ZhMF_3_kurs_2_semestr.ppt
- Количество слайдов: 37
ЖМФ, 3 курс 2 семестр «Ас қорыту жүйесі» модулі № 1 тәжірибелік сабақ Ас қорыту жүйесінің атқаратын қызметтерін зерттеу әдістері. Ауыз қуысы мен асқазандағы ас қорытылуының физиологиялық негіздері. Доцент Сайдахметова А. С.
Сабақтың мақсаты: n ауыз қуысы мен асқазандағы астың қорытылуының физиологиялық негіздері мен жас шамасына қатысты ерекшеліктері бойынша білім алу, оны бекіту және ас қорыту жолының жоғарғы бөліктерінің р. Н реакциясын зерттеу дағдысын игеру.
Оқыту міндеттері: Студент білуі керек: - ас қорытудың негізгі кезеңдерін, түрлерін, жасқа қатысты ерекшеліктерін және бұл жүйенің функцияларын; - сілекей мен асқазан сөлінің сандық және сапалық негізгі көрсеткіштері мен олардың реттелу механизмдерін; - ас қорыту жүйесінің іс-әрекетін реттейтін физиологиялық механизмдерді; - алынған білімді организмдегі қоректік заттардың тұрақтылығын ұстап тұратын функциялық жүйенің қызметін түсінуге пайдалану;
Студент үйреніп алуы қажет: - ас қорыту жолының жоғарғы бөліктерінің р. Н реакциясын зерттеу, алынған нәтижені түсіндіре алу; - тәжірибеде сілекей мен асқазан сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу, алынған нәтижені түсіндіре алу; - болашақта ас қорыту жүйесі функциясының бүлінуі нәтижесінде туындайтын ақауларды зерттеуге және ғылыми тұрғыдан түсінуге теориялық база қамтамасыз ету.
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арнылған бақылау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Секреция сипатына сай сілекей бездері қандай топтарға бөлінеді? Мастикациография деген не? Сілекей бөлу орталығы қайда орналасқан? Жұту рефлексі кезеңдерін атаңыздар. Асқазан сөлі ферменттерін атаңыздар және олардың әсерін сипаттаңыздар. Асқазандағы ас қорыту процесі немен аяқталады?
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Организмдегі қоректік заттардың тұрақтылығын ұстап тұратын функциялық жүйе. 2. Ас қорыту: түрлері, негізгі кезеңдері, зерттеу әдістері, реттелу механизмдері. 3. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Балалардағы ерекшеліктері. 4. Шайнау, жұту кезеңдері. 5. Сілекей: көлемі, құрамы, қасиеттері, сілекей бөлінуі реттелуі. 6. Асқазанның сөл бөлу әрекеті: асқазан сөлі құрамы, қасиеттері, сөл бөлінуінің реттелуі. 7. Асқазанның қимыл-қозғалыстық және эвакуациялық әрекеттері. 8. Балалардың асқазанында астың қорытылу ерекшеліктері.
Қоректенудің функциялық жүйесі
Ас қорыту жүйесі құрылысы
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ: n СЕКРЕЦИЯЛЫҚ n ЭКСКРЕЦИЯЛЫҚ n ИНКРЕЦИЯЛЫҚ n МОТОРЛЫҚ n СІҢІРУ
Ас қорыту жолындағы процестер кезегі
Ас қорыту конвейері: Мүшелік: ауыз қуысындағы қорытылу – асқазандағы қорытылу – ішектік қорытылу.
Физикалық және химиялық: ұнтақталу, шылану, ісіну, тағамның еруі; белоктар денатурациясы; полимерлердің олигомерлерге, онан соң мономерлерге гидролизденуі; олардың қан мен лимфаға тасмалдануы;
Ас қорыту түрлері: Ыдырау процесінің жүріп өткен жеріне байланысты: n Жасуша ішілік – фагоцитоз және пиноцитоз (эндоцитоз – лизосомалық ферменттермен гидролиздену) n Жасушадан тыс: 1. Дистантты 2. Контактілі, қабырғалық (мембраналық)
АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ АС ҚОРЫТУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: 1. 2. ҚАНДЫ, ТЕЗ АРАДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН; ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН: ФИСТУЛА (ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ) РЕНТГЕНОГРАФИЯ МИКРОПЕРФУЗИЯ МИКРОПУНКЦИЯ МАСТИКАЦИОГРАФИЯ ГНАТОДИНАМОМЕТРИЯ СІЛЕКЕЙ БЕЗІ ӨЗЕГІНЕ КАПСУЛА ҚОЮ
Асқазандық қимыл-қозғалыстар: ФАЗАЛЫҚ (ПЕРИСТАЛЬТИКАЛЫҚ)– минутына 3 толқындық бүлкілдеу: 1. амплитудасы қысқа, 5 -20 сек созылады; 2. амплитудасы биік, 12 -60 сек созылады; n n ТОНУСТЫҚ – минутына 6 -7 реттік жиырылу- астың 12 елі ішекке өтуін қамтамасыз етеді (6 -7 минутқа созылған);
Сілекей безі өзегіне фистула қою
СІЛЕКЕЙ ФЕРМЕНТТЕРІ: Карбогидразалар: n АЛЬФА – АМИЛАЗА (птиалин); n АЛЬФА – ГЛЮКОЗИДАЗА (МАЛЬТАЗА); Бактериоцитті және дезинфекциялық қасиеті бар: n МУРОМИДАЗА (ЛИЗОЦИМ); n ПРОТЕИНАЗАЛАР (САЛИВАИН, ГЛАНДУЛАИН); n РНҚ – азалар.
СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ ЖІКТЕЛУІ: 1. ҮШ ЖҰП ҮЛКЕН: n ЖАҚ АСТЫ; n ТІЛ АСТЫ; n ШЫҚШЫТ; 2. КӨПТЕГЕН ҰСАҚ: n ТІЛДІҢ , n ҰРТТЫҢ , n ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙДЫҢ ШЫРЫШТЫ БӨЛІКТЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН
МУЦИНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ ЖІКТЕЛУІ n СЕРОЗДЫ – муцины жоқ, сұйық, амилаза активтілігі жоғары, шықшыт (құлақ маңы безі), тілдің бүйірінде орналасқан кіші бездер; n АРАЛАС –муцин бөледі, сілтілі, фосфатазалық активтілігі жоғары, жақ асты , тіл асты және ұсақ бездер; n ТАЗА ШЫРЫШТЫ – муцины өте көп, негізінен тілдің негізі мен таңдайдың шырышты ұсақ бездері.
СІЛЕКЕЙ БӨЛІНУІ РЕТТЕЛУІ: n ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКСТІ; n ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТІ; Ауыз қуысы рецепторларынан ОЖЖ үшкіл, бет және тіл жұтқыншақ афферентті жүйкелері арқылы беріледі. Сілекей бөлу орталығы сопақша мида орналасқан. Сілекей бөлетін бездерге сопақша мидан импульстер симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер арқылы жеткізіледі.
СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ЖҮЙКЕЛЕНУІ n Жақ асты және тіл асты сілекей бездерінің парасимпатикалық жүйкеленуі сопақша мидағы орталықтың жоғарғы бөлігінен, ал шықшыт безінікі – жоғарғы бөлігінен басталады. Екінші нейронының денесі құлақ түйінінде орналасып, онан шыққан талшықтар құлақ-шықшыт жүйкесінің құрамында бездерге жетеді. n Ганглийден кейінгі нейрон ұшында бөлінген ацетилхолин құрамында электролиттері көп, муцины аз сұйық сілекей бөлінуін арттырады.
Сілекей бездерінің жүйкеленуі n Сілекей бөлетін бездердің симпатикалық жүйкелері жұлынның ІІ – ІУ кеуде сегменттерінің бүйір мүйізшелерінен басталып, жоғарғы мойын сегменттеріндегі екінші нейрон денесіне бағытталады. Ол нейрондар аксондары бездерге бағытталады. n Ганглийден кейінгі нейрон ұшында бөлінген норадреналин аз көлемді қою, құрамында ферменттері мен муцины көп, сілекей бөледі. Негізінен симпатикалық жүйке жүйесі адамда жақ асты бездерінің жұмысын арттырады.
Парасимпатикалық жүйке әсері – секрециялық; Симпатикалық жүйке әсері – трофикалық.
Сілекей бөлу орталығы рефлексті түрде тежеле алады. Оны тежейтін факторлар – ауырсыну тудыратын тітіркендіргіштер, жағымсыз эмоция және өте күшті ой еңбегі (ауыздың кеуіп кетуі). Холиномиметиктер: пилокарпин, прозерин сілекей бөлінуін үдетеді, ал холинолитиктер: мысалы, атропин – тежейді. Асфиксия сілекей бөлінуін үдетеді.
ГИПОСАЛИВАЦИЯ (гипосиалия) – сілекей бездері секрециясының төмендеуі; ұзаққа созылған сілекей бөлінуінің төмендеуі ауыз қуысының, қызыл иектің шырышты қабатының және тістердің трофикалық бұзылуына әкелуі мүмкін. ГИПЕРСАЛИВАЦИЯ (сиалорея, птиализм) – сілекейдің өте көп мөлшерде бөлінуі; көптеген патологиялық жағдайларға тән.
ЖҰТЫНУ n n ТАҒАМДЫҚ КЕСЕКТІҢ АУЫЗ ҚУЫСЫНАН АСҚАЗАНҒА ӨТУІ. АФФЕРЕНТТІК ҮШТІК, КӨМЕКЕЙ, ТІЛЖҰТҚЫНШАҚ ЖҮЙКЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ СОПАҚША МИҒА ИМПУЛЬС ТҮСЕДІ. ЭФФЕРЕНТТІК ҮШКІЛ, ТІЛ-ЖҰТҚЫНШАҚ, ТІЛ АСТЫ ЖӘНЕ КЕЗЕГЕН ЖҮЙКЕЛЕР АРҚЫЛЫ ИМПУЛЬС СОПАҚША МИДАН БҰЛШЫҚ ЕТТЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛЕДІ. МИ ҚЫРТЫСЫ, ОРТАҢҒЫ МИ СОПАҚША МИ ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРІП ТҰРАДЫ.
ЖҰТЫНУ РЕФЛЕКСІ КЕЗЕҢДЕРІ: 1. 2. 3. АУЫЗДЫҚ (ЕРІКТІ); ЖҰТҚЫНШАҚТЫҚ (ЕРІКСІЗ ТЕЗ, ҚЫСҚА); ӨҢЕШТІК (ЕРІКСІЗ БАЯУ, ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН).
Сілекей безі өзегіне фистула қою және эзофаготомия әдістері
Асқазанға фистула қою әдісі (А. Басов бойынша)
Оқшауланған кіші қарынша әдісі (Р. Гейденгайн және И. П. Павлов )
БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР: n ГИСТОТРОФТЫ –ЖАТЫР МЕН ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАСЫ ЦИТОПЛАЗМАСЫ ҚОРЫМЕН n ГЕМОТРОФТЫ – ПЛАЦЕНТА АРҚЫЛЫ; n АМНИОТРОФТЫ – ҰРЫҚТЫ ҚОРШАП ТҰРҒАН СҰЙЫҚТЫҚ ЕСЕБІНЕН ҚОРЕКТЕНУ. n ЛАКТОТРОФТЫ – АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНУ. АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІ ТЕК ҚАБЫРҒАЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОЛИТИКАЛЫҚ АС ҚОРЫТУ ; n ЛАКТОТРОФТЫ-ДЕФИНИТИВТІ; n ДЕФИНИТИВТІ.
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары: 1. 2. 3. 4. 5. Жаңа туған балалардың жұтыну ерекшеліктері қандай? Жаңа туған балалардың асқазан сөлінің ерекшеліктері қандай? Шайнауды реттеуде мидың қандай бөліктері қатысады? Асқазан бездерінің қандай түрлерін білесіздер, олар қандай жасушалардан құралған? Неге жаңа туған балаларда асқазандағы заттар өңешке кері қайтып отырады (рефлекс) және құсу болады?
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау есептері: 1. Асқазан сөлінің құрамын талдау оның қышқылдығының күрт түсіп кеткендігін көрсеткен. Бұл асқазан жасушаларының қайсының функциясы бүлінуімен байланысты?
2. Студенттер арасында пікір таласта асқазанның қай қабатында бездер орналасқандығы туралы ортақ шешім табылмаған. Бір студенттер олар шырышты қабықта орналасқан десе, екінші біреулері – шырыш асты қабатында деп, үшінші біреулері – екеуінде де болады деген. Олардың қайсысы дұрыс айтады?
3. Көне Индияда қылмыс бойынша күдіктіні «құдай сотына» шақырған. Оған бір уыс құрғақ күріш беріп , жегізген. Егер күдікті жей алмаса – оның кінәсі дәлелденді деп есептеген. Осы пробаға физиологиялық түсініктеме беріңіздер.
4. Аш эзофаготомиялық итті жалған тамақтандыра бастайды. Осы жағдайда тамақтану ұзақтылығын не анықтайды? 5. Итке кіші қарынша операциясы жасалған. Эксперименталды түрде бұл операция Павлов жолымен немесе Гейденгайн жолымен жасалғандығын қалай дәлелдеуге болады?
6. Асқазанның пилорустық бөлігінде , айнала қоршалған жасушалардың болмауына байланысты, тұз қышқылы бөлінбейді. Бұл ерекшеліктің физиологиялық мәні неде?
ZhMF_3_kurs_2_semestr.ppt