Рустам Гаухар (био3).pptx
- Количество слайдов: 10
Жер тарихы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж. Ж
Жер - тіршілік бар жалғыз ғана ғаламшар. Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың бірі. Жер. Күнге жақын тұрған үшінші ғаламшар. Атмосфера, су , оңтайлы климат және Күннен қолайлы қашықтық жағдайы Жерде тіршіліктің пайда болуына себепкер болды.
Жер бұдан 4, 6 миллиард жыл бұрын пайда болды. Әлем бұдан 13, 7 миллиард жыл бұрынғы «Үлкен Жарылыс» деп аталатын аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды. Ғаламшардың біртіндеп кеңеюі процесінде Күн , Жер , және басқа ғаламшарлар пайда болды.
Жердің жас шамасын радиоактивтік ыдырау немесе радиокөміртектік мерзімдеу әдісін пайдалана отырып, есептеп шығуға болады. Осы әдістердің көмегімен тау жынысының және органикалық заттардың жас шамасын есептеп шығуға және Жердің жас шамасы туралы шамалас түсінік алуға болады. Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең— дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары: 1. Архей — ежелгі заман 2. Протерозой — алғашқы тіршілік 3. Палеозой — ертедегі тіршілік 4. Мезозой — ортадағы тіршілік 5. Кайнозой — жаңа өмір
Архей заманында тіршіліктің дамуы Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Осылайша алғашқы тірі организмдер — гетеротрофтар пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көкжасыл балдырлар мен бактериялардың әрек еті екендігі анықталған.
Протерозой заманында тіршіліктің дамуы — Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар — көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады. Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі — теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді.
Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады: • кембрий, • ордовик, • силур, • девон, • тac көмір, • пермь.
Мезозой заманында тіршіліктің дамуы Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады: • триас, • юра, • бор.
Кайнозой — жаңа тіршілік заманы (грекше "kainos" — "жаңа", "zос"— "тіршілік", "өмір"). Ол үштік және төрттік кезеңнен тұрады.
Назарларыңызга рахмет
Рустам Гаухар (био3).pptx