағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теориялық міндеттерін шеше білді. Шацки еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен өштастыруға ерекше мән берді. Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шет ел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқытумен тәрбиеде мұғалімнің рөлін төмендету аңғарылды.
А. У. Зеленкомен бірге Шацкий “Сетлемент” деп аталатын ерекше тәрбие мекемесін ашты. Онда балалық өмірге қатысты түрлі әлеуметтік мәселелер шешілді. Шацкий көптеген педагогикалық тұжырымдамалардың ішінен тек біреуін басшылыққа алды “балаларға және олардың мәдени қанағаттануын, нышандарын дамыту үшін жағдай жасау”. 1905 жала көктемде Сущевский атындағы кедейлерді қамқорлыққа алу жетімханасынан бірнеше ұл балаларды алып, Щелковадағы балалар колониясына отрығызады. Бұл ерекше мекеменің құрылуына себепші болған жағдай еді. Тұрмысы нашар отбасындағы және көшеде тіршілік ететін балаларды қамқорлыққа алып білімге, мәденитке, еңбекке баулу міндеттері қойылды. Мұнда күзде балалармен жұмыс қалада жалғастырылды. Бутырский заставасында Тихвинский тұйық көшесіндегі шағын үйлерде жеткіншектер үшін клубтар және “Келуші балалар үшін күндізгі жетімхана”деген жалпы атаумен балабақша ашылды. Клубтар қызығушылықтары бойыншы сабақ өткізілді, оған 50 ге жуық балалар қатысты. Олар сурет салды, ойын ойнады. Концерт және спектакльдер дацындады. Балалар клубка өздері ат қойды “
Пайдаланылған әдебиеттер: • • Қ. Бержанов , С. Мусина «Педагогика тарихы» Н. К. Крупская «Таңдамалы педагогикалық шығармалары» Қадыржан Сейталиев, «Педагогика тарихы» Ғ. У. Қабекенов, Б. Ә. Есенбаева «Әлеуметтік педагогика тарихы» , Алматы 2011 • https: //kk. wikipedia. org
крупская слаид.pptx