умные города.pptx
- Количество слайдов: 32
Жоғары технология – заманауи дамудың негізі. Соңғы 10 жыл ішінде ақпараттық технология дүниені танымайтындай дәрежеде өзгертіп жіберді. Ғылыми жаңалықтар тұрмыс-тіршілігімізді, жұмысымыз бен демалысымызды өзгертіп жіберді.
“Ақылды” қалалар дегенде мына критерийлер есепке алынады: қаладағы ресурстарды тиімді жұмсауда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, халықтың жасау тәрізін жақсарту және қоршаған ортаға әсері.
Бүгін жер шарындағы 10 “ақылды” қалалары туралы айтамыз және осы арқылы жоғары технологияның дүниенің кейбір бұрыштарын жаулап алғанына көз жеткіземіз.
Барселона — көмірқышқыл газ шығаруды қысқарту бағытында смарт-технология мен шешімдерді пайдаланып келеді. Бұл қала 10 жыл бұрын алғашқылардан болып күннің жылу қуатын қолдануды міндеттеуші бұйрық шығарған болатын. Осы жылдың басында Барселона қалалықтарға электрмобильдерді қолдануды және оларға арнайы қуаттаушы станция қызметтерін жолға қоюшы LIVE EV жобасын іске асырды. Одан тысқары қала инновация жасайтын зертханаларды іске қосты.
Гонгконг – әлемде сандық технология бойынша 3 -орынды, жасау тәрізі жағынан 70 -орынды иелейді. Сондықтан Гонконг “ақылды қалалар” тізімінде 9 -орынға шықты. Гонгконг RFIDтехнология саласында зерттеу жүргізіп, көбінесе оны әуежайларда қолданады. RFID (Radio Frequency Identification – радиожиілікпен анықтау) – бұл технология арқылы объекттерді автоматты түрде анықтайтын тәсіл қолданылып, бұнда ақпарат радиосигнал арқылы жазылады. Қазіргі кезде RFID-технологияларды ауыл шаруашылық саласында қолдану қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, Гонгконг қаласы смарткарта қолдануда және енгізуде көшбасшы есептеледі, қалада миллиондаған тұрғын қоғамдық көлікте, кітапханаларда, автотұрақтарда және дүкендегі тауарларды алуда және тағы басқа жерлерде көп қолданылады.
Копенгаген – Siemens компаниясының зерттеуі бойынша ең жасыл қала болып есептеледі және инновацияны енгізуде көш бастап келеді. Қала сонымен қоса 2015 жылға дейін көміртек бейтараптылыққа жету міндеттемесін алған: сол кезге дейін қала тұрғындарының 40% велосипед мінеді екен.
Берлин – инновация саласында әлемде 14 орын, қоршаған ортаны сақтаудан Еуропада 8 -орын, өмір сүру деңгейінен 17 орынды иелейді екен. Одан тысқары Берлин Vattenfall, BMW және басқа да компаниялармен серіктестікте арнайы vehicle-to-grid (V 2 G) концепциясын дамытып жатыр. Ол жалпы энергиялық желіге қуатпен жалғанып, ауысып қалған энергия жүйеге қайтарылатын арнайы электр-гибридтерді қолдану болып есептеледі.
Токио – Азия қалалары ішінде көшбасшы, әлемде инновация бойынша 22 -орын, ал сандық технологиядан 15 -орынды иелейді. Өткен жылы өз аумағында экосмартқалашықтар салуды жоспарлап жатқандығы жайлы мәлімдеді. Panasonic, Accenture, және Tokyo Gas көмегімен эко-қалашықта күн панелінен жасалынған үйлер ғана болып, интеллектуалды желіге жалғанған аккумулятор батареялар мен энергияға тиімді құрылғылар ғана қолданатынын айтып өткен.
5 орын Лондон
Ұлы Британия астанасы барлық көрсеткіштер бойынша әлемде жоғары орындарды иеленген. Лондон – өзінің енгізіп жатқан инновациясымен және сенімді инфрақұрылымдарымен танымал. Лондон Империялық колледжінде “ақылды қалалар” Зерттеу орталығын ашу жоспарланып отыр. Дүниенің әр бұрышынан келген мамандар қаланың көлік, ғылым, басқару, тұтынушылық және бизнес салаларына инновация енгізіп үйренбекші. Одан тысқары, жақында Лондон қаласы 02 компаниясымен біргелікте Еуропадағы ең үлкен Wi-Fi желіні іске қосуын айтқан болатын.
4 орын
Нью-Йорк – өмір сүру деңгейінен басқа (47 орында) барлық көрсеткіштер бойынша жоғары орында тұрады. Соған қарамастан 2009 жылы қалада IBM бизнес үшін аналитикалық шешімдер орталығы (IBM Business Analytics Solution Center) ашылып, ол әлемдегі “ақылды қалалар” мен бизнес орталықтарды дамыту және оптимизациялаумен айналысады. Сондай-ақ, Нью-Йоркте IBM өрт сөндіру және басқа да төтенше жағдайларды алдын алу ісшараларында қатысады.
3 орын Париж
Париж – инновация бойынша 3 -орын, Еуропаның жасыл қалалары ішінде 10 орын, сандық технологиядан 11 -орын және тағы басқа көрсеткіштер бойынша да жоғары орында тұрады. Жақында енгізілген Velib велосипедшілер бағдарламасымен Париж әлем картасында белгілеп қойылды. Енді осыны үлгі тұтып 250 -ден аса пункттерде жалға берілетін электрмобильдермен Autolib бағдарламасы іске қосылады.
2 орын Торонто
Торонто – Солтүстік Америкадағы “ақылды қалалар” тізімінде жоғары орынды иелеп, басқа да көрсеткіштерден жақсы нәтижеге ие. Осы қыста қалада Бизнес шешімдер бойынша IBM орталығы (Business Analytics Solutions Center) ашылды. Торонто — C 40 тобының (Large Cities Climate Leadership Group — атмосферадағы көмірқышқыл газ шығарылуын қысқартумен және глобалдық климаттық өзгеріске адаптациялаумен айналысушы әлемдік қалалар тобы) белсенді мүшесі. Қалада сондай-ақ қоқыс машиналарды энергиямен қамтамасыз ету үшін қоқыстардан жиналған табиғи газды қолданады.
Кішкене күтілмеген нәтиже болуы мүмкін, бірақ барлық санат бойынша Вена ТОП 10 -дыққа кірген жалғыз қала: инновациядан 5 -орын, жасылданудан 4 -орын, өмір сүру сапасы жағынан 1 -орын, сандық технологиядан 8 орынды иелеген. Жергілікті әкімшілік өз алдына нақты мақсаттарды қойып, Smart Energy Vision 2050, Roadmap 2020, Action Plan 2012 -2015 сияқты бағдарламалрмен халықтың жағдайын және сандық технологияны дамытып жатыр. Осыларды амалға асыруға ірі корпорациялар жұмылдырылған. Тағы да қала көмірқышқыл газын шығаруды қысқарту, қаланың көлік жүйесін өзгерту және жерді тиімдірек пайдалану сияқты істерді амалға асырып жатыр.