Жер сілкінісі § Қарастырылатын сұрақтар: § 1. Жер сілкінісі туралы түсінік. § 2. Жер сілкінісінің карқындылығына байланысты болатын қауіп-қатерлер. § 3. Жер сілкінісін алдын-ала болжау.
§ Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос» : жер сілкінісі)- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. § Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады. § Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады. Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үсті дүмпуін байқайды.
§ Жер сілкінісінің төрт түрі бар: § Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады. § Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады. § Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады. § Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады. § Жер сілкінісіне жалпы мінездеме. § Орталық нүкте - жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын. § Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте. § Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5 -40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.
§ Жер сілкінісі қатты болғандықтан, шығатын энергияның санына және ошақтың алшақтығына, жер сілкінісі күшін өлшеу үшін негізгі көрсеткіштер көлемін, олардың кинетикалық энергиясын сипаттайтын, қарқындылық және ошақ тереңділігіне байланысты. Әрбір жер сілкінісінің өзінің ошағы мен эпиорталығы бар. § Жер сілкінісінің ошағы терең жердегі орын, онда жер сілкінісі пайда болады, ол жерде серпінді сейсмикалық толқындар (гипо орталық) таралады. § Жер сілкінісінің эпиорталығы деп ошаққа аса жақын жердің үстіндегі орынды айтады. § Жер қойнауында энергияның жиналуынан әрдайым күрделі үрдістер болып тұрады, соның босатылуынан сейсмикалық дүмпулер болады. Жер сілкінісі ошағы болған немесе болатын аумақтарды сейсмикалық облыс деп атайды. § Ошақтың тереңділігі мен қарқындылығы бойынша 12 балдық халықаралық сейсмикалық Рихтер шкаласы құрылған (Калифорния технологиялық институтының профессары Чарльз. Ф. Рихтер).
Жер сілкінісінің карқындылығына байланысты болатын қауіп -қатерлер. Балл Жер сілкінісінің атаулары Белгілері 1 Білінбейтін Сейсмикалық аспаптармен белгіленеді 2 Өте әлсіз Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдар ғана сезеді. 3 Әлсіз Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді. 4 Біріңғайлы Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Теңселу сезіледі, ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады. Терезе, есік, ыдыстар сылдырлайды.
5 Күштілеу Ғимараттың қозғалуы, жиьаздың тербелуі, сылактар мен терезе шыныларының шытынауы. . Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандар тегіс оянады. Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды. Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады. Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі, орнынан жылжиды, ыдыстардағы судың бір бөлігі шайқалып төгіледі, кей жағдайларда су көздерінің көлемінде өзгерістер болады. 6 Күшті 7 Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады. Үй жануарлары да қорақопсыдан шығып кетеді. Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды. Сөрелердегі заттар құлайды. Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін. Әк, сылақтар түсе бастайды, сылақтарда ұсақ-жарық сызаттар пайда болады. Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде өзгерістер байқалады. Өте күшті Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызаттар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды.
8 Қирататын Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды. Көп жағдайда құдықтағы және су көздеріндегі су көлемі үлкен өзгеріске ұшырайды. Ойпандардың тіке баурайлары мен жолдардың үйінді баурайларында шамалы шөгінділер құралады, жердегі сызатжарықтар бірнеше сантиметрге жетеді. 9 Алапатты Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимараттардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. Темір жол рельстері майысады. Сонымен бірге 10 смге жететіндей жарықтар пайда болады. Құздар құлап, көшкін жиіленеді. тегістік жерлерде – су басып кету, құм мен ылайдың салындылары жиі байқалады. Су бетінде үлкен толқындар пайда болады.
10 Жойқын Көшкіндер, опырылып кұлаулар, жерде жарықтардың пайда болуы. Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады. Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді. Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады. Өзен жағалауларында үлкен шөнінділер пайда болады. Көлдер мен каналдардағы су шайқалып төгіледі. Жаңадан көлдер пайда болуы мүмкін. 11 Апат . Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді. Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды. Таулар қайта-қайта опырылып құлайды. 12 Күшті апат Жер бедерінің өзгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзен дер бағытын, саласын өзгертеді. Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.
