число 7 учитель.ppt
- Количество слайдов: 17
Жеті санының қасиеттері Орындаған: • Абишова Фарида Рахымқызы • Мурзагулова Марина Сейловна • Бейсембаева Галия Фархатовна
• Тақырыбы: 7 санын зерттеу • Зерттеу мақсаты: Математика сабағында 7 саны және оның қасиетін түсіндіру арқылы, ұлттық дүниетаным туралы түсіну және оны өмірде пайдалана білуге үйрену.
Сандар қалай пайда болды? Бүкіл адамзат тарихында адамдар жүздеген «сандық алфавиттерді» ойлап тапты. Мұнда ең маңызды жүйелердің шағын бөлігі ғана бейнеленеді. Олар әркелкі, бірақ ортақ нәрселері де өте көп. Жүйелердің көпшілігі сызықтар мен нүктелер сияқты жай белгілерді топтастырудан басталады. Ал көпшілігінде жай 10 цифрды жазудың түрлі стильдері бар, ол – қолдағы саусақтар саны.
Сандар
Таңғажайып 7 саны Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді 7 санымен атайды.
Жеті ата Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының атыжөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: 1. Қызыл. 2. Қызғылт-сары. 3. Сары. 4. Жасыл. 5. Көгілдір. 6. Көк. 7. Күлгін.
Аптаның жеті күні Се йс і і С Бейсен ұ м а нб нб е Се с бі әр с н і Ж ек Ж ен бі йс ен Дү е б бі
Жетіқарақшы аспанның солтүстік жартышарында орналасқан, көкжиектен төмен батпайтын жеті жұлдыздан тұратын жұлдыздар тобы, яғни шоқ жұлдыз. Оның Үлкен Аю деген де екінші атауы да бар.
• • Қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
1. Египет пирамидасы. 2. Ертедегі Артемида храмы. 3. Вавилонның аспалы бағы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні .
5. Александрия маягі. 6. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 7. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
Математикалық ойындар • Ребустарды шешу ойыны 1. Үй үстінде ұсақ тас. 2. Ти, ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. 3. Судан алады, Суға салса өледі. 4. Басы жоқ, аяғы жоқ, иығы бар, Киюге киімімді жиі құмар. (Жұлдыз, ерін, тұз, ілгіш)
Ж Анаграмма «Ж» 1. Үй үстінде ұсақ тас. 2. Ақ отаудың есігі де тесігі де жоқ. 3. Көктен жетеді, Шөпке сүңгіп кетеді. (Жұлдыз, жұмыртқа, жаңбыр, )
Логикалық есептер • 1. Жеті шал келе жатты, Әр қайсысының жеті балдағы бар, Әр балдақта жеті дорба бар, Барлық дорба қанша? • 2. Алма бағы жайнаған, Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін Тағы да алдым екеуін Алдым сонда нешеуін? • 3. Анам берді жеті жүз жетпіс теңге, Жетпіс теңгеге алып бердім балмұздақ Айгүлге Өзіме алдым екі тоқаш елуден Данияр келді қасыма екі жүз сұрап шырынға Айтшы досым, сонда қанша калды калтамда?
Қортынды Біз осы зерттеу жұмысымызды былай қорытындылағымыз келеді. Бізді жан – жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз олармен санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік. Сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз. Біздің халық жеті санын киелі, қасиетті сан деп білген. Мен сол жеті санын математика мен әдебиетті байланыстыра ребустар, есептер, анаграммалар жасап, оқушыларды айтып бергім келді. Жеті саны тек математикада ғана емес барлық халықтардың ауыз әдебиетінде сиқырлы сан болып кездеседі. Әлемнің жеті кереметі, аспандағы жетіқарақшы да осы жеті санымен байланысты. Сондықтан мен осы жеті санын таңдадым.
число 7 учитель.ppt