+9.11.2017. 11А.pptx
- Количество слайдов: 18
Жазықтықтар арасындағы бұрыш 11. 3. 3. 2 кеңістікте түзулер, түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрыштарды есептейді;
Екі жақты бұрыш αаβ екі жақты бұрышының а қырына кездейсоқ О нүктесін белгілейміз және α мен β жақтарында О нүктесінен а қырына перпендикуляр ОА және ОВ сәулелерін жүргіземіз. Осы сәулелерден құралған АОВ бұрышы αаβ екі жақты бұрышының сызықтық бұрышы деп аталады.
және болғандықтан, АОВ жазықтығы а түзуіне перпендикуляр. Бұл екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышы берілген екіжақты бұрыш пен оның қырына перпендикуляр жазықтықтың қиылысуы дегенді білдіреді. Анықтама. Екі жақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады.
Егер сызықтық бұрышы сүйір, тік немесе доғал болса, екіжақты бұрыш сәйкесінше сүйір, тік және доғал болады.
Анықтама. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады.
Мысал. Ұзындығы 3, 2 тең DM кесіндісі ABCD ромб жазықтығына (∠ADC - доғал) перпендикуляр. Ромб диагональдары 12 және 16 тең. Келесі жазықтықтар арасындағы бұрышты табыңыз: а) АВС және МВС; б) AMD және CMD.
А деңгейі. ABCDA 1 B 1 C 1 D 1 кубында ABC 1 және ABC жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.
В деңгейі. ABCDA 1 B 1 C 1 D 1 кубында ABC және ACD 1 жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.
С деңгейі. ABCDA 1 B 1 C 1 D 1 кубында BA 1 C 1 және BA 1 D 1 жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.
А деңгейі. ABCDA 1 B 1 C 1 D 1 кубында М нүктесі - D 1 C 1 қырының ортасы. Кестені толтырыңыз: № Жазықтықтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 А 1 ВА және D 1 CD A 1 B 1 C 1 және DD 1 C A 1 BD және B 1 D 1 C B 1 AC және ADC A 1 BD және C 1 DB A 1 BD және CC 1 A AB 1 C 1 және ADC A 1 MA және B 1 C 1 C A 1 MA және BB 1 D MA D және СА D Жазықтықтар арасындағы бұрыш
+9.11.2017. 11А.pptx