Хайдарова 03.pptx
- Количество слайдов: 30
ЖОСПАР 1. Этика және деонтология 2. Мейірбикелік істің негізгі міндеттері және прициптері. 3. Мейірбикелік ұжым жұмысын ұйымдастыру 4. ЖМЖ қызыметі, міндеттері 5. ЖМЖ жолға шығушы ұжымның жұмысына қойылатын негізгі талаптар
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл – медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді: ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: медициналық қызметкер – емделуші, медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, медициналық қызметкер – медициналық қызметкер. Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарымқатынастар: Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн. Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады. Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарымқатынастар: Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет; Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс; Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс; Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар: Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады; Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс; Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис; Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мәнжайды талқылауы қажет.
«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар: өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс; Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс; Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет; Қиын жағдайларда біріне көмектесулері тиіс. «Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар: өзара сыйластықты сақтаулары тиіс; кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет; Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды; Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.
Мейірбикелік іс — денсаулықты нығайту, ауруларды алдын алу, физикалфқ және психикалық ауратын және еңбекке жарамсыз барлық топтарға психоәлеуметтік көмек және күтімді қамтамассыз ететін денсаулық сақтаудың ажырамас бір бөлігі. Мейірбикелік іс өмірдің денсаулыққа, аурудың пайда болуына, еңбекке жарамсыздық және өліммен байланысты физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік аспектілерін қамтиды. Бұндай көмек мейірбикелік ұжыммен денсаулық сақтау мекемелерінде және қажеттілігі бар жерлерде көрсетілуі қажет.
1963 жылғы медициналық энциклопедияда: «орташа медициналық қызыметкер дәрігердің басшылығымен жұмыс істеп, оның айтқаның орындап, кей ем-шаралық істі білу қажет» . 1994 қысқа медициналық энциклопедия: «орташа білімді қызыметкер ЛПУда дәрігердің жетекшілігімен жұмыс істейтін қызыметкер» . 1993 жылы мейірбикелік істің негізгі философиялық принциптері қалыптасты. Мейірбике – мейірбикелік іске құқығы бар және мейірбикелік іс философиясын түсінетін білікті маман. Ол тәуелсіз және денсаулық сақтау саласындағы басқа мамандармен бірге қызымет көрсете алады» . Ең алғаш оқу орында кейін емдеу-профилактикалық жерде «мейірбикелік процесс» , «мейірбикелік диагноз» , «мейірбикелік ауру тарихы» , «науқас сұранысы» ұғымы қарастырыла бастады.
Мейірбикелік істің принциптері Халыққа біркелкі, әлеуметтік әділ және тиімді түрде медициналық көмекті қамтамассыз ету; Денсаулықты нығайту, ағартушылық бағыт; Еңбек, материалдық және экономикалық ресурстарды ұтымды қолдану; Халыққа сапалы мейірбикелік қызымет көрсету; Денсаулық сақтауға байланысты сұрақтарды шешуде белсенді ат салысу;
Мейірбикелік істің негізгі міндеттері. Мейірбикелік істің дамуына, денсаулық сақтау мекемелерінде және білім мен ғылымда тиімді жағдай жасауда мемлекеттік деңгейде ат салысу. Денсаулық сақтаудағы қателіктерді түзетіп, тиімділігін арттыру. Жаңа мейірбикелік ұйымдастыру формалары мен технологияларын дамыту. Мейірбикелік кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру. Қоғамға сапалы көмекті қамтамассыз ету. Денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикелерді құқықтық бақылау жүйесін жетілдіру. Мейірбике мамандағының әлеуметтік және білікті дәрежесін көтеру. Мейірбикелік ұжымды әлеуметтік қорғауды қамтамассыз ету.
ЖМЖ қызметінің негізгі міндеттері. ЖМЖ қызыметі күнделікті жұмыс және шұғыл жағдай режимінде қызымет көрсетеді және келесі міндеттерін атқарады. Күнделікті жұмыс режимінде: Халыққа ЖШМК ұйымдастыру шұғыл медициналық көмек керек болған жерде және стационарға тасымалдағанда толық колемде көмек көрсету. Медициналық ұжымның жүйелі және сапалы, тиімді көмек көрсету. Халыққы ЖМЖ көрсетуді ұйымдастыру әдістерін жетілдіру және медициналық персонал біліктілігін арттыру. ЖМЖ көрсетуде қаланың басқада медициналық мекемелерімен тығыз байланыста болу. Шұғыл жағдайларға әрқашан дайын болып керекті медициналық ресурстардың жеткіліктілігін қамтамассыз ету.
ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕ : ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕДИКОСАНИТАРЛЫҚ ЛИКВИДАЦИЯ ЖОСПАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖМЖ ЖОЛҒА ШЫҒУШЫ ҰЖЫМЫ АПАТ ОРТАЛЫҒЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ. ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙДЫ ЛИКВИДАЦИЯЛАУ БАРЫСЫНДА ЖАПА ШЕККЕНДЕРГЕ ЕМДІКЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР КӨРСЕТІЛЕДІ.
