Ochistka_reki_Syrdaryapptx.pptx
- Количество слайдов: 16
ЖОБА: Сырдария өзенінің ластану проблемасын шешу
Жоба мақсаты: Сырдария өзені аясындағы тұрғындардың әл-ауқатын сынаптан тазарту арқылы жақсарту Жергілікті су пайдаланушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, қауіпсіз, тиімді, сенімді сумен жабдықтау қайнар көзін қалыпқа келтіру Қоршаған ортаны сауықтыру мақсатында өзендегi су ағынын реттеу мен су тасқынынан басқаруды қалпына келтіру
• Өзен өнеркәсіптік қалдықтар тастаудан ластанады. Ластану салдарынан әртүрлі биогенді мутациялар пайда болады. Өзен көлдерде балықтар саны азайып барады, балықтар қалғаннын өзінен де тамаққа қолдануға жарамсыз. Айтарлықтай жануарлар мен өсімдіктер әлемі нашарлауды. Өнеркәсіптік қалдықтарыан суайдынында да оттегі көбейіп, содан тоғандардың «гүлденуін» байқауға болады. Бәлкім, сіздер байқаған боларсыздар судың үстіндегі түрлі-түсті мұнай қабықшасын. Бұл қабықша өзендерге күн сәулесі өтуін бірнеше рет қысқартады. Суайдынның химиялық құрамы өзгеріп, азот және фосфор деңгейі өсуде. • Ауыл шаруашылығының қалдықтарынан ластануы. • Өзендер мен суайдынына әртүрлі тұрмыстық және өнеркәсіптік қоқыстың түсуі. Түскен қоқыстың барлығы бір жерде жиналып, кішкентай аралшықты құрады. Мұның бәрі өзеннің ластануы мен тартылуына алып келеді. Ол қоқыс ыдырап, өзінен канцерогендік заттар бөледі және олар кейін бізге тамақпен келеді. • Гидроэлектростанция қызметі. • Табиғатқа антропогендік араласу.
Суды механикалық тазарту • Механикалық тазалау ағын сулардан ерімеген минералды және органикалық қоспаларды бөліп шығаруда қолданылады. Бұл тазалау алдын ала тазалауға жатады және ағын суларды биологиялық және физико-химиялық тазалау әдістеріне дайындауға арналған. Механикалық әдістің нәтижесінде қалқымалы заттарды 90%-ға, ал органикалық заттарды 20%-ға дейін төмендету қамтамасыз етіледі. • Механикалық тазалау құрылысының құрамына торлар, ұстап алғыштардың кейбір түрлері, тұндырғылар, фильтрлер кіреді. Құмұстағыштар ағын сулардан ауыр минералдық қоспаларды (көбінесе құмды) бөліп шығаруда қолданылады. • Құрғатылған құм жол жұмыстарын өндіруде және құрылыс материалдарын жасауда қолданылуы мүмкін. • Орталатқыш ағын сулардын құрамын және жұмсалуын реттеуде қолданылады. Орташалау келетін ағын судың ағынын дифференциялаумен немесе бөлек науаларды араластырумен жүзеге асырылады. • Бастапқы тұндырғылар ағын сулардан, гравитациялық күштің әсерінен тұндырғының түбіне тұнып қалатын немесе оның бетіне қалғып шығатын қалқымалы заттарды бөліп шығару үшін қолданылады. • Құрамында мұнай және мұнай өнімдерінің концентрациясы 100 мг/л асатын ағын суларды тазалау үшін мұнай қаққыштар қолданылады. Мұнай және мұнай өнімдері ағын судың бетіне шығып, мұнай қаққыштан жиналған соң утилизацияға жіберіледі.
Су тазартудың басқа әдістері Биологиялық тазарту – күнделікті мен өндірістік ағын суларды тазартуға арналған, тәжірибеде кең қолданылатын әдіс. Оның негізінде ағын суларда болатын органикалық қосылыстардың биологиялық тотығуның үрдісі жатады. Биологиялық тотығу жай мен қарапайым балдыр-организмдер, бактериялар түрлілігі арқылы жасалады. Химиялық пен физико-химиялық әдістер өндірістік ағын суларды тазартуда үлкен рөл атқарады. Олар механикалық пен биологиялық әдістермен қатар қолданылады. Нейтрализациялау қышқылды өндірістік ағын суларды тазарту үшін қолданылады. Нейтрализациялау биологиялық сулардың бұзылуын, тазартатын орнатылымдар жасалынған материалдардың бұзылуын алдын алу үшін қолданылады
1. Жоғары қысымды сүзгі 2. Картрижды сүзгі
Жоғары жылдамдықты арынды суға арналған сүзгілер – бұл сүзгілер берік коррозияға төзімді материалдан жасалған және сүзгіш материалдармен толтырылған бағанаға ұқсас, арнайы ыдыстар болып табылады. Осы материал арқылы өтетін кезде суды сүзу туындайды (тазарту дәрежесі шамамен 30 мкм). Бағананың жоғарғы бөлігінде сүзу процессінің параметрлерін және регенерация жиілігін айқындайтын басқарушы блок орнатылады (сүзгі материалының қасиеттерін қалпына келтіретін арнайы режим). Бұл сүзгі судағы әртекті механикалық қоспалардың жоғарғы концентрациясы кезінде тиімді қолданылады. Осы мағынада, ол, бәлкім, механикалық тазалау сүзгісінің ең әмбебап түрі болып табылады. Алайда, бұл сүзгі үшін жылытылатын үй-жайда оны орналастыру үшін жеткілікті орын болу қажет, сондай-ақ, қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету үшін дренажды магистраль ескерілуі тиіс. Суға арналған патрондық (картрижді) сүзгілер – бұл жерде сүзгілеуші материал ретінде пластик немесе болаттан жасалған мықты корпусқа (колба) орналасатын ауыспалы элемент (картридж) қолданылады. Тазарту дәрежесі 30 -дан 0, 5 мкм-ге дейін. Суық суды тазалауға арналған фильтрлердің, көбінесе, сүзгі картриджінің ластану дәрежесін визуалды бағалауға мүмкіндік беретін мөлдір пластиктен жасалған корпусы болады. Ыстық суға арналған сүзгілердің корпусы күңгірт ыстыққа төзімді пластиктен немесе тот баспайтын болаттан жасалады. Сүзгінің осы түрінің ерекшелігі сүзгі элементін мерзімді ауыстыру қажеттілігі болып табылады.
Атқарылатын жұмыстар
• Қауіпсіз көму орның орнату және қолдану, оны бақылау үшін қол жетімді бағдарлама жасау. • Құрылыс қалдықтары мен зақымданған жерді жою және көму орнына апару. • Зақымданған материалдарды жою.
Жұмыс 70% А-бөлімі үшін 5600000 Д-бөлімі үшін 4400000 Қалған бөлімдер үшін 20500000 Тауарлар 1000000 Несие ұйымдастыру үшін комиссия 403900 Бөлінбеген ақша 8096100
Ochistka_reki_Syrdaryapptx.pptx