3_D_1241_ris1_1.ppt
- Количество слайдов: 33
Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл сферасының, бұзылыстары № 3 Дәріс Лектор: неврология, психиатрия, наркология кафедрасының доценті Оспанова Н. Н.
Эмоция- әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субьективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. Эмоция адамға маңызды болып табылатын қоршаған ортадан келетін сигналдардың жүйесі. Сезімдердің паталогиялық өзгеруі белгілі-бір тітіркендіргішке адекватты емес жауап қайтарумен сипатталады. Ол сол сезімнің әлсіреуімен, күшеюімен, жоғалуымен, бұрмалануымен көрінеді.
Эмоция түрлері. § Эпикритикалық (қыртысты)- эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер. § Протопатиялық (қыртыс асты)- аштық, шөлдеу сезімін қанағаттандыру, жыныстық сезім. § Оң эмоциялар- қуаныш, қанағат болу сезімі. § Теріс эмоциялар- ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы. § Стениялық- мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер. § Астениялық- төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі.
Эмоция онтогенезі. § § Бірінші этап- нәрестелерде инстинктердің, негізінен өзін-өзі сақтау және тағмдық инстинктердің басым болуы. Екінші этап- органикалық сезіну. Оның негізі- экстра- және интрарецепторлардан түскен ақпаратты өңдеу және балада өз ойларымен сәйкес қоршаған орта жөніндегі тұрақсыз образды бейнелердің туындауы. Үшінші этап- эпикритикалық эмоциялардың дамуы, 3 -4 жастан 12 -14 жасқа дейін. Төртінші этап- жоғарғы адамгершілік эмоциялардың дамуы, олардың толық түзілуі 20 -22 жасқа дейн аяқталады.
Эмоция бұзылуының симптомдары. Эмоционалділіктің күшеюімен сипатталатын бұзылыстар: § Гипертимия- жоғары көңілді, қуанышты көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады. § Эйфория-құштарлық билеп алатын, жоғары қуанышты көңіл-күй. Науқасқа бәрі де қолайлы болады, бәрі оған алқызыл жарық түрінде көрінеді. Көңілділік байқалып, төзімділік пен күш билеп алады. § Мория-ақылсыздықпен, алды-артын ойламаумен, арсыз әзіл- қалжынмен, инстинкттің тежелуімен көрінетін көңіл-күйдің паталогиялық көтеріңкі болуы.
Көңіл-күй бұзылуының симптомдары. Гипотимия- төмен көңіл-күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді. § Дисфория- өз-өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл-күйдің ызалы төмендеуі. § Алаңдаушылық- ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күту сезімі. § Эмоционалды әлсіздік- лабилділік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі. § Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы (anaesthesia psychica dolorosa)- барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау.
Эмоцияның төмендеуімен сипатталатын бұзылыстар: § Апатия- өзіне, айналасындағы адамдар мен құбылыстарға көңіл бөлмеумен, арман-мақсаттарының болмауымен және толық іссізділікпен сипатталатын эмоционалды-ерікті сфераның бұзылысы. § Эмоционалды монотондылық- эмоционалды суықтық, барлық құбылыстарға, олардың эмоционалды маңыздылығына қарамастан, бірдей, суық көзқарастың болуы. § Эмоционалды қатаю- ең нәзік дифференцияланған эмоционалды реакциялардың жойылуымен сипатталады: деликаттылық, біреудің қуанышына бөлену сезімі жойылып, әдепсіздік, дәрменсіздік дамиды. §
§ Амбиваленттілік- бір адамға бір уақытта қарама-қарсы сезімдердің дамуы. § Сезімдерді жоғалту сезімі- болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарау, психогенді “эмоционалды салдану” кезінде кездеседі.
