Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 12
ЖАПОНИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІ ОРЫНДАҒАН: ҚАБЛАНБАЕВА АЙНҰР ШОЛПАНОВА АЙГҮЛ ТЕКСЕРГЕН: ТЕМИРБЕК Е. Б.
Жапония (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит, аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372, 2 мың км 2. Халқы 126, 2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11, 9 млн. ). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99, 4%-і — жапондар.
Шығыс Азия мемлекеттеріне философиялық, діни және моральдық құндылықтар өз әсерін де тигізеді. Оларға: 1. Қатал тәртіп 2. Еңбекқорлық 3. Сақтық 4. Шыдамдылық 5. Минималды қажеттілік 6. Жұмысберушіге адалдық 7. Үлкендерді сыйлау 8. Өзінің жұмысын жоғарғы деңгейде түсіну.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басқа дамыған мемлекеттерден өндірістің жоғары шапшаңдығымен және жұмыс күшімен ерекше көзге түсті. Жапонияның ЖІӨ бір адамға шаққанда 19, 5 есе ұлғайды. Өсудің ортажылдық шамасы 7, 7% болды. Бұл шама АҚШ-тан 4 есе жоғары және 7, 7 есе Ұлыбританиядан жоғары болды. Қазіргі Жапонияның өнеркәсібі импорттық шикізаттың өңдеуіне және жоғары технологиялардың шығарылуына мамандандырылған.
Жапонияның экономикалық дамуы 3 принципке негізделген: 1. Қатал мемлекеттік реттеу; 2. Шетел капиталын кең түрде өзіне тарту (біріншілен, ғылыми – техникалық прогрессті дамыту); 3. Ірі ұлттық монополияларды құру – Сыртқы нарықта әрдайым өнімнің сапасын барынша жақсаруын және де бәсекелестік қабілетті болуын мүмкіндігінше арттыру.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т. б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi.
Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т. б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Жапонияның әлеуметтiк – шаруашылық дамуындағы тәжiрибесiнен “ғылым және бiлiм экономикалық өсу моделiнiң интенсивтi және құрылымдық факторы ретiнде көрiнедi”
Жапонияда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т. б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды. Жапония үкiметі баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда өте қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Бұл шаралар жоғары аталған елдердің табиғи – экономикалық, геосаясаттық және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі аспектіден тұрады: - біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау; - екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Жапония басқа мемлекеттерге қарағанда, жұмыс уақыты ұзақ. Орташа шамамен алғанда ер адам бір аптада 57, 7 сағат жұмыс істейді. Бұл шама американдықтардан және Батыс Еуропа мемлекеттерінен 10 сағат артық.
Назарларыңызға рахмет!!!
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx