Nik.ppt
- Количество слайдов: 21
Жеткіншектік суицидтің алдын алуға бағытталған тренинг формасындағы топтық сабақтар
Тренинг Ник Вуйчич туралы фильмнің сюжетіне сүйене отырып әзірленген. Ника өз өмірімен қажырлылықпен және өмірге құштарлықтың үлгісін көрсете алады.
Сабақтың мақсаты: өзіндік агрессия жағдайының алдын алу. Міндеттері: адамдардың соматикалық және психикалық ерекшеліктерін ұғыну; өмірге деген құндылық қатынасты қалыптастыру; жеке мүмкіншіліктерін жетілдіру. Сабақтың ұзақтығы: 90 минут. Қатысушылар саны: 12– 15 адам. Қажетті материалдар: бейнеролик « Ника Вуйчича оқиғасы» , А 4 форматы, фломастерлер. Сабақтың мазмұны « Ник Вуйчич оқиғасы» жаттығуы Тренердің кіріспе сөзі Бүгін біз сіздермен « Ник Вуйчич оқиғасы» фильмін көреміз. Сіз үшін маңызды болған ойларды есте сақтауға тырысыңыз. (Фильмді Яндекс сайтынан немесе youtube. comнан табуға болады. ) Рефлексия жаттығуы Фильм соңынан жеткіншектер өз ойларын айтып және өмірлерінен үзінді келтіреді. «Ешқашан берілмеу қажет» деген пікір талқылануы керек. Жүргізуші әр жеткіншектің ойын тыңдап әрі қолдап отыруы қажет.
«Өзгеру немесе мән-мағына табу» жаттығуы Тренер. Көптеген адамдар үрейді, қорқынышты сезініп, өзін ұсқынсызбын деп ойлауы мүмкін. Осы жағдайды үнемі ойлағандықтан өздерін нашар сезінеді. Енді осы тығырықтан шығатын жолды табайық. Қағаздың парағын алып екіге бөлеміз. Сол жағына «Өзімдегі ұнатпайтын, қабылдамайтын, жақсы көрмейтін қасиеттерім» деп жазып, сосын 3 минут бойы жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.
Никтің мынадай сөздері маңызды болып табылады: «Біз өз өмірімізге көптеген шектеулер қоямыз» . “Ешқашан тізе бүкпе!”
Никтің «Осылай дүниеге келгеніңнің жақсы жағы қандай» деген ойын жалғастырып 3– 5 минут бойы парақтың оң жағына ойымызды жазамыз. Сол жақта жазылған кемшіліктен артықшылық іздеуге тырысамыз. Рефлексия жаттығуы Тренер қатысушылардан өз ойын айтып беруін сұрайды. Жаттығудың көмегімен жинаған тәжірибелерін ортаға салуды өтінеді. Тренер. Сіздер бүгін кемшіліктердің бәрінің тиімді жағын таппасаңыздар да, ұнатпасаған қасиеттің өзінде мін бар екендігін ұғындыңыздар. Ник былай дейді: «Сен жоқ нәрсе үшін ашулануыңа немесе оны ыңғайлы пайдалана алуыңа болады. Ол сенің таңдауың» . Егер өзгертуге болатын нәрсе болса тырысып көріңіз, ал мүмкін болмаса оның да пайдалы жағын таба біліңіз.
«Адам өмірінің құндылығы» жаттығуы Тренер. Барлық адамдардың белгілі қасиеті мен қабілеттері бар, бірақ олар өзін жек көру арқылы артықшылықтарын байқамайды да. Никтің мына пікірімен келіспеске болмайды: «Әр адамның өзіндік құндылығы бар деген» . Құндылық дегеніміз –маңыздылық, пайдалылық, қажеттілік. Әр адам өз құндылығын өзін-өзі бағалау арқылы айқындайды. Ішкі қабілетімен және сыртқы бет-бейнесіне қарай өзін бағалай алатын адамдарды харизмасы бар, өзіндік бағдары бар деп айта аламыз. Өзгелер пікіріне бағынышты адамдар өзіне сенімсіз болып табылады. Қатысушылар өз өмірлерінен мысалдар келтіре отырып сұрақтарға жауап береді. Талқылаудан соң әр қатысушыға А 4 форматтағы қағазы, фломастерлер беріледі. Қағазға қатысушылар атын жазып, сосын алақанының суретін салады. Сағат тілі бойынша қағазды бір-біріне беріп, парақта жазылған адамның қабілетін, талантын, қасиеттерін бейнеленген саусақтарға жаза бастайды. әркімнің өзпарағы қайтып келгенде жаттығу аяқталады. Рефлексия жаттығуы Жаттығудан соң қатысушылар өзінің бойында бұрын байқамаған қасиеттері жайында айтып береді.