Көңіл-күй мен эмоция бұзылыстары кезіндегі бет бұлшықеттері мимикасының өзгерістері. Гипермимия- тез пайда болып, жоғалатын аффектілер суретін бейнелейтін, тез ауысатын мимикамен сипатталатын бұзылыс. Мимикалық реакциялар көрінісі жиі өте айқын және бейнелі болып келеді. Бейнелі өзгерістер өте тез, ауыспалы болып келеді, кейбір кезде маниакалды қозуға дейін жетуі мүмкін. § Амимия, гипомимия- мимиканың әлсіреуі немесе мүлде болмауы, депрессивті жағдайларға тән қайғы, немқұрайлық мимикасының тұрақтануымен сипатталады. § Парамимия- мимика мен бейнелеуші қимылдардың жағдайға сәйкессіздігі. Бұл өлікті жерлеу кезінде күлімдеудің, тойда жылау мен немқұрайлық, уайымқайғы белгілерінің болуымен сипатталады. Кейде ішкі сезімдері сыртқы мимикасына сәйкес келмейді. §
Эмоция бұзылуының синдромдары. Депрессивті синдром түрлері: 1. Қарапайым депрессия. 2. Қозу депрессиясы. 3. Уайым депрессиясы. 4. Апатиялық депрессия. 5. Жасырын (соматикалық) депрессия. 6. Депрессивті эквиваленттер.
Депрессивті синдромның симптомдары. 1. Депрессивті үштік: - көңіл-күйдің төмендеуі; - идеаторлы тоқыраушылық; - моторлы тоқырашылық; 2. Өз-өзін төмен бағалау, пессимизм. 3. Өз-өзін кінәлау, төмендету сандырағы, ипохондриалық сандырақ. 4. Әуестіктің төмендеуі: тәбетінің, жыныстық әуестің төмендеуі, қарым-қатынас орнатпау, суицидке бейімділік. 5. Ұйқының бұзылыстары: ұзақтығының қысқаруы, ерте ояну, ұйқысы қанбау. 6. Соматикалық бұзылыстар: терінің құрғақтылығы, тургорының төмендеуі, шаш пен тырнақтың сынғыштығы, жастың болмауы, іш қату, тахикардия мен АҚ көтерілуі, мидриаз, дене салмағының төмендеуі.
Маниакалды синдромның симптомдары. 1. Маниакалды үштік: § - көңіл-күйдің жоғарылауы; § - ойлаудың тездеуі; § - психомоторлы қозу; 2. Өз-өзін жоғары бағалау, оптимизм. 3. Ұлылық сандырағы. 4. Әуестіктердің жоғарылауы: тәбетінің жоғарылауы, гиперсексуалділік, қарым-қатынасқа әуестік, адамдарға көмек көрсеткісі келіп тұрады, альтруизм. 5. Ұйқының бұзылуы: ұзақтығының қысқаруы, бірақ шаршағыштық сезімін шақырмайды, ұйқысы қанады. 6. Соматикалық бұзылыстар тән емес.
Ерік- алға қойған мақсатқа жету үшін жолдағы қиыншылықтарды жеңу. Ерік- тек адамға тән қасиет. Ерік процессінің этаптары: § 1. Мақсатты түсініп, оған жетуге ұмтылу. § 2. Мақсатқа жетудегі мүмкіншіліктерді анықтау. § 3. Мотивтер күресі және таңдау жасау. § 4. Мүмкін шешімдердің біреуін қабылдау. § 5. Қабылдаған шешімді жүзеге асыру.
Ерік бұзылысының симптомдары. Ерікті қимылдардың бұзылысы. 1. Абулия- еріктің толық жойылуы. Жиі әртүрлі патологиялық процесстерде, негізінен шизофренияда, әртүрлі маңдайлы зақымдануларда және депрессияда кездеседі. 2. Гипобулия- еріктің төмендеуі, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, қарым-қатынас орнатқысы келмеуі. Жиі депрессивті жағдайларда, шизофренияда байқалады. 3. Гипербулия- жоғары белсенділік, әртүрлі нәрселерді істей береді, шаршамайды. Жиі маниакалды жағдайларда, паранойялды синдромда кездеседі. 4. Парабулия- еріктің бұрмалануы. Жиі кататониялық синдромда кездеседі.