Аймақтық апат орталығы көбінде ЖМЖ құрамында болады және келесі мәселелерді ескеред Шұғыл жағдай туғанда ең алғаш сигнал ЖМЖ келіп түседі. аймақтық аппаттар медицинасы орталығы барлық ЖМЖ ұжымдарын қолдана алады. Станцияның оперативті бөлімімен жабдықталған шолға шығушы бригада жіберіледі. Аймақтық аппаттар медицина орталығына жеке ЖМЖ көрсетуші ұжымдарды қалаптастырудың қажеті жоқ.
ЖМЖ жолға шығушы ұжымның жұмысына қойылатын негізгі талаптар: Науқасқа шұғыл түрде аймаққа байланысты белгіленген уақыт аралығында келу. Алғашқы диагнозды қою, науқас жағдайын тұрақтандыры, жақсарту дәне емдік- профилактикалық орталыққы жеткізу. Стационарлы емдеу-проф мекеменің кезекші дәрігеріне науқастың құжаттары мен бірге өткізу. Жаппай улану және жараққаттар мен т. б шұғыл жағдайларда науқастарды іріктеу. Керекті санитарлы-гигиеналық эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. Күманді және конфликттік жағдайда науқасты оқиға болған жерге жақын емдеу орталығына немесе басында жоспарланған стационардың қабылдау бөліміне жеткізу. Көз жұмған адамның мәйітін тапқан ЖМЖ бригадасы шұғыл түрде ішкі істер қызыметкерлеріне хабар беру және шақыру картасында керекті мәліметтерді тіркеу қажет. Мәйітті ЖМЖ көлігімен тасымалдауға болмайды. Өлім автокөлік салонында болса ЖМЖ бригадасы оперативті бөлімнің шақыруды қабылдап, өткізуші фельдшерге хабарлап, мәйтті сот- медициналық экспертиза мекемесіне жеткізуге ұрықсат алу қажет.
ЖМЖ ЖОЛҒА ШЫҒУШЫ ҰЖЫМ САНЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘУІЛІКТІК БРИГАДАЛАРДЫҢ САНЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУШЫ ОРТАЛЫҚПЕН АНЫҚТАЛАДЫ. ОЛАРДЫҢ САНЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ АПАТ, АВАРИЯ КЕЗІНДЕ Т. Б ЖАҒДАЙЛАРДА КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛУ ҚАЖЕТ. БІРАҚ 10000 АДАМҒА 1 БРИГАДАДАН КЕМ БОЛМАУ КЕРЕК. ҚАЖЕТТІ ШЫҒУШЫ БРИГАДАЛАРДЫҢ САНЫН ЖОСПАРЛЫ АНЫҚТАУ ҮШІН БЕЛГІЛІ УАҚЫТҚА САНАЛҒАН БІР САҒАТ ІШІНДЕГІ ШАҚЫРУ ЖИІЛІГІНЕ ЖӘНЕ «ШЫҢ» САҒАТТАРДЫ ЕСКЕРЕТІН АРНАЙЫ ФОРМУЛА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
ЖМЖ жолға шығушы ұжымның жұмысына қойылатын негізгі талаптар Шығушы бригадалардың оперативтілігі Шақыруды алғаннан кейін бригада 5 минут ішінде шығу қажет. ЖМЖ бригадасы оқиға орнына тиімді маршрутпен келіп, келгеннен кейін оперативті орталыққа хабарлау керек. ЖМЖ бригадасы толық көлемді аз уақыт аралығында сапалы көмек көрсету қажет. Шақырудың орындалғаны жайында бригада бірден оперативті орталыққыа хабарлау қажет. О выполнении вызова бригада СМП докладывает немедленно.
ЖМЖ сапалы көмек көрсету ұғымы : Жарақаттар мен ауруларды ажыратып, тану. Керекті емдік шараларды жүргізу. Дәл тиімді шешім. Науқасқа қажетті көмек көрсетуде құжаттық нормалар мен өз міндетін орндауға байланысты басқада ЖМЖ бригадаларымен, емдік мекемелермен, құқық қорғау ұйымымен байланысты болу қажет. Медициналық құжаттардың сапасы : Шақыру картасында толық анамнез бен объективті қарау және қосымша тексеру шараларын жазу. Диагноздың логикалық және ретті лігін МКБ-10 сай толтыру.
Жұмыстың оперативтілігі келесі жолмен қадағаланады: Станцияның оперативті бөлімі бригаданың оқиға орнына келуімен шақырудың орындалу уақытын бақылап отыру қажет. Бригада басшысы жету уақытын аяқтау уақытын және көмек 1 сағатқа созылған жағдайларды хабарлап отыру қажет. Бригаданың оқиға орнына келуі арнайы радио телефондар немесе қаланың электронды картасы бар навигаторлар арқылы іске асырылады. Подстанция меңгерушісі ( медю бөлім станция бас дәрігерінің орын басары. ), оқиға орны мен уақыт аралығындағы сәйкестікті бақылап отырады.
