Скачать презентацию Жеке еңбек шарты дегеніміз Скачать презентацию Жеке еңбек шарты дегеніміз

Жеке ебек шарты.ppt

  • Количество слайдов: 8

* *

* Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын * Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді. * Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

* Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек * Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді. * Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

* * Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады: * белгісіз мерзімге — жеке * * Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады: * белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді; * белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын; * істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге. * Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі. * Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

* Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. * Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек. Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

* Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу * Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады. * Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.

* * 1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының * * * нормативтік * * 1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының * * * нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне; 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға; 3) дем алуға; 4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға; 5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге; 6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға; 7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды алуға; 9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға; 10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге; 11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге және т. б. құқығы бар

* * * * * 1. Жеке еңбек шарты: 1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша; 2) * * * * * 1. Жеке еңбек шарты: 1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша; 2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн. 2. Жеке еңбек шарты: 1) тараптардың келiсiмi бойынша; 2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша; 3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн. 3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады. 4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек.