
БТА несие.pptx
- Количество слайдов: 21
Жеке тұлғаларды несиелеу мүмкіндігі туралы несиелік тұжырымды қарастыру Тақырыбы: Орындаған: Суннатилла А. Н. Тынабекова Г. Н. Ги. МУ 11 К Тексерген: Турлыбекова А. Ж.
Банкінің тұтынушылық кредиттеу бағдарламалары – бұл Сіздің сұрақтарыңыздың қолайлы шешімі және халық тұтынатын тауарларды кредитке сатып алу, әр алуан қызметтер ақысын төлеу, тұрғын үйді, автомобильді және тағы басқаларды сатып алу үшін қажетті қаржыларды жедел ұсыну. Банк құжаттардың шағын топтамасын талап етеді, оларды қарастырған соң, әрбір клиенттік өтінім бойынша шешім қабылданады. БТА-ның тұтынушылық кредиттері – бұл қолайлы құрал, оның көмегімен сіз өз армантілектеріңізді ұзақ жинаусыз жедел түрде жүзеге асыра аласыз.
Қызмет көрсету артықшылықтары • Қаржыландырудың жоғары емес құны. Кешенді кредиттеудің әр алуан сұлбаларын пайдалана отырып, банк клиенттердің пайыздық шығындарын оңтайландыруға ықпал етеді. • Пайыздық ставкаларды төмендету мүмкіндігі. Кредиттік операциялар бойынша ставкалары нарықтық коньюнктураның өзгерістеріне сәйкес белгіленеді және түзетіледі және банктің клиентпен ынтымақтастығы масштабтарын ұлғайту шамасына қарай төмендетілуі мүмкін. • Кредиттеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі. Кредиттік желі аясында жобаларды қаржыландыру төмен пайыздық ставкаларды қолданып қана қоймай, сонымен бірге кредиттеу мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
• Кредиттік өтінімді жедел түрде қарастыру. Банк қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған барлық күш-жігерді жұмсайды, соның нәтижесінде жоба сараптамасы жедел түрде жүзеге асырылады. • Аймақтардағы қаржыландыру. Сіз біздің банктің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалана аласыз. Банктің Қазақстан бойынша аймақтық филиалдары мен бөлімшелерінің тармақталған желісі және шетелдерде бірқатар өкілдіктері бар.
Кредит беруден бас тарту шарттары: v. Кредитті алуға қажетті құжаттардың жеткіліксіздігі немесе дұрыс ресімделмеуі; құжаттардың күмән тудыратын түпнұсқаларын ұсыну; vсауалнама өтініште ұсынылған деректерді тексеру барысында алынған деректерге сәйкес келмеуі; vбұрын берілген кредиттер бойынша берешек, соның ішінде жаңа кредитке қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін төлем карточкасы бойынша кредиттік лимит бойынша берешекті қоса; vтеріс кредиттік тарихы, клиент деректерінің сенімсіз заемшылар тізімінде болуы; vқарастыру барысындағы Банктің теріс шешімі; vҚР-ның бейрезиденттері үшін - ҚР-да бір жерде тұруға белгі қағазының және жұмысының болмауы; vкейбір мамандықтар бойынша шектеулер бар, ол жайында филиалда консультация алу кезінде білуге болады.
«БТА Банкі» АҚ: Банк Несие берушілердің комитеті қалыптасқаны туралы мәлімдейді Өзінің қарыздары бойынша екінші рет қайта құрылымдауды өткізетін БТА Банкі Несие берушілердің комитеті қалыптасқаны туралы мәлімдейді. Несие беруші комитеттің қалыптастыруы – өте позитивті оқиға, БТА Банкінің алдағы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қайта құрылымдау жоспарын жасау мақсатымен Банк комитетпен қызмет етуге үміттенеді. Несие беруші комитеті алғы құнды қағаздар иелерінің кездесу, дисконтпен арнайы борышқорлық құралдар (OID), тәртіптелген құнды қағаздар, RCTFF қатысушыларымен құнды қағаздарды қалпына келтіру нәтижесінде құрылды. Комитет құрамына Ashmore Investment Management Limited, Asian Development Bank, D. E. Shaw Group, FFTW UK Limited, BNP Paribas Investment Partner, Gramercy Funds Management LLC, J. P. Morgan Securities Ltd. , Nomura International plc және VR Capital Group Ltd кірді. Комитеттегі бір орын комитетті қалыптастыру бойынша алдын -ала келіссөздерге қатысқан, экспорттық несиелерді кепілдік ету жөніндегі Швед кеңесіне – EKN, тағы бір орын RCTFF қатысушыларының өкіліне арналған.