Инстинкт әуестердің бұзылулары. § § § Тағамға әуестіктің бұзылуы: Булимия (bus-бұқа, + Limos- аштық)- патологиялық, өте қатты күшейген аштық сезімі, жиі жалпы әлсіздік және іштің ауырсынуымен сипатталады. Гиперинсулинизмде, психикалық ауруларда, ақыл-ой кемістігінде және шизофренияда байқалады. Анорексия- тағамға тәбетінің жойылуы, тамақтануға физиологиялық қажеттілік болса да. Көбінесе нервті-психикалық ауруларда, ауыр алкогольді абстиненцияда, Симмондс пен Шихан синдромдарында кездеседі. Полидипсия- басылмайтын шөлдеу сезімі, жиі эндокринологиялық ауруларда кездеседі, психогенді түрі де болуы мүмкін. Парорексия, немесе пикацизм- тәбеттің бұрмалануы, жеуге келмейтін заттарға әуестік. Копрофагия- өз экскременттерін жеуге әуестік.
Жыныстық инстинктердің бұзылулары (парафилиялар): § Гипосексуалділік- жыныстық сезімнің төмендеуі, импотенция, әйелдерге фригидтілік. § Гиперсексуалділік- жыныстық сезімнің шамадан тыс жоғарылауы, ерлерде- сатиреазис, әйелдерденимфомания. § Фетишизм- интимды заттарды көруден сексуалді қанағат алу. § Эксгибиционизм- жалаңаш жүруге әуестік. § Вуайеризм- жалаңаш адамдарды сығалап қарауға әуестік. § Педофилия- балаларға деген жыныстық әуестік. § Садомазохизм- ауырсыну мен моралді қиналаудан жыныстық қанағат алу. § Гомосексуализм- өз жынысындағы адамдарға жыныстық әуестік. § Транссвестизм- басқа жыныстың киімін киюді ұнату. § Зоофилия- жануарларға деген жыныстық әуес.
Импулсивті әуестер мен импулсивті қимылдар. § § § § Импулсивті әуестер- қазіргі жағдайға сәйкес емес, басылмайтын мақсатқа жету сезімдері. Импулсивті қимылдар- бірнеше секундтан минутқа дейін созылатын, кенеттен істелетін айқын келіссіз қимылдар. Дромомания (пориомания)- орын ауыстыруға импулсивті әуес. Дипсомания- басылмайтын, ішкілікке деген әуес, ауыр алкоголді эксцесстармен бірге жүреді. Пиромания- мотивацияланбайтын, басылмайтын өрттеуге деген әуестік. Клептомания- импулсивті, мотивацияланбайтын ұрлыққа деген әуестік. Копролалия- импулсивті түрде боқтық сөздерді айтуға әуестік.
Назар аударудың бұзылулары. § Назарын басқа жаққа аудару- адам керекті затқа өз назарын ұзақ уақыт аудара алмайды, активті назардан пассивті назар аудару басымырақ болады. § Назардың бір затқа не құбылысқа бекуі- депрессиялар кезінде кездеседі, науқастар көңілін басқа нәрсеге бұрса да, бүкіл ойы сол болған қайғыға немесе өзінің уайымдарына еріксіз бекиді. § Назар аударудың әлсіреуі- органикалық аурулар мен астениялық жағдайларда кездеседі. Әңгіменің басында сұрақтарға дұрыс жауап береді, соңына таман қателесе бастайды.