Непалдағы жер сілкінісі § Алғашқы 7, 9 балдық жер сілкінісі Непалда 25 сәуір күні болған. Одан бері 3, 2 пен 6, 9 балл аралығындағы қосымша 90 шақты дүмпу болып өткен. Бәрінен көп зақымдалған Непалдың астанасы – Катманду. Онда 1210 адам қаза болып, 4634 адам түрлі дәрежеде зақым алған. Елдің орталығында орналасқан Синдхупалчок ауданында 2991 адам зілзаланың құрбаны болып, 852 адам зардап шеккен. Жер сілкінісі салдарынан 288 мың тұрғын үй құлап, 254 мың ғимарат қираған.
Жер сілкінісін алдын-ала болжау. § Жер сілкінісін алдын-ала болжау өте маңызды іс. Маңызды іс деп айтатын себебіміз, жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай -ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады. Сондықтан жер сілкінісі болатынын алдын-ала болжап, халқымызды апаттан аман алып қалуымыз керек. § Бүгінгі біздің жобамыз : “Жер сілкінісін жануарлардың мінез-құлқындағы өзгерістер арқылы болжау. ”
§ Жер сілкінер алдында жануарлар мен жәндіктердін, мазасызданып, ерекше күйде болатындығы көптен бері белгілі. Адамдар талай рет жер сілкіну алдында үй жануарларының тұрған жерін тастай қашып, далаға қарай ұмтылатынын және т. б. ерекше жағдайлардың куәсі болған. Көптеген адамдар өздерінің иттерінің арқасында жер сілкіну апатынан аман қалғандарын жазып қалдырған. Бірақ бұл секілді мәліметтер ұзақ уақыт бойы сейсмолог мамандардың назарынан тыс қалып келді. § Дегенмен, бұл мәселеге Қытайдың Хайченг провинциясында болған (І975 ж) ерекше оқиғадан соң, көп көңіл бөліне бастады. Жер сілкінуге дейін (6 сағ. бұрын) провинция халқы үй жануарларының ерекше мазасыздануының, ал жыландар мен кесірткелердің індерінен безіп, жер бетін каптап кетуінің куәсі болады. Бұл жағдай халықты дер кезінде сақтандырып, апаттан аман сақтап қалады. Осы оқиғадан кейін, бионикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар саны көбейе бастады. Мысалы, Жапония ғалымы Я. Суэхиро өзінің “Балықтар және жер сілкіну құбылысы” атты кітабында, балықтар мен суда өмір сүретін бақа-шаяндардың мінез-құлықтарының жер сілкіну алдында өзгеру заңдылықтарын баяндайды. Олардың ішінде, судың ен, төменгі қаб-атын мекендейтін балықтар жердің дүмпу күшін алдын ала сезеді деп санайды.
§ Сол сияқты жапониялық сейсмолог-ғалым Ц. Рикитаке “Жер сілкінуді алдын ала болжау” атты кітабында (1978) әр түрлі жануарлар мен жәндіктердің және балықтар мен кұстардың жер сілкіну алдындағы ерекше мінез-құлықтары туралы 157 -ге жуық деректер жазып қалдырды. § АҚШ-та бірінен соң бірі (1976 және 1979 жылдары) екі рет жер сілкіну алдындағы жан-жануарлардың ерекше мінез-кұлықтарын зерттеу мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдас-тырыльш, оның материалдары екі томдық еңбек болып басылып шықты. Барлық елдерде осы бағытта жүргізілген бақылау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған дәлелді деректердің жалпы саны 282 -ге жетеді. § Қытай мен Жапонияда соңғы 100 жыл ішінде, жануарлар мен жәндіктердің жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретіндегі ролі 20 рет байқалып, толық сипатталады.