Келесі адамдар сапалы медициналық көмек көрсетілуді қадағалайды : Подстанция меңгерушілері мед. құжаттары бойынша. Оперативті бөлімнің бас дәрігері. Госпитализация бюро дәрігерлері (тактикалық шешім). Станцияның бас дәрігер –мамандары (мед. құжат бойынша ). Медициналық бөлім бойынша бас дәрігер орын басары (мед. құжат бойынша ). Құжаттардың сапалы толтырылуын келесі мамандар мен комиссия қадағалайды: Подстанция меңгерушісі (бөлімшесі). Госпитализация бюро дәрігерлері (бет сәйкестігі). Медициналық бөлім бойынша бас дәрігер орын басары (таңдамалы). Бас дәрігер тағайындаған қызыметкерлерді бақылау комиссиясы.
Жедел және шұғыл жәрдем станция бригадасының фельдшері жайында 1. жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері болып орташа «фельдшер» деген медициналық білімі бар және арнайы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өткен адамдар тағайындалады. Бригада фелъдшері қызыметке белгілі тәртіппен бас дәрігермен тағайындалып, жұмыстан шығарылады. Шұғыл медициналық көмек көрсетуде бригада фельдшері бригаданың бас дәрігеріне бағынады.
ЖМЖ фельдшері міндеттері: 2. 1. вызовты қабылдағаннан кейін аталған жерге нақта уақыт аралығында ЖМЖ жіберуге; 2. 2. оқиға орныныжа жапа шекендер мен науқастарға бірінші медициналық көмек көрсету және оны стационарға жеткізу. 2. 3. науқастар мен жапашеккендерге медициналық көрсеткіштер бойынша дәрілік заттар енгізу, қан тоқтату және реанимациялық шараларды жүргізуге; 2. 4. қолда бар медициналық аппаратураны қолдану, транспорттық шиналарды салу, байламдар техникасын және негізгі санитарлық-емдік реанимацияны білуге; 2. 5. ЭКГ тіркеу техникасын білуге; 2. 6. ЕПМ дислокаци 2. 7. ауруды тасымалдауғы жағдай жасап, керек болған жағдайда тасымалдауға ат салысу. Науқасты тасымалдағанда ардайым жанында болып, керекті медициналық көмек көрсету. 2. 8. науқа естүссіз және мас мағдайда болғанда, вызов картасында көрсетілген құжаттарды табуға ат салысып, науқаспен бірге қабылдау бөліміне өткізу.
2. 9. шұғыл жағдайда зорлаушылықпен жасалған жарақаттарға арнайы талаптар бойынша көмек көрсету. 2. 10. инфекциялық қауіпсіздікті қамтамассыз ету. Карантиндік инфекциясы бар науқастарға алдын алу шараларын ескере отырып көмек көрсету және дәрігерге эпидемиологиялық құжаттық бөлімдегі өзгерістер жайында айту ясы мен аудандық қызымет көрсетуді; 2. 11. Дәрілік заттардың сақталуын тіркелуін, қолданылуын қадағалау. 2. 12. Кезекшілік аяқталғаннан кейін медициналық аппаратура, транспорттық шина, қолданылған дәрілік заттарды, оттегін, азот төтығын тексеру. 2. 13. Шақыруды орындауда болған барлық күтпеген жағдайлар жайында станция әкімшілігіне айту. 2. 14. Ішкі істер басқармасының сұранысы бойынша жапашеккенге ЖМЖ көрсету. 2. 15. Тіркеу және есептік құжаттарды жүргізу. 2. 16. жоспарлы түрде өз біліктілік дәрежесін жоғарлату және тәжірибесін жетілдіру.
Шақыруды қабылдауда және оны бригадаға өткізу кезіндегі жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының фельдшері (мейірбике) жайында Жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының фельдшерінің (мейірбике) қызыметіне орташа медициналық қызыметі бар адам тағайындалады. Фельдшер (мейірбике) міндетті: Жергілікті жерден немесе емдеу мекемелерінен шұғыл түрде ЖМЖ вызов түскенде сол уақытта аталған орынға бос ЖМЖ бригадасын жіберу қажет. ЖМЖ бригадасының уақытында шығуын қадағалау.
ЖМЖ бригадалардың жұмысы олардың, жылжыу және көмектің көрсетілуінің аяқталғаны жайында мағлұматтарды біліп, оларды арнайы құжаттарға тіркеу және санитарлы автокөліктің жөнделуі және оның жарамдылығы жайында ақпаратты білу қажет. Выовқа бригаданың шығуы мумкін болмай жатқан жағдайда бас дәрігерге жолығып, соның айтқаның мұқият орындау. Станцияның бас дәрігеріне бригада қызыметкерлерінің тарапынан болған бұзушылықтарды хабардар ету. Вызовты қабылдағанда және басқада медициналық қызыметкерлермен сыпайы болу және қандайда бір сұрақ шешілмей жатқанда бас дәрігерге жолығу.
Назарларыңызға рахмет!!!
Хайдарова 03.pptx