123.pptx
- Количество слайдов: 14
Жемқорлық дерті Қоғамымызға желімдей жабысқан жемқорлық дерті бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін тамыр жайып барады.
С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Фармацевтикалық химия кафедрасы Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі Орындаған: Нурмағамбетов Н. Фармация факультеті
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Балабақшалардағы жемқорлық Балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықтың себебі, балабақшаның жеткіліксіздігінен. Жұмыс істеп қолдары тимей жүрген ата-ана, кезек күтпей балаларын балабақшаға ертерек беру үшін сыбайлас жемқорлыққа барады.
Жоғарғы оқу орындағы жемқорлық Жоғарғы оқу орында сыбайлас жемқорлықтың белең алғаны кімге болса да белгілі. Біреудің баласы, енді біреуінің туысы дегендей студент болғандықтан, әрбір сессия уақытында бәленбай теңгеден ақша жинап беретінін естіп те, көріп те жүрміз. Кейбір ұстаздар сабағына үлгере алмай жүрген студенттерге «жақсылық» жасайды. Ал оның зардабы көптеген адамдарға тиюде.
Министрлік білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін келесі шараларды қабылдады: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған, өзара байланысты кешенді шаралар әзірлеу мақсатында қабылданған, 29 нақты іс шаралар қарастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру іс шараларының жоспары әзірленіп, бекітілді. Атап айтсақ, жоспарда электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау регламенттерін әзірлеу және бекіту қарастырылған. Мемлекеттік тізілімге білім беру саласындағы 11 қызмет қосылған, олар бойынша стандарттар әзірленген. Осы жылы қосымша 29 қызмет бойынша стандарттар әзірленуде;
2. Білім беру ұйымдарында өткізілетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру желісі жемқорлық құқық бұзушылық саны аз емес. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын білмеу немесе дұрыс қолданбау аталған бағыттың бұзылуына әкеп соғады. Осы жағдайды жақсарту мақсатында Министрлік осы есеп жылында «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ базасында республиканың барлық облыстарында мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен қағидаларына жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларын оқыту семинарларын өткізді;
3. Министрлік әкімшілік кедергілерді, лицензияланатын қызметтер мен рұқсат түрлерінің санын қысқарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлерінен: мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметі; мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі алынып тасталды;
4. Білім беру ұйымдарын, аймақтарды және білім басқармасы органдарын өзара салыстыруға мүмкіндік беретін білім берудің сыбайлас жемқорлық деңгейі индекстерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты қолдануды әзірлеу орындылығының мәселесі қарастырылды;
5. Білім беруде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның іске асырылу барысы туралы қоғамды тұрақты түрде ақпараттандыру жүргізіледі (бюллетень шығару, ақпараттық материалдар). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне келіп түскен өтініштермен жұмыс жүргізуге үлкен назар аударылады. Өтініштерді талдау көрсеткендей, олардың көпшілігін мектеп, колледж, жоғары оқу орындары басшыларының заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар құрайды;
6. Өсіп келе жатқан ұрпақтың және білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың құқықтық және азаматтық санасын тәрбиелеу және оларға демократиялық құқықтық қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде;
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады: 1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі. 2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. 3. Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.
Назарларыңызға рахмет!
123.pptx