20 поляризация.pptx
- Количество слайдов: 10
Жарықтың поляризациясы Ø Табиғи және поляризацияланған жарық ØЕкі диэлектриктің шекарасындағы шағылу және сыну кезіндегі жарықтың поляризациясы ØЖарықтың қосарлана сынуы ØПоляризациялық призмалар мен поляроидтар ØЖасанды оптикалық анизотропия
Табиғи және поляризацияланған жарық Е немесе Н векторы барлық мүмкін бағытта бірдей ықтималдылықпен тербелетін жарықты табиғи жарық деп атайды. Жарық векторының тербелістерінің бағыты қандай да бір жолмен реттелген жарықты поляризацияланған деп атайды. Егер қандай да бір сыртқы әсерден жарық векторының тербелістері көбірек өтетін қандай да бір бағыт пайда болса, онда жарықты жартылай поляризацияланған деп атайды. Егер Е векторы сәулеге перпендикуляр тек бір бағытта тербелетін болса, онда жарық жазық поляризацияланған деп аталады. Жазық поляризацияланған толқынның жарық векторының тербеліс бағыты арқылы өтетін жазықтықты поляризация жазықтығы деп атайды.
Поляризациялану дәрежесі: - анализатор арқылы өткен жазық поляризацияланған жарықтың сәйкес максимал және минимал интенсивтіліктері. Табиғи жарықты поляризацияланған жарыққа айналдыру үшін поляризаторлар қолданылады. Поляризатор ретінде Е векторына қатысты анизотропты орталарды, мысалы, кристалдарды қолдануға болады. Табиғи кристалдардың ішінде турмалинді поляризатор ретінде қолдануға болады.
- Малюс заңы поляризаторлар параллель болса поляризаторлар бір-біріне перпендикуляр орналасса
Екі диэлектриктің шекарасындағы шағылу және сыну кезіндегі жарықтың поляризациясы Егер табиғи жарық екі диэлектриктің шекарасына түссе, онда оның бір бөлігі шағылады, ал екінші бір бөлігі сынып екінші ортада тарайды. Шағылған сәуледе түсу жазықтығына перпендикуляр тербелетін сәулелер көп, ал сынған сәуледе түсу жазықтығына параллель сәулелер көп болады. Поляризациялану дәрежесі сәулелердің түсу бұрышына және сыну көрсеткішіне тәуелді. Шотландия физигі Брюстер келесі заңды тұжырымдады: tgi. B= п 12 қатынасымен анықталатын ів бұрышы (Брюстер бұрышы) кезінде (п 12 екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші) шағылғын сәуле жазық поляризацияланған болады (тек түсу жазықтығына перпендикуляр тербелістер ғана болады), ал сынған сәуле максимал, бірақ толық емес полиризацияланады.
Егер жарық шекараға Брюстер бұрышымен түссе, онда сынған және шағылған сәулелер өзара перпендикуляр болады. Жарықтың қосарлана сынуы Барлық мөлдір кристалдардың (оптикалық изотропты кубтың жүйелі кристалдардан басқалары) сәулені қосарлана сындыру қабілеті бар. Бұл құбылысты алғаш рет исланд шпаты (Са. СО 3 кальциттің бір түрі) үшін дат ғалымы Э. Бартолин ашты. Жарық шоғы кристалға тік түскенде де сынған сәуле екіге бөлінеді, сонымен бірге олардың біреуі алғашқы сәуленің жалғасы болып табылады, ал екіншісі ауытқиды. Бұл сәулелердің екіншісі ерекше, ал біріншісі – қарапайым сәуле деп аталады.
Оптикалық анизотропты кристалдардағы жарық сәулесі қосарлана сынбай таралатын бағытты кристалдың оптикалық осі деп атайды. Берілген бағытқа параллель кез келген түзу криcталдың оптикалық осі болып табылады. Жарық сәулесінің бағыты мен криcталдың оптикалық осі арқылы өтетін жазықтықты бас жазықтық деп атайды.
Ерекше сәуленің nе сыну көрсеткіші сәуле бағытына тәуелді айнымалы шама болып табылады. Қарапайым сәуле сыну заңына бағынады, ал ерекше сәуле үшін бұл заң орындалмайды. Кристалдан шыққаннан кейін, егер сәулелердің өзара перпендикуляр жазықтықтарда поляризацияланғанын ескермесек, бұл сәулелердің бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Бір осьті кристалдың ішіндегі S нүктесінде нүктелік жарық көзі орналассын делік. Мұндай жағдайда қарапайым сәуленің толқындық беті сфера (v 0=const), ал ерекше сәуле үшін – айналы эллипсоиды (ve≠const) болып табылады. Оптикалық оське перпендикуляр бағыттарда қарапайым және ерекше сәулелердің толқындық беттерінің бір-бірінен ауытқуы көбірек байқалады.
Поляризациялық призмалар мен поляроидтар Призмалар екі топқа бөлінеді: ØЖазық поляризацияланған сәуле беретін призмалар (поляризациялақ призмалар) ØӨзара перпендикуляр жазықтықтарда поляризацияланған екі сәуле беретін призмалар (қосарлана сындырушы призмалар). Жасанды оптикалық анизотропия Оптикалық изотропты заттар төменде көрсетілген әдістермен оптикалық анизотропты заттарға айналады: • Біржақты сығу немесе созу (кубтық жүйелі кристалдар, әйнек және т. б. ) • Электр өрісінің әсерінен (Керр эффектісі; сұйықтар, газдар, қатты денелер) • Магнит өрісінің әсерінен (сұйықтар, әйнектер, коллоидтар).
20 поляризация.pptx