Несиені беруді, оларды есепке алуды, бакылауды, несие мәселелерін реттеу бойынша шараларды банктің несие бөлімі жүзеге асырады. Сонымен бірге несие бөлімі заңды және жеке тұлғаларға несие беру жұмысын аткарады. Сондай-ақ, несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелердің қайтарымдылығы айыпақымен, кепілдемемен және зандармен немесе шартпен көзделген баска әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Клиенттің несиені кайтаруға жоғары кабілеттілігі мен сенімділігі болған жағдайда банк несиені камтамасыз етусіз-ақ (банктік несие) беру туралы шешім кабылдауға қуқылы. Банктің несие саясатының мақсаты - банктің несие қызметіндегі алғы шарттарды, банктің несие мен тәуекелділікті баскару стандарттарын, нормативтерін және принциптерін анықтау болып табылады. Операциялық бөлімде бақылаушы кассирлер жұмыс аткарады. Олардың міндеті банктегі барлық есеп айырысуды, тұрғындарға еңбек акы, зейнет акы, жәрдем ақы беруді жузеге асырады. Сондай-ақ, олардан салымдар қабылдау, ақшаларын аудару, коммуналдық қызмет үшін төлем қабылдауды жүргізеді.
Банктің несие операцияларының түрлері бойынша баға беретін болсақ, банктің несиелерінің жалпы жиынында клиенттерге берілген қарыздардың үлесі 2011 жылы 95, 9 пайыз болса 2012 жылы 95, 7 пайызға тең болған. Және де бұл несие түрінің 10, 1 пайызға артқандығын көріп отырмыз. Банктің беретін несиелеріінң ішінде қаржы лизингі, овердрафт, факторинг, жай вексельдер сияқты дәстүрлі емес операциялар сирек кездеседі. Сондай-ақ аталмыш дәстүрлі емес несиелендіру формаларының кему тенденциясы байқалады. Бұл салада банктің несие операцияларын диверсификациялау ұсынылады. 2011 жылға банктің ұсынған несиелерінің көлемі 8, 7 пайызға өсіп, 188461177 мың теңгені құрды. Банктің ссудалық портфелінің өсуі заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемінің өсуімен байланысты болды. Ағымдағы жылы банк заңды тұлғаларға берілген несие көлемін айтарлықтай 241313550 мың теңгеге немесе 13, 5 пайызға арттырса, ал жеке тұлғаларға несие көлемін өткен жылға қарағанда 24316217 мың теңгеге азайтты.
Жеке тұлғалардың кредиттерін қайта құрылымдау Егер Сіз БТА Банкінен кредит алып, бірақ бүгінгі таңда оның өтеуде объективті қиындықтарға кездесіп отырсаңыз, біз Сізді қолдай отырып, Сіздің борыштық жүктемеңізді төмендетуге дайынбыз. Ол үшін Сізге борышты қайта құрылымдаудың ұсынылған құралдарын таңдау керек: üкредитті өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін алу; üтөлемдердің жеке кестесін құру; ü кредиттеудің жалпы мерзімін ұзарту (ай сайынғы төлем мөлшерін төмендету); üөтеуді кешіктіру үшін айыппұлдың алынып тасталуына қол жеткізу.
Сіздің жағдайыңызда қайта құрылымдаудың қандай құралын қолданудың тиімді екендігі туралы шешімді Банктің уәкілетті органы қабылдайды. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады, және заемшыда борышты қайта құрылымдаудың объективті себептері міндетті түрде болуы тиіс. Егер Сіздің борышыңызды қайта құрылымдау мақұлданса, онда Сізге Банкпен жасалған тиісті Қосымша келісімге қол қою керек. (Банк сіздің өсімпұлыңызды есептен шығару шешімін қабылдаған жағдайлардан өзге). Өз борышыңызды қайта құрылымдау үшін Сізге БТА Банкінің таяу орналасқан бөлімшесіне жазбаша өтінішпен хабарласу керек. Өтінішпен бірге заемшының қаржылық жағдайының нашарлағандығын растайтын құжаттарды беру керек, бұл жағдайда Банк тиісті шешімді қабылдау үшін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Ипотека Барлығы Сіздің пайдаңызға өзгереді! Кредитті қалай алуға болады ØТұрғын үйді таңдау; ØКредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттарды банкке ұсыну (төменнен қараңыз); ØЕгер банк сіздің өтініміңізді қолдаса, онда: сатушыға бастапқы жарна сомасын беру керек (кредиттеу бағдарламасының талаптарына сәйкес) сатушыға кредитті беру туралы хабарламахатты беру керек банк комиссияларын төлеу керек; ØБанкпен банктік заем шартын және кепіл шартын жасау; ØКепіл шартын мемлекеттік тіркеуші органда тіркеу және оны тиісті белгісімен банкке қайтару; ØСақтандырудың барлық рәсімдерін жүзеге асыру; ØБанк кассасынан ақша алып, сатушымен есептесу.
Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар • ЖСН көрсетумен жеке куәлік (көшірмелерді алу үшін) • Неке қию туралы куәлік • Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы • Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері Кредиттеудің ұзақ мерзімі Кредиттік желі 13 айдан бастап 30 жыл мерзімге дейін белгіленуі мүмкін. Бұл кредиттік ресурстарды тек сізге қаншалықты қолайлы соншалықты ұзақ пайдалануға мүмкіндік береді. Кредит мөлшері кепілдің бағаланған құнымен ғана шектелген Кредиттік желі аясында сіз ҚР аймағына, кредитті қамтамасыз ету түріне және заемшының санатына байланысты, кепілзаттың бағаланған құнының 70%-на дейінгі сомаға кредит аласыз.
Кредитті қалай алу керек • Банк менеджерінен кеңес алу • Кредитті алуға арналған өтініш-сауалнаманы толтыру және қажетті құжаттарды банкке ұсыну (төменнен қараңыз) • Егер банк сіздің өтініміңізді мақұлдаса, банкпен бас кредит келісімін жасау • Банктік заем шартын және кепіл шартын жасау • Кепіл шартын мемлекеттік тіркеуші органда тіркеу және оны тиісті белгісімен банкке қайтару • Сақтандырудың барлық рәсімдерін жүргізу • Кредитті алу.
Любимая кредиттік желісі «Любимая кредиттік желісі» – жылжымайтын мүлік кепіліне кез келген мақсаттарға тұтынушылық кредиттеудің сан түрлілігі. Бірақ та бір рет қана алынып, өтелетін қарапайым тұтынушылық кредитпен салыстырғанда, «Любимая кредиттік желісі» револьверлі қағида бойынша жұмыс істейді: заёмшыға ұзақ мерзімге кредиттік лимит белгіленеді, оның аясында кез келген соманы шексіз рет алуға және өтеуге болады. Ресімдеудің қолайлылығы Кредиттік желіні ашуға арналған құжаттарды бір рет қана ұсыну керек. Белгіленген лимит аясындағы барлық келесі транштар бірнеше күн ішінде қарапайым сұлба бойынша беріледі. Бұл ақшаны кез келген қолайлы уақытта алуға болады, бірақ та кредиттік желіге қол жеткізу кезеңі аяқталмаған болуы тиіс.
Кредиттеудің ұзақ мерзімі Кредиттік желі заемшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 12 айдан басталатын мерзімге белгіленуі мүмкін. Бұл кредиттік ресурстарды сізге қаншалықты ұзақ қолайлы уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Кредит мөлшері кепілдің бағаланған құнымен ғана шектелген «Любимая кредиттік желісі» аясында сіз ҚР аймағына, кредитті қамтамасыз ету түріне және заемшының санатына байланысты, кепілзаттың бағаланған құнының 75%-на дейінгі сомаға кредит аласыз.
Автокредиттеу Өтінімді алғаш қарау үшін қажетті құжаттар топтамасы *: • ЖСН көрсетумен жеке куәлік (көшірмесін алу үшін); • егер заемшы некеде тұрған болса, неке қию туралы куәлік және жұбайының (жолдасының) жеке куәлігі ұсынылады; • соңғы 6 үшін Жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді; • азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама; • жаңа автокөлікті сатып алған кезде, автосалоннан төлем шоты ұсынылады; • қолданылған автокөлікті сатып алған кезде, Автокөлік иесіне көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылады
қолданылған автокөлікті сатып алуға кредит жаңа автокөлікті Кредит валютасы теңге, АҚШ доллары Кредит сомасы 1 500 АҚШ долларынан бастап 200 000 АҚШ долларына дейін Сыйақының номиналды 12% бастап ставкасы, жылдық %* 17% бастап Кредит мерзімі 6 айдан 7 жылға дейін 6 айдан 5 жылға дейін Бастапқы жарна 0% бастап Автокөліктің ең көп пайдаланылу мерзімі жаңа автокөлік 10 жылға дейін Қамтамасыз ету Сатып алынатын автокөлік Өтінімді қарастыру үшін тегін комиссия Кредитті ұйымдастыру 2% үшін комиссия Заемшының жасы 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін
Жедел кредиттеу БТА Банкі жедел кредиттеудің әр түрлі бағдарламаларын ұсынады, олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты тойжиындарды және т. б. өткізуге мүмкіндік береді.
Өзіңізге қолайлы жедел кредиттеу бағдарламасын таңдаңыз: 1. «Жедел - Жалақылық» Бұл бағдарлама Зейнетақы қорына тұрақты аударымдар жүргізу арқылы өз кірістерін ресми растайтын клиенттерге арналған. 2. «Жедел баламалы» Бұл бағдарламаның талаптары банктік шотты жүргізу үшін комиссияны қолдана отырып, Кредиттеудің төмендетілген ставкасы бойынша жедел кредитті ресімдеуге мүмкіндік береді. 3. «Пенсионный» жедел кредиті Бұл бағдарлама «Қамқор» карточкасы арқылы зейнеткерлік төлемдерді алушы клиенттерге арналған. Жеңілдікті пайыздық ставка, төмен комиссиялар және «Қамқор» картасына зейнетақыны есептеу кезінде кредитті автоматты түрде өтеу үнемдеп үйренгендер үшін де бұл бағдарламаны қол жетімді етеді.
Кредитті қалай алу керек • Банкке келіп, банк менеджерінен консультация алу; • Банкке қажетті құжаттарды ұсыну (төменнен қараңыз); • Кредитті алуға сауалнама-өтінімді толтыру; • Кредитті беру туралы оң шешімді алған соң – банктік заем шартын ресімдеу; • Кредитті алу.
БІР БАНК● БІР ШОТ● БАРЛЫҚ ТМД www. bta. kz
БТА несие.pptx