«Бұдан артығы жоқ. . . » жаттығуы Тренер. Мен сіздерге Никтің бақытты болуына көмектесетін сөзінен үзінді келтіріп отырмын, қиындық жағдайда қолдау көрсететін сөздермен толықтырыңыз. Оқушыларға өз ойларын жазу үшін парақтар таратылады. Тренер. «Бұл өмірде біреуге көмектескеннен бақытты нәрсе жоқ» деген Никтің сөзін есімізге алайық деп, өз ойларын айтуын өтінеді. Рефлексия жаттығуы Тренер бұл сөздердің неге дәл осы кезеңде маңызды екендігін түсіндіруін сұрайды. Рефлексия сабағы Тренер. Өмірде әр түрлі жағдаяттар туындайды, кейбір қиын жағдайларды өзгертуге ыждағаттылығымыз және ынтаықыласымыз жетпей жатады. «Ешқашан жеңілме деген » Никтің идеясын ұмытпайық.
Никтің ресурстары «Мен толыққанды өмір сүремін» «Ешқашан берілмеу қажет!» «Сенің осылай туылғанының жақсы жағы бар ма? » «Әкем күресті» «Проблеманы туындағанына сәйкес шеше білу» «Біз өз өмірімізге шектеу қоюшылармыз» «Сен барыңа қанағат етіп, оны қолдана білуі керек» «Әр адамның өзінің құндылығы бар» «Біреуге көмектескеннен керемет нәрсе жоқ» «Біздің шарықтайтын және бәсеңдейтін кездерімізде болады» «Мен жылай бастадым» «Үміттену керемет қой» «Өзіңмен өзің бола біл» «Қиын сәтте қуана, күле білу керек» «мен сіздің капитаныңмын»
Словесные признаки: 1. 2. 3. 4. Разговоры о смерти: “Я собираюсь покончить с собой”; “Я не могу так дальше жить”. Намёки о своем намерении: “Я больше не буду ни для кого проблемой”; “Тебе больше не придется обо мне волноваться”. Много шутят на тему самоубийства. Заинтересованность вопросами смерти.
Поведенческие признаки: 1. Раздают другим вещи, имеющие большую личную значимость, приводят в порядок дела, мирятся с давними врагами. 2. Демонстрируют радикальные перемены в поведении, 3. Проявляют признаки беспомощности, безнадежности и отчаяния.
Ситуационные признаки 1. Социально изолирован (не имеет друзей или имеет только одного друга), чувствует себя отверженным. 2. Живет в нестабильном окружении 3. Ощущает себя жертвой насилия 4. Предпринимал раньше попытки суицида. 5. Имеет склонность к самоубийству 6. Перенес тяжелую потерю (смерть кого-то из близких, развод родителей). 7. Слишком критически настроен по отношению к себе.
Советы 1. Внимательно выслушайте решившегося на самоубийство подростка. 2. Оцените серьезность намерений и чувств решившегося на самоубийство человека. 3. Оцените глубину эмоционального кризиса. 4. Внимательно отнеситесь ко всем, даже самым незначительным обидам и жалобам. 5. Не бойтесь прямо спросить, не думают ли он или она о самоубийстве.
Послушайте, ведь если звёзды зажигают, - Стихотворение о человеке. Значит это кому-нибудь нужно?
Ты выбираешь Сам!
Nik.ppt