B_1241_ygel_Askhat_114.pptx
- Количество слайдов: 5
ЖАНЫМДЫ ЖЕГІДЕЙ ЖЕП ҚАРТТАР ҮЙІ
Сұрақтар I. III. IV. V. VII. Қандай жағдайда қарттар үйіне ұл-қыздары әке-шешесін тастап кетеді ? Қарттар үйінде көбінесе қай жастағы қарт кісілер көп келед ? Қарттар үййлерінің саны артуда ма ? Қарттар үйлеріне барғандарың бар ма ? Қарттар үйлеріне жағдай жасала ма ? Қарттар үйіне не істей аламыз? "Ата-анаң жынды болса байлап ұста" деген сөз қалай жауап бересіз ?
Кіріспе Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ): «Аллаhтың разылығы — ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр» , — деген. Түсінген адамға бұл сөзде терең мағына бар. Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра сүресі, 23 аят), — дейді. Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен емізіп, төрт ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп, таң атқызған анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың жоқ. Кіріспе
Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған. Өркениет дамыған XXI ғасыр өзімен бірге осындай жаман дертті ала келді. 2008 жылғы ресми дерек бойынша республикада 67 қарттар үйі бар екен. Онда 12 мың қарт тіркелген. Әрі бұл көрсеткіш күннен–күнге өсуде. Сөз жоқ, Кеңес өкіметі кезінде де қарттар үйі болды. Алайда, мамандардың айтуынша, ол кезде бұл үйде қарттар өте аз болған. Соның ішінде қазақтың әже-ақсақалдары жоқ болған десе де болады. Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұлқызы бар қазақтың қариялары көп екен. Бұл— әрине, қорқынышты факт. Оған кім кінәлі? Қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба? Әлде мүмкін қызмет, жұмыс деп жүріп өз баласына дұрыс ұлттық тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? Халық «не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаған болар.
B_1241_ygel_Askhat_114.pptx