сагат слайд.pptx
- Количество слайдов: 12
Жоғары техникалық мектебі Пән: Байланыс желісінің қондырғылары Тақырыбы: Жоғарғы вольтты кабельдерді басқару және қорғау аппараттарымен қамтамасыз ету Орындаған: 11 г 422 топ студенті Иманғалиев С. А Тексерген: Гайнуллин М. Б. ОРАЛ-2015 ж
КІРІСПЕ Жоғарғы вольтты кабельдерді басқару және қорғау аппараттарымен қамтамасыз ету курыстық жұмыстың тақырыбы болып отыр. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиардтай халықтың электр қуатынсыз күні қараң. Ақыл ойдың арқасында табиғаттың да, тіршілік атаулының да қожасына айналған адамзат атаулының өмір өзегі энергияға тәуелді. Күнделік тіршілігінде технология жетістіктерін тойымсыз тұтынуға барынша бейімделген өркениет пенделерінің күннен – күнге өсіп бара жатқан сұранысын қанағаттандыруға енді табиғат – ана да тарлық ете бастаған сыңайлы. Жаһанда энергетикалық тапшылық қаупі буып барады. Осыны анық сезінген саналы өркениет өкілдері алғаш рет энергетикалық қауіпсіздік атты әлемдік проблеманы күн тәртібіне өткір қойып отыр. Ел экономикасының бүгінгі қарқынды даму жағдайында электр энергиясына деген сұраныс күннен – күнге артуда. Бүгіннің өзінде электр энергия өндіру көлемі оны тұтыну мөлшерінен әлде қайда төмен. Мәселен, 2011 жылдың қорытындысы бойынша елімізде тұтастай алғанда 86, 2 млрд к. Вт/сағ, электр энергиясы өндірілсе, жыл ішіндегі оны тұтыну көлемі 88, 1 млрд к. Вт/сағ құраған. Әрине бұл 2010 жылмен салыстырғанда тиісінше 104, 7 және 105, 4 пайыз артық. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқайда басталған. Ғалымдардың болжамы бойынша ХХI ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 -шы жылдары 20 пайызға, 2040 жылы 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Жыл қорытындысының деректері бойынша 2011 жылы елімізде балама көздері арқылы алынған электр энергиясы қуатының мөлшері 423 млн к. Вт/сағ тең болып отыр. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. «Ұлтттық инновациялық қор» АҚ-тың Қазақстан энергетикасындағы балама қуат көздерін зерттеу жөніндегі деректеріне сүйенсек, қазіргі еліміздің энергетикалық әлеуетінде ЖЭО-ның өндіретін электр энергетикасының үлесі 88 пайызды, гидроэлектр стансаларының үлесі 12 пайызды құраса, балама энергетикалық қуат көздерінен алынатын электр энергиясы 0, 02 пайызды құрайды екен. Солай бола тұрса да, елімізде балама қуат көздері, атап айтқанда, жел, күн және су сияқты балама қуат көздері энергетикалық ресурстарынын едәуір бөлігін бере алады.
