През. Лин.тарих..pptx
- Количество слайдов: 8
Жас грамматистер мектебі Жас грамматистік көзқарас ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Жас грамматизм ағымының көрнекті өкілдері К. Бругман, Г, Остгоф, Б. Дельбрюк, Г. Пауль, А. Лескин (Германияда); М. Бреаль (Францияда), Ф. де Соссюр (Швейцарияда), Ф. Ф. Фортунатов (Россияда). Жас грамматистік бағыттағы және осы бағыттың негізгі принциптерін баяндайтын еңбектер әр елде жазылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері Г. Остгоф пен К. Бругманның «Үндіевропа тілдерінің морфологиялық зерттеулері» (1878); Г. Паульдің «Тіл тарихының принциптері» ; К. Бругман мен Б. Дельбрюктің «Үндіевропа тілдері салыстырмалы грамматикасының негізі» атты еңбектерін келтіруге болады.
• • • Лингвистикалық концепциялары: – тіл тарихын зерттеу. Тіл тарихын зерттеу – тіл ғылымының ең негізгі міндеті. – тілді зерттеуде жазба тілден гөрі қазіргі заман тілдері фактілеріне баса көңіл бөліну керек дейді, өйткені қазіргі заман тілі тілдік құбылыстарды дұрыс түсінуге сенімді де мол материалдар бере алады. Бұл тұжырым олардың тілдің мәні, сипаты жөніндегі бағдарламалық концепциясынан туған. − тіл жеке индивидуумның психофизикалық әрекеттерінің жемісі. Бұл – олардың бүкіл концепциясының негізі. Олар тілдегі өзгерістердің бәрін индивидуумның психофизиологиялық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты, тіл білімінің міндеті – өткен заманның өлі тілін, жазба тілді зерттеу емес, тірі тілді, сөйлеу тілін зерттеу, өйткені сөйлеу тілі индивидуумның психофизиологиялық құбылыстарын көзбе–көз бақылап зерттеуге мүмкіндік береді, ал жазба тілде ондай мүмкіндік жоқ дегенді айтады. Бұдан шығатын қорытынды: Тіл білімінің сөйлеу тілі фактілеріне мән беруі дұрыс, алайда жас грамматистердің тілдің өзіндік мәні жөніндегі көзқарастары – тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын индивидуалистік психологиялық көзқарас.
• тіл қоғам мүшелері арасында қатынас құралы қызметін атқаратынын, тілдік жетістіктерді ұрпақтан–ұрпаққа жеткізетін құрал; • тілде индивидуумның рухани қасиетімен қатар физикалық материал да бар; • тілдік материалдармен дәлелдеуге, тексеруге болмайтын концепцияларға орын жоқ. Осы тұжырымды негізге ала отырып, фактілермен дәлелденбейтін дыбыс тілінің, грамматкиалық формалардың шығуы деген сияқты болжауға ғана сүйеніп шешілетін мәселелердің қайсысы болмасын тіл біліміне нысан бола алмайды дегенді алға тартады. • Қорытынды: • Фактіге сүйенбейтін ғылым жоқ, бірақ ғылыми абстракцияның мәнін де ескермеуге болмайды. Фактіге сүйену концепциясын бұлжытпай сақтаған олар тілдік материалдарды бір–біріне еш байланысы жоқ, тілдік атомизмді дүниеге әкелді. Тіл тұтастығын бұзды. Ал тілдік элементтер бір–бірімен жүйелі түрде байланысқан, тұтас құрылым болып келеді.
• Екінші жағынан, Г. Паульдың «даму принципі» психологияға негізделеді. Ол тарихи дамудың бірден–бір сақтаушысы – психикалық организм, өткеннің ізі тек сода ғана сақталады дейді. Бұл тек Г. Паульге ғана емес, жас грамматистер мектебінің басқа да өкілдеріне тән концепция. Тілдік құбылыстарды терең, жан–жақты түсіну үшін оның әрбір элементтерін тарихи тұрғыдан өз алдына жеке зерттеу қажет деп есептейді. Бұл тұжырым тіл білімінде жас грамматистік «атомизм» деп аталады. • Жас грамматистер зерттеу ісінде екі қағиданы басшылыққа алуды ұсынды: • – фонетикалық заң, • – аналогия заңы. • Бұл екі қағида – олардың негізгі бағдарламалық платформасы. Олардың түсіндіруінше, әрбір этникалық топтың, әрбір халық тілінің дыбыстық құрылысында өзіндік даму заңы болады. Ол даму – ешкімге, ештемеге тәуелсіз, адамдардың саналы әрекеттерінен тыс, жаратылыстық қажеттілік бойынша өз–өзінен болып жататын құбылыс. Адамдарға қатыссыз болғандықтан, тілдің даму заңында ала –құлалық деген болмайды. Ол тұрақтылық сипатқа ие, барлық дәуірде бір бағытта, бірыңғай түрде өзгереді. Лингвистердің міндеті – әр тілдің дыбыстық даму заңын жеке–жеке ашып, кейіннен сол заңдарды туыстас тілдер ара салыстыра зерттеу арқылы жалпы заңдылықты айқындау дегенді айтады.
