Айтмаганбетова жогаргы сат.осм.pptx
- Количество слайдов: 36
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Embryophyta) - күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды- (Cormophyta). Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді - жынысты - (гаметофит) жэне жыныссыз - (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы - антеридий - аналығы - архегоний -әрқашан көпжасушалы.
Классификация ринифиттер сарыбауырлылар плаун тәрізділер псилотәрізділер қырықбуындар папоротниктер жалаңаш жабықтұқымдылар
Ринниофиттер бөлімі – RHYNIOPHYTA. Ринниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2 -3 туыс жатады. Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді. Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшелігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды. Негзгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады. Ксилемасы тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады. Теломның шет жағы фотосинтездің қызметін атқарады. Эпидермисінде устьица аппараттары орналасады. Жер асты бөлігінің устьицасы болмайды. Нағыз тамырлары жоқ оларды ризоидтары алмастырады. Риннофиттердің гаметофиттері табылмаған. Классификациясы. Ринниофиттер бөлімі екі кластан тұрады : риниопсидтер (Rhinyopsda) зостерофиллопсидтер. (Zosterophyllopsida). Негізгіөкілдерінің біріне риния (Khynia туысы) жатады. Оның биіктігі 20 см, диаметрі 3 мм болатын шөптесін өсімдік.
Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200 -500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3 -5 тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.
Шоқпарбас плаун өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. Бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0, 5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылына бір рет түзіледі.
Қырықбуынтектестер Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша 15 -тен 32 -ге дейін өсімдіктердің түрі бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең, таралған. Еуразияда 11 түрі өседі. Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын — лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын — лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын — лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre).
Қырықбуын
Мүктәрізділер Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000 -нан 27 000 -ға дейін түрлері бар. Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді. Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.
Папоротниктәрізділер Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділер. Папоротниктәрізділердің сабақтары алуан түрлі болады. Көп жағдайда сабақтары жер. Папоротниктердің спорангийлері жапырақтың астыңғы жағында көп мөлшерде жетіледі. Спорангийлері не кәдімгі вегетативтік жапырақтарында, немесе ерекше спора түзетін. Пісіп жетілген спорангийлер өздерінің ашылуын қамтамасыз ететін қабырғаларында арнайы. Әр түрлі споралы папоротник тәріздердің өкілдерінің өте қарапайым болып келеді. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діңдері колоны тәрізді бұтақтанбайтын, радиальды Папоротниктәрізділер бөлімінің көбеюі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты қоңыржай климатты зоналарды өсетіндерінде болады. Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Архегонийдің құрылысы әдеттегідей құмыра тәрізді, оның төменгі кеңейген бөлігі, гаметофиттері спорангилерінің ішінде пайда болады.
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600 -дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. тдың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т. б. ) шаруашылыққа маңызы зор.
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30 -50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15 -20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6 -12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50 -ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50 -150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы, яғни бүрі орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.
Шырша
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500 -600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50 -60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6 -7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5 -6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады. Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Қарағай
Жалаңаштұқымдылар
Көбеюi Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады. Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық. Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi : аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады. Аталық бүр өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының iшiнде көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады. Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi
Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады. Орман ағаштары кесiлген және өрт шалған жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда болады. Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын тоқтатады. . Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен қылқандары құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше заттар бөлiп шығарады. Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар, қардың еруiн баяулатады, мұның өзi топырқтағы ылғалдың артуына мүмкiндiк бередi.
Жабық тұқымдылар Гүлді өсімдіктер , жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae) – өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы – тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты) 150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен, өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар. Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен жемістерінің жануарлар арқылы таралуы себеп болған.
Жабық тұқымдылар Дара жарнақтылар Қос жарнақтылар
Лалагүлділер Қызғалдақ– лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі.
Қызғалдақ
МҮКТӘРІЗДІЛЕР
ЖОСПАР: СИСТЕМАТИКА ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ ЖАСЫЛ МҮКТЕР КӨКЕК ЗЫҒЫРЫНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ Папортник
Мүктәрізділердің 3 класы: Marchantіopsіda Bryopsіda Anthocerotopsіda
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ Дүние жүзi бойынша мүктердің 2000 -нан 27000 -ға дейiн кездеседi. түрлерi Мүктер ылғалы мол жерлерде қалың болып өседi, ал орманның батпақты жерлерiнде олар жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
ЖАСЫЛ МҮК КӨКЕК ЗЫҒЫРЫ Қөкек зығыры деп аталу себебі: сабағының ұшындағы қалпақшасы зығыр талшығы секілді жіңішке тілімделген болғандықтан.
Жасыл мүк - екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек үлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқ ылы бекінеді.
ЖАСЫЛ МҮКТЕР КӨКЕК ЗЫҒЫРЫ КӨБЕЮІ ЖЫНЫСТЫ ЖЫНЫССЫ З
КӨКЕК ЗЫҒЫРЫНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Жынысты көбеюі Аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктіңең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқажасушасынан қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақтың ішінде споралар дамиды. Спора - екі қабықшадан тұратын жасуша.
Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өліп, тармақталған жіп тәрізді жасыл балдырларға ұқсас өскінше пайда болады. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреулерінен - аналық өсімдіктер, ал екіншілерінен аталық өсімдіктер жетіледі.