ЖОҒАРҒЫ ВОЛЬТТЫ АЙЫРҒЫШТАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ 1. 1 Ажыратқыш және айырғыш маркаларын таңдау Электрлік қондырғыларды номиналды және Қ. Т тоғы бойынша тексеру. Әрбір электрмен қамту обьектісінің сенімді жұмысы әрбір таңдалған қондырғының тоғын номиналды режим шарттарына және қ. т. кезіндегі жұмыс шарттарына сәйкес келгенде қамтамасыздандырады. Сондықтан электр жабдығын алдымен номиналды параметрлері бойынша таңдаймыз, содан соң қ. т. тоқтарының әсеріне тексереміз. Жоғары кернеулі ажыратқыштар номиналды кернеу, тоқ, номиналды айырылу тоғы, соққы тоғы, термиялық тұрақтығы бойынша таңдалады. 10 к. В жаққа ажыратқыш және айрғыш тандаймыз; а) Кірмелі ажыратқыш Iвв расч мах= б) Секциялық ажыратқыш Iвс расч мах= с) Ячейкаларға кететін Iво расч мах= Кірмелі ажыратқышжәне айрғыш тандаймыз: Iвв расч мах= 808, 2 А Осы табылған тоққа байланысты ажыратқыш және айрғыш тандаймыз
Кернеулік трансформаторды таңдау Кернеулік трансформаторды таңдау шарты: Uуст. н≤U 1 н, S 2≤Sн мұндағы: Uуст. н- қондырғының қалыпты кернуі, U 1 н -кернеулік трансформатордың бірінші реттік кернеуі, S 2 - жүктеме есебі, Sн- қабылданған дәлдік класындағы кернеулік трансформатордың қалыпты жүктемесі. Аспаптардың берілімі бойынша қуатты есептейміз: S 2= мұндағы : Р- активті қуат Q-реактивті қуат НТМИ-10 к. В-ті кернеулі трансформатор таңдаймыз Номинальді толық қуаты SН= 16, 4 ВА, Трансформатор ЗНОМ 35 к. В SН=150 ВА> SP= 16, 4 В
РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АВТОМАТИКА 2. 1 Максимальді токтық қорғаныс параметрлері Максимальді тоқтық қорғаныс және тоқтық кесу қарастырылады. Релелік қорғаныс сенімді болуы керек. Оның сенімділігі жоғарғы вольтты және сенімді жұмыс жасайтын, уақытымен қорғағыш құрылғыларды бақылаудан өтіп, күтілетін және таза жөндеу жасалатын, саны аз реледен, контакталардан және тораптардан құралатын қарапайым қорғаныс сұлбасы жасалған релелер мен басқа да құрылғыларды қолданумен қамтамасыз етіледі. Релелік қорғаныстың негізгі параметрлері: 1) Реле мен қорғаныстың іске сенімді қосылатын (первичный тоқ және реле орамындағы тоқ) минималды тоқтары: қорғаныстың іске қосылу тоғы Іср. з және реленің іске қосылу тоғы Іср. р. 2) Реле орамындағы тоқтың номиналды симметриялық режимдегі тоқ трансформаторының екінші орамындағы тоққа қатынасты Ксх. , сұлба коэффициенті 3) Тоқ трансформаторы мен реленің жұмысының қисықтығын, асқын жүктемелер мен есептеулердің дәлдігін санайтын сенімділік коэффициенті Кн; қорғаныстың таңдалуына байланысты 1, 2 және одан жоғары алынады. 4) Қайтарылу коэффициенті Кв. Тоқ (немесе кернеудің) қайтарылуының Ів реленің іске қосылу тоғына (немесе кернеуіне) қатынасы. 5) Қайтарылу тоғы Ів – реленің қозғалатын бөлігін бастапқы орнына қайтаратын максималды тоқ. 6) Тоқ трансформаторының трансформация коэффициенті Ктр-бірінші реттік орам санының екіншісіне қатынасы. 7) Қорғаныстың сезгіштік коэффициенті – қорғалатын зонаның соңындағы Ік. з. қысқаша тұйықталу тоғының минималды мәнінің (екі фазалық қысқаша тұйықталу кезіндегі) реленің іске қосылу тоғына қатынасы
