
Тыныштыкова А.АУ-31.pptx
- Количество слайдов: 14
Желіні ұйымдастырудың жеті деңгейлік моделі
Тәжірибеде желіні жүзеге асыру барысында стандартты протоколдарды қолдануға тырысады. Бұлар фрималық, ұлттық немесе халықаралық стандарттар болуы мүмкін. 80 жылдардың басында халықаралық ұйымдардың әр қатарында желінің дамуында ерекше рөл атқарған моделді жасап шығарды. Бұл модель ашық жүйенің әрекеттесі моделі – OSI деп аталады. Ашық жүйе болып жалпы қатынау ерекшелігімен стандартқа сәйкес және қызығушылық танытқанның көпшілік талқылау нәтижесінде қабылданған кез келген жүйе болып табылады.
OSI моделінің қызметі: Жүйелі әрекеттесудің әр түрлі деңгейін анықтау. Жүйеге стандартты аттар береді. Әрбір деңгейдің қызметін анықтайды.
OSI моделінде әрекеттесу құралдары 7 деңгейге бөледі: Қолданбалы. Сеанстық. Транспорттық. Желілік. Каналдық. Физикалық. Көрсетімдік
Қолданбалы деңгей. Пайдаланушымен тарамдық қолданбалық әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу тарамының түйіндеріне басқа түйіндермен немесе байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтер ұсынады.
Сеанстық деңгей. Есептеу тарамының бекеттері жүргізіп жатқан жауаптасуды ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған. Бұл деңгейде қабылдаушымен алғашқы байланысу және шақыру үрдісін басқару, сеанс барысында деректер жіберу мен қабылдауды басқару және сеансты аяқтау жүргізіледі, сеансқа қатысушылардың сұратулары мен жауаптарын тасымалдау тәртібі анықталады. Сеанстық деңгей деректер алмастыру үрдісіне қатысқан жұмыс бекеттерінің хабарларына ештеңе қоспайды. Сонымен сеанстық деңгей пайдаланушы мен тарамдық қолданбалар арасындағы байласуды тағайындауға және басқаруға арналған пайдаланушының тарамдық интерфейсі болып табылады.
Транспорттық деңгей белгілі бір пайдаланушылар бағдарламасына деректер жеткізумен шұғылданады. Бұл деңгей бір есептеу машинасынан жіберілген ақпарат екіншісінде дұрыс қабылдануына жауапты болып саналады, яғни берілістің сапасына бақылау жүргізеді. Дестелердің қосарлануын анықтайды және осындай жағдайларда оларды жояды.
Желілік (тарамдық) деңгей. Бұл деңгейде дестелермен олардың бағдарғылары құрастырылады, яғни қабылдауышты табуға мүмкіндік беретіндей деректер тасымалданатын жол анықталады және жүзеге асырылады.
Каналдық (арналық) деңгей. Арналық деңгей деректер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде таымалдауға арналған. Бұл деңгейде тарамының түйіндерінің физикалық деңгейді пайдалану ережелері анықталады. Физикалық деңгейден алынған деректерді тарамның деңгейге түсінікті түрде аударады.
Физикалық деңгей тарамдық байланыс арқылы деректер тасымалдайды және осы міндетті атқаратын аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электрлік сигналдарға түрленеді.
Көрсетімдік деңгей. Бұл деңгейде көрсету функциялары жүзеге асырылады, қолданбалы деңгейден немесе деңгейге сұратулар қабылданады, дестелер немесе файлдың пішімі тексеріледі.
Тыныштыкова А.АУ-31.pptx