634.pptx
- Количество слайдов: 18
Жеке тұлғаларға салық салу Орындаған: Сәулетова С. Б.
1 Жеке тұлға 2 Жеке тұлғаға салық салудың мәні 3 Жеке табыс салығы 4 Мүлік салығы 5 Шетелдік жеке тұлғаға салық салу
Кез-келген мемлекет тарихи даму барысында белгілі бір материалдық-қаржылық базасыз өмір сүре алмайды. Басқаша айтқанда, мемлекет өз аппаратын ұстау және жүктелген функцияларын атқару процесінде туындайтын шығындары үшін ақшаны иеленеді. Салықмемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Жеке тұлға-белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам.
• 1995 жылы 24 сәуірде Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы ҚР заңы қабылданды. • Осы заңның ережелері бойынша жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық, алымдар және басқа да міндетті төлемдер қатарына енгізілді. Табыс салығын төлеуші ең алдымен ҚРның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар деп танылды.
Жеке табыс салығы салықтың басқа түрлеріне қарағанда “жас” түрі. Оны алғаш рет ағылшындар (1978) байлыққа салынатын үш еселенген түрдегі салықты енгізді. Бұл салық 1842 ж. өзгертіліп , негізгі қағидалары қазіргі табыс салығына жықынырақ болды. Басқа елдер бұл салық түрін XIX ғ. Соңы XX ғ. басында (Францияда-1914 ж. бастап) енгізді.
Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25 -іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына: 1)мүліктік табыс 2) дара кәсіпкердің табысы 3)адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және т. б. жатады.
Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6, 6%-на жуығын алады. 2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар: 1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ; 2) меншік құқығындағы барлық салу объектілерінің жалпы құнынан бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде: — Кеңес одағының Батырлары; — Социалистік Еңбек Ерлері; — «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ орденімен және «отан» орденімен наградталған адамдар; — «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар; — Жеке тұратын зейнеткерлер.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынандай объектілер салық салу объектісі болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері – қоныстану (пайдалану) кезінен басталады.
Шетелдік жеке тұлғаларға салық салу - басқа мемлекеттің аумағындағы жеке тұлғалардың табыс салығын төлеу жөніндегі заң жүзінде белгіленген міндеттемесі. Егер шетелдік азамат осы мемлекетте жылдың көп бөлігін өткізетін болса, оның өмірлік мүдделері осы мемлекетте деген сөз, демек ол табыс салығын осы мемлекетте төлеуге тиіс. Халықаралық тәжірибеде көбінесе азаматтың 183 күнтізбелік күннен астам осы елде тұрақты мекендеуі өлшем ретінде алынады. Халықаралық құқық актілеріде осы мемлекеттің азаматтары мен шетелдіктің бюджет алдындағы міндеттемеде тең құқылығы белгіленеді.
Қорытынды Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Назарларыңызға рахмет!
634.pptx