3. 0 ШЫҒЫСТЫҚ 10 - 35 КВ ЖЕЛІСТЕРІН ЖӘНЕ 110 КВ ЖЕЛІСТЕРДІ ҚОРҒАУ 3. 1 110 к. В және 35 к. В, 110 к. В таратқыш желілерін қ. т. – дан қорғау максимальдық токтық қорғау МТҚ – тың ток бойынша қамту керек; Апаттан кейінгі жүктеме кезінде қорғалатын желінің сөңуінен қорғаныстың іске қосылмауы; Әрекеттің келісуі (ток пен уақыт бойынша); Барлық қ. т. түріндегі керекті сезімталдылық. Жоғарғы кернеу жағындағы номиналды токты анықтаймыз. Ол мына формула арқылы анықталады (4. 1): РТ-40 релесіне негізделген қорғаныстың іске қосылу тоғын табамыз мұндағы =1, 2 - 110 к. В желіс үшінсенімділік коэффициенті -=0, 8 қайту коэффициенті , = -сүлба коэффициент А Максималды токты, қалыпты тоқтан үш есе көп аламыз ТВ-110 -300/5 токтрансформаторын таңдаймыз. мұндағы - трансформациякоэффициенті
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ Қалыпты жағдайда электроқондырғылардың корпусымен электр кернеуі жүрмейді. Алайда ток жүрген кезде олар қауіпсіз болу үшін, электржабдықтардың корпусын, кейбір металл бөлшектерін сенімді қорғаныс үшін жерлендіреді. Қосалқы станцияны жерлендіру. Электроқондырғылармен жұмыс істеуде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі-қорғаныстық жерлендіру. Жобаланып отырған қосалқы станциясы және де оған келіп тұрған 110 к. В - ӘЖ, 35 к. В- ӘЖ, 10 к. В- ӘЖ атмосфераны зиянды қалдықтармен ластанудан сақталған. Қоршаған ортаны апат кезінде май трансформаторының сыртқа шығарылуынан және өртті болдырмауды алдын алу шарты үшін жабық май қабылдағыш құрылғы қарастырылған. Құрылғылардағы барлық майдың сыртқа шығарылуы жойылу керек. Ластанған тастар (щебень) шайылуы керек. Найзағай соққысынан электрмен жабдықтау системасының элементтерінде атмосфералық асқын кернеу туындайды. Найзағай соққысынан қорғау шарты алдын ала қарастырылған және найзағай тартқышты орналастырған. Бірақ найзағай тартқыш құрылғыны толығымен найзағайдан қорғамайды. Жерлендіру құрылғыларының есебі, жерлендіргіштің есебіне тіреледі, себебі, жерлендіруші өткізгіштерді көбіне механикалық төзімділігіне, тотығуға бейімділігіне қарап, ТП (ТПЕ-техникалық пайдалану-ПТЭ) және ЭҚ (ЭҚЕэлектр қондырғылары-ПУЭ) ережелеріне сәйкес таңдап алады. -ЭҚЕ бойынша рұқсат етілген жерлендіру кедергісі анықталады; -Топырақтың жаздағы кебуі мен қыстағы қатуын (жоғарлатылған еселегіш арқылы) ескере отырып, топырақтың есептік меншікті кедергісі Р анықталады;
4. 1 Қосалқы станцияны жарықтандыру Қосалқы станцияны жарықтандыру кронштеиндердің көмегімен бекітілген. Қабылдағыш порталдардың металл тіректерінде орнатылған прожекторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Қосалқы станция бетінің жарықтану ауданы: S=а*в где: а=51 м-қосалқы станция ені в=53, 5 м-қосалқы станция ұзындығы S=51*53, 5=2728, 5 м 2 Жарықтанудың меншікті қуатын анықтаймыз P= m E k Вт/м 2) мұндағы: E- жабдықтардың бетінің жарықтандыру нормасы E= 5 л. к. – жабдық бетінің нормаланған жарықтану мөлшері k=1, 3 - қор коэффицентті m=0, 15 -меншікті қуаттың үлкейтілген коэффициенті; P=0, 15*5*1, 3=0, 98 Вт/м 2 Жарықтану үшін қажетті қуат де найзағайдың соққысын өзіне тартып алады.
ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕДЕРГІЛЕРІН ЕСЕПТЕУ Қосалқы станцияны жерлендіру. Электроқондырғылармен жұмыс істеуде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі-қорғаныстық жерлендіру. Қалыпты жағдайда электроқондырғылардың корпусымен электр кернеуі жүрмейді. Алайда ток жүрген кезде олар қауіпсіз болу үшін, электржабдықтардың корпусын, кейбір металл бөлшектерін сенімді қорғаныс үшін жерлендіреді. Қосалқы станция жерлендіргішіне ерекше көңіл бөлінеді. Жерлендіру құрылғыларының есебі, жерлендіргіштің есебіне тіреледі, себебі, жерлендіруші өткізгіштерді көбіне механикалық төзімділігіне, тотығуға бейімділігіне қарап, ТП (ТПЕ-техникалық пайдалану-ПТЭ) және ЭҚ (ЭҚЕ-электр қондырғылары-ПУЭ) ережелеріне сәйкес таңдап алады. -ЭҚЕ бойынша рұқсат етілген жерлендіру кедергісі анықталады; -Топырақтың жаздағы кебуі мен қыстағы қатуын (жоғарлатылған еселегіш арқылы) ескере отырып, топырақтың есептік меншікті кедергісі Р анықталады; -Бір вертикальді электродтың есептік балқу кедергісі анықталады; -Алдын ала алынған пайдалану еселегіші бойынша вертикальді жерлендіргіштердің саны анықталады; -Горизантальді электродтардың есептік балқу кедергісі анықталады; -Горизантальді қосылыстар жүргізуді ескере отырып, вертикальді электродтың қажетті балқу кедергісі анықталады; -Пайдалану еселегіш ескере отырып, вертикальді электродтың саны анықталады;
Климаттық аймағы Климаттық аймағы – үшінші. Қосымша жерлендіруге 1, 3 Ом кедергілі жерлендіргіш кедергі 0, 5 Ом болуы керек болғандықтан, 10 к. В жағындағы жерлендіру кедергісінің шамасын тексереміз. Жерлендіргіш кедергісін есептеу келесі ретпен жүргізіледі. Берілгендері: l=5 стержен ұзындығы (м); d=0. 5 стержен диаметрі (см); =0. 89 эфективті коэффицент мәні; =600 жердің меншікті кедергісі (ом*м) тас аралас; Rн=4 ом: қосу құрылғысының нормаға алынған келергісі (Ом); А=53, 5 м: аумақ ұзындығы; В=51 м: аумақ ені; 1 Жермен қосқыштарды есептеу кезінде бірінші кезекте қосқыштарды орналастыру әдісіне сәйкес жекеленген қосқыштың тоқ таралуға кедергісі анықталады. Қосқыштың орналасу түрі менде төмендегідей; R= R= Мұнда; L=5 стержен ұзындығы (м); d=0. 5 стержен диаметрі (см); =0. 89 эфективті коэффицент мәні; =600 жердің меншікті кедергісі (ом*м) тас аралас; h=0. 8+2. 5 h 0=0. 8 l=2. 5
ҚОРЫТЫНДЫ Бұл курыстық жұмыста жоғарғы вольтті кабельдерді басқарау және қорғау аппараттарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырдық. Бұл курыстық жұмыста 5 бөлім қарастырылған. Бірінші бөлімде жоғарғы вольтты айырғыштарды таңдау және оларды тексеру. Оның ішінде электрлік кабельдеге байланысты ажыратқыш және айырғыш маркалары таңдалынып алынды. Басқару аппараттарының есептеу жолдары қарастырылды. Екінші бөлімде релелік қорғаныс және автоматика аппараттары қарастырылды және олардың параметрлері кабельдің сипаттамаларына байланысты есептеліп алынды. Максимальді токтық қорғаныс параметрлері кабельдер жүйесінің орнатылуына байланысты жүргізілді. Шығыстық 10 - 35 кв желістерін және 110 кв желістерді қорғау аймақтары қарастырылды. Соңғы бөлімде еңбекті қорғау яғни кабельдердегі басқару және қорғау аппараттарының қосалқы станцияны жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Жерге қосу кедергілерін есептеу жүргізілді.
Назарлаңызға Рахмет!!!!!
сагат слайд.pptx