Қимыл-қозғалыс бұзылысының синдромдары. § § § § Ступорозды жағдайлар- мутизммен және әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әлсіреуімен жүретін қимыл-қозғалыстың толық жойылуы. Кататониялық ступор- пассивті негативизммен, айқын бұлшықетті гипертониямен сипатталады. Балауызтәрізді иілгіш ступор- мутизм және қозғалыссыздықпен бірге науқас берілген позаны ұзақ уақыт сақтайды. Негативизмдік ступор- науқастың позасын өзгертуге бағытталған әрбір әрекет қарсылық кездестіреді. Бұлшықет сіресуімен сипатталатын ступор- науқастар жиі эмбрион позасында жатады, бұлшықеттері сірескен, көздері жабық, тамақтан бас тартады. Субступорозды жағдай- қимылы толық бөгелмейді, мутизм сақталған, науқастар кейде бірнеше сөз айтуы мүмкін. Депрессиялық ступор- контактке түсе алады, кенеттен жедел қозу жағдайына ауысуы мүмкін- меланхолиялық раптус. Апатиялық ступор- көбінесе арқасымен жатады, бұлшықет тонусы төмен, сұрақтарға үлкен кедергімен жауап береді.
Қимыл-қозғалысты қозулар. Кататониялық қозу: § - Мутизм. § - Негативизм. § - Импулсивтілік. § - Жаңғыру (эхопроксия). § - Католепсия. Гебефреникалық қозу: § - Гиперкинезия. § - Негативизм. § - Мәні жоқ іс-қимылдар. § - Эйфория, кенеттен көңілкүйдің төмендеуімен ауысуы мүмкін. Маниакалды қозу: § - Эйфория. § - Гипермимия. § - Гипербулия.
Ұстамалар. Үлкен тырыспалы ұстама: - Аура. - Тоникалық фаза. - Клоникалық фаза. Абортивті ұстамалар. Кіші ұстама. Пикнолептикалық ұстама. Акинетикалық ұстама. Катаплексиялық ұстама. Нарколептикалық ұстама. Эпилептикалық ұстама. Истериялы ұстама. Ошақты ұстамалар: - Джексон ұстамасы. - Адверсивті ұстама. - Кожевниковский ұстамасы.
Эпилептикалық және истериалық ұстамалар айырмашылығы. Белгілері Эпилепсиялық ұстама Истериалық ұстама Басталуы кенеттен психогенді Есі есінен таңған аффективті тарылған Құлауы етпетінен абайлап, ақырын Тырысу фазалары бар жоқ Қарашықтары жарыққа реакциясы сақталмаған жарыққа реакциясы сақталған Ұзақтығы 3 -4 минут 30 минут және одан да ұзақ Тәулік мерзімі түнде, жалғыз болғанда күндіз, жанында адамдар болғанда Жарақаттары тілін тістеп алу, соғылулар болмайды Қимылдар фазалармен шектелген айқын, демонстративті, анық Ұстамадан кейін ұйқы, олигофазия жылау, күлу
Сана сезім бұзылыстары Сана сезім - адамның өзін және қоршаған ортаны біртұтас құбылыс ретінде қабылдауы. Сана сезім бұзылысын Ясперс 4 критерий бойынша анықтайды: • Бағдардын бұзылуы (дезориентирация), • Ойлау бұзылуы, • Ес қабілеті бұзылысы (амнезия), • Абыржушылық.
§ Жіктелуі § 1 топ санаулы 2 топ сапалы § 1. делирий § 2. онейроид 1. есеңгіреу § 3. аменция 2. сопор § 4. сана 3. кома бұлыңғыр бұзылысы
§ Есенгіреу барлық анализаторлардың қабылдау табалдырығының биіктеуімен көрінеді. § Науқастар сөзді бірден түсінбейді, өзінің қайда екенін, уақыттың неше болғанын білмейді. Бірақ жағдайды дұрыс түсінеді. § Есеңгіреу кезіндегісі есінде аздап қалады, бірақ толық амнезия болмайды. § Обнубиляция - науқас төсектен тұрып жүреді, абыржыған, ойға батып жүреді. § Сомноленция – науқастар үнемі ұйықтап жатады. Оятса жеңіл оянып, соңынан қайта ұйықтап кетеді.