§ Американдық ғалымдар Палль- дейл елді мекенінің (Қалифорния штаты) маңайында жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатымен, әр түрлі тышқандарға бақылау жасап, табиғи тәжірибелер жүргізуде. Осындай мақсатпен Жапонияның Шиба қаласында зоологиялық ерекше бақ құрылған. Ондағы жан-жануарларды ғалымдар бақылауға алып, зерттеу жұмыстарымен айналысады. § Зоолого-сейсмологиялық стационарларды сейсмологиялық қауіпті аудандардың бәрінде де ұйымдастыратын уақыт жеткен сияқты. Мұндай жағдайда зоологтар мен биофизиктерге және геофизиктерге (барлық мамандарға) бірлесе отырып, қысқа мерзімді болжам жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туар еді. Жер сілкіну әрекеттерін алдын ала болжау үшін, оның хабаршысы ретіндегі әр түрлі белгілерді жүйелі түрде бірге қарастырып, дұрыс пайдалана білу керек.
Жер сілкінісі кезіндегі жануарлардың мінез-құлқындағы өзгерістер § 1. Ит. Жер сілкінісін сезуде иттін рөлі ерекше. Иттер жер сілкінер алдында қатты ұлып, өзінің егесін үйден шығаруға тырысу, үйден, өз үйшігінен қашып шығып кету, басын әрі-бері қатты шайқау, жерді тыңдау, аспанға қарау және т. б. Израилде Ит жерсілкінісіне 2 сағат қалғанда уйге кіруден бас тартқан 2 сағаттан кейін көлемі 5 баллдық жер сілкінісі болды.
§ 2. Жылқы - қорасынан қашып кету, кісінеу, тебіну. § 1927 жылы 12 қыркуйекте Қрым қаласында жер сілкінісіне бірнеше сағат қалған кезде жылқылар оз байлауларынан далаға қарай қашып, өздерін қоярға жер таппай қатты үрейлене бастаған. Бірнеше сағаттан кейін сол жылқы сақтайтын қойманың жартысы жер астына кіріп кеткен.
§ 3. Мысық – қатты дауыстар шығару, үлкен ағашқа немес иесінің құшағына мініп алу, өзінің балаларын үйдің сыртына шығару, орнында бір қалыпты тұрмау.
Құстар 4. Тауық – қатты дауыстар шығарып, жерді басып жүрмей, секіріп жүреді. Ал қораздар мезгілсіз шақырады. Қаздар қанаттарын қатты – қатты қағып, орында тұрмайды. 5. Қарға – топ болып үйдің шатырларына қонуы, тоқтамай қарқылдау. 6. Торғай, қарлығаш, кептерлердің ашық тұрған терезе арқылы үй ішіне ұшып кіруі жиі кездеседі. § Осыған ұқсас жағдайлар Верныйда (1911), Қырымда (1927), Ашга-бадта (1948) Югославияның Скопле қаласында (1963), Ташкентте (1966) және Тәжікстанның Алай (1978) жері сілкінісі кезінде де байқалады.
Теңіз жануарлары § Балықтар мен суда өмір сүретін бақа-шаяндардың мінезқұлықтарының жер сілкіну алдында өзгереді. Олардың ішінде, судың ен, төменгі қабатын мекендейтін балықтар жердің дүмпу күшін алдын ала сезеді. Балықтардың көбісі судың бетіне қарай шығады.
§ Су жағасында омір сүретін бақалар жер сілкінісін судың химиялық құрамының озгергенінен байкап, жан жақа кашады § 2009 жылы Италиядағы Аквила қаласында бақаларды арнайы сақтайтын аймақтан жер сілкінісіне 5 кун қалғанда бүткіл бақалар жоқ болып кеткен. Кейін олар сол қалаға жақын жердегі Сан-Руфино жерінен табылған.