• Жас грамматистердің тіл дыбыстарының өзгеруінде қалыптасқан заңдылық, белгілі шек болады деулері дұрыс. Бірақ олар дыбыстық құбылыс атаулының барлығы да сөйлеу процесінде жеке индивидуумның еркінен тыс туып, содан басқаларға тарайды; дыбыстық құбылыстар тілді бүлдіріп, оның симметриясын бұзады дегенді айтты. Жас грамматистердің бұл тұжырымдары басқа лингвистер тарапынан батыл сынға ұшырады.
• • Жас грамматистер натуралистердің тіл дамуын екі кезеңге бөлулерін де сынға алды: тілдің дамуында үзіліс деген болмайды; тіл биологиялық организм емес, сондықтан ондағы өзгерісті тілдің даму тарихы деп түсіну керектігін баса айтады. Жас грамматистік мектептің көпке танылған теоретигі Фрейбург, Мюнхен университетінің профессоры Герман Пауль тіл зерттеуде қолданылатын тарихи принципті индивидуализм, психологизм принциптерімен өзінше ұштастырады. Оның пікірінше, тіл, адамның басқа да мәдени туындылары сияқты, тек тарихи тұрғыдан ғана қарауды керек ететін обьект. Тіл білімі дегеніміз – тіл тарихы деген сөз. Ғылыми зерттеу деп тек тарихи зерттеуді ғана айтуға болады, тарих араласпаған зерттеу – ғылыми зерттеу емес. Олай болатын себебі: тіл – мәдени туынды. Мәдени туындыларға тән бір қасиет – оларда психикалық фактордың болатындығы. Ал психикалық фактор әрдайым даму үстінде, өзгерісте болады. Ол былай деп жазады: «Мәдени қозғалыстың қандайында болса да психикалық элемент – ең мәнді фактор, бәрі де соның төңірегіне топтасады. Сондықтан психология мәдениет жөніндегі алуан түрлі ғылымдардың барлығына да ең маңызды негіз бола алады» . Қорытынды: Тіл білімі үшін тарихи зерттеу қандай қажет болса, синхрондық зертеу де сондай қажет.
• Жас грамматистер тіл дамуында ерекше роль атқаратын екінші мәнді фактор грамматикалық аналогия деп есептеді. Олардың пікірінше, аналогия фонетикалық заң әрекеттеріне қарама– қарсы бағытта қимыл жасайды. Фонетикалық заң тілдің симметриясын бұзса, аналогия оны бұзбау, сақтау бағытында әрекет етеді. Аналогия жолымен ескі форма қайта жаңарады немесе жаңа формалар жасалады. • Аталған ағымның Россиядағы өкілдеріне академик Ф. Ф. Фортунатов (1848 – 1914) бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен проф. Бодуэн де Куртенэ (1845– 1929) Қазан лингвистикалық мектебін жатқызуға болады. Ресей лингвистикасы тарихында үлкен роль атқарған екі мектептің екеуі де ХІХ ғасырдық аяқ кезінде қалыптасты. • Бұлардың біріншісінің құрамында А. А. Шахматов, В. Н. Шепкин, М. М. Покровский; соңғысының құрамында В. А. Богородицкий, Н. В. Крушевский, Л. В. Щерба, В. В. Радлов т. б. ғалымдар болды. Ресей лингвистері осы екі мектептің айналасына топтасып, тіл білімінің алуан түрлі мәселелерімен айналысты.
• Жас грамматистердің тілдің өзіндік сипаты жөніндегі түсініктері субьективтік, индивидуалистік тұрғыда болғанына және тіл білімінің зерттеу обьектісін тарылтып, оны тек тіл дыбыстарының өзгеру заңдылығын зерттейтін ғана ғылым еткілеріне қарамастан, тіл ғылымының даму тарихына елеулі үлес қосты. Олар туыстас тілдер семьялары жөнінде көптеген құнды тарихи–салыстырмалы зерттеулер берді. Үндіевропа тілдеріндегі фонетикалық заңдылықтарды тілдік фактілер арқылы талдап көрсетті. Фонетикалық заңдылыққа шешуші мән берді. Оны бүкіл тіл білімінің қозғаушы күшіне айналдырып, тілдің дыбыстық материясы дамуының бірден–бір имманенттік формасы деп санады. Үндіевропа материалдары негізінде түрлі салыстырмалы сөздіктер, салыстырмалы грамматикалар жазылды. • Лингвистикалық әдебиеттерде жас грамматизм дәуірі тарихи–салыстырмалы тіл білімінің үшінші, ең жоғарғы сатыға көтерілген кезеңі деп саналды. •
През. Лин.тарих..pptx