§ Сопор (патологиялық ұйқы) – психиканың әрекеттің тоқтауымен көрінетін сананың терең бұзылысы. Науқас терең ұйқыда жатқандай көрінгенмен оны ояту мүмкін емес, күшті тітіркендіргіштерге және шартсыз рефлекстерге қарапайым жауаптар сақталған: тоңса көрпесін жамылады, айғайлап атын айтса көзін ашады, ауырсынуға ыңырсиды т. б. § Науқаспен ешқандай байланыс жасау мүмкін емес. § Сопордан шыққан соң толық амнезия байқалады.
§ Кома – күшті тітіркендіргіштерге реакция жоғалуымен және шартсыз рефлекстердің өшуімен көрінетін сананың ауыр бұзылысы. Қасаң қабық реакциясы жоқ, қарашықтың жарыққа реакциясы жоқ, тек жүрек соғысы мен тыныс алу сақталған. Кей жағдайда кома клиникалық өлімге айналуы мүмкін. § Есенгіреу, сопор, кома біріне өтетін сана бұзылысының кезеңдері боп табылады. Негізгі себептері: мидың экзогенді және соматикалық жарақаттары (интоксикация, инфекция, жарақат, гипоксия, гипогликемия, су – тұз алмасуы бұзылысы, ісіктер, гематома)
§ Делирий иллюзия және сақна тәрізді галлюцинациямен, уақыт пен оқиғаға бағдар бұзылуымен, психомоторлы қозумен сипатталатын жедел психоз. Көбінесе алкогольді психоз кезінде кездеседі. § Кезеңдері: а) қорқыныш, үрей; б) иллюзия; в) галлюцинация; г) профессионалдық, муситтирлеуші делирий. § Делирий ұзақтығы 2 -5 күн, кешке қарай басталады, пациент ұйықтай алмайды. Кейде 8 -12 сағ терең ұйқыдан соң психоз белгілері жоғалады. Кей пациенттер өзімен болған жағдайды шын болды деп ойлайды(резидуальді сандырақ) және бірнеше сағатты бірнеше күнге созылды деп ойлайды. § Қолайсыз болжам - кәсіптік және муситтирлеуші делирий кезінде қойылады. Кәсіптік делирийде пациент өзін жұмыстамын деп ойлайды, жұмысына қатысты әрекеттер жасайды. Муситтирлеуші делирийде пациент төсектен тұра алмайды, мұрнының астынан тез түсініксіз бірдеңелерді айтады, төсек орнын қағады т. б. Толық амнезия байқалады.
§ Онейроид – қиял-ғажайыпты, өзіне, уақытқа, қоршаған ортаға бағдар, ойлау бұзылуымен көрінетін жағдай. § Кезеғдері: а) аффективті бұзылысы (субдепрессиялық жағдай, маниакалды жағдай); § б) сандырақты көңіл күй кезеңі; § в) жедел фантастикалық парафрениялық кезең; § г) нағыз онейроид кезеңі. § Пациент өзін ғажайып оқиғаға қатыстым деп есептейді, өзін сыртынан бақылағандай айтады. § Сөзі үзік, қимылы кататониялық синдроммен көрінеді, қос жалған бағдар симптомы көрінеді: пациент бір мезгілде өзін психикалық ауруханада жатқанын және фантастикалық оқиғаға қатысушы болып сезінеді.
§ Онейроид шизофренияның көрінісі боп табылады. Жедел басталып бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Басында ұйқы бұзылып үрей билейді. Біртіндеп абыржушылық дамып айқын эмоция мен дереализация көрінеді. Содан кейін кататониялық ступор және қозу дамиды. Психоз аяқталғанда елестер жоғалады, ал сандырақ пен кататониялық көріністер сақталады. Онейроидты кататония шизофренияның қолайлы психозы боп табылады. Оның соңы тұлғаның өзгерісінсіз