ZhASAND_ZhAR__1178.pptx
- Количество слайдов: 5
ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚ Орындаған: Халимбетов Нариман
Жасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесіВт/м 2) анықталады.
Жасанды жарықтың нормасы ҚНмен. Е беріледі. Қолданылатын жарық көздері үнемді, әрі ыңғайлы болуы керек. Люминисценттік шамдар қойылатын талаптарға сай келеді деп есептеледі. Олардың жарықтандыруы қыздырғыш шамдарға қарағанда жоғары, және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи жарықтың спектріне жақындау келеді. Қыздырғыш шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі болып табылмайды, яғни бөлме ауасын қосымша қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер туғызбайды. Қолданылуы 2 -2, 5 есе арзанға түседі. Оқу-тәрбие мекемелерінде люминисцентті шамдардың ЛЕ (люминисцентті табиғи жарық), ЛБ (люминсцентті ақ түс), ЛТБЦ (люминисцентті жылы-ақ түсті) түрлерін және т. б. жарықтандыру сипаты табиғи жарыққа жақын келетіндерін пайдалану керек.
Жылыту, желдету және ауаны кондициялау, яғни оны белгілі бір нормада ұстау жүйелерi жатақханадағы орын-жайлардың қолайлы микроклиматтық жағдайын, ауаның нормативтік құрамы мен сапасын қамтамасыз етуі; жылыту жүйесі оған қажеттілік туатын кезеңнің бүкіл барысында ауа температурасын бірқалыпты реттеуі тиіс. Жылу приборлары жарық түсетін тұстағы қабырғалық ойыққа орналастырылады. Оның температура реттегіші болуы қажет. Тазалауға қолайлылығы да қарастырылуы керек. Тұрғын орын-жайлар, ойын бөлмелері, демалыс бөлмелері, асханалар, санитарлық тораптар форточка мен фрамугалар арқылы желдетіліп тұруы тиіс. Асханаларға және санитарлық тораптарға декоративті торкөздермен жабдықталған ауа тартатын каналдар орнатылады. Душ, кір жуатын, кептіретін және үтіктейтін орындар, медициналық изолятор орын-жайлары ағындысорып тартатын желдеткіштермен жабдықталады. Ауа алмастыратын құбырға (шахтаға) тек таза ауа ғана енетіндей етіп, оны лас ауа көздерінен алыс орналастырады. Жылу және желдеткіш жүйелерінің жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету үшін оларға жылына бір, ал қажет болған жағдайда одан да жиі профилактикалық байқау жүргізілуі тиіс, яғни акті арқылы ресімдей отырып оларды жөндеуден және сынақтан өткізу шарт. Жатақханалардың барлық тұрғын және қосалқы орын-жайларында, сондай-ақ коридорлар мен холлдарында табиғи жарық болуы тиіс. Бұған пайдалану бағыты табиғи жарықты қажет етпейтін орын-жайлар (фотолабораториялар және т. б. ) енбейді.
Жарық бір жақтан түсетін болған кезде тұрғын бөлменің жарық көзінен алыс нүктесі 6 метрден аспауы және ені екі еселенген мөлшерінен артпауы (бұл орайда эркердің ұзындық мөлшері есепке алынбайды) тиіс. Тұрғын бөлменің көлеңкеленіп қалмауы үшін жапырақты бұтақтары кең жайылатын ағаштар ғимаратқа 10 метрден жақын егілмеуі керек. Жалпы жасанды жарық көздері орын-жайлардың бәрінде болуы шарт. Тұрғын бөлмелерде, асханаларда, жекелеген мәденитұрмыстық бағыттағы орын-жайларда (сабаққа дайындалатын орын-жайлар және т. б. ) дербес функциялық зоналар үшін жергілікті жарықтандыру көздері де қарастырылуы тиіс. Тұрғын орынжайларды жарықтандыру үшін қызу лампалары да, люминесценттік лампалар да қолданылуы мүмкін. Ылғалды режимде қолданылатын орын-жайларда, санитарлық-тұрмыстық жайларда, қосалқы қойма орында гидроизоляциялық арнайы қорғаныс арматуралары (плафондар және т. б. ) пайдаланылады. Бұл аталған орын-жайларға ашық қызулы лампалар мен люминесценттік лампалар қоюға рұқсат етілмейді. Тұрғындары мен қызмет көрсетуші персоналдарының саны 100 адамнан асатын жатақханаларда авариялық және эвакуациялық жарықтандыру көздері болуға тиіс. Негізгі орын-жайлардағы жалпы жарықтандыру құралдары кем дегенде айына бір рет тексеріліп, тазаланып тұрады; баспалдақтардағы, вестибюлдердегі, холлдардағы, кіреберістердегі, қосалқы орын-жайлардағы жалпы жарықтандыру көздері болып табылатын шамшырақтар (светильниктер) – үш айда бір рет тексеріліп, тазаланады. Шамшырақтарды тазалау кезінде олардың күйген лампалары мен стартерлері, қолдануға жарамай қалған сәуле күшейткіштері, қорғаныс қалпақшалары мен өзге де элементтері ауыстырылады.
ZhASAND_ZhAR__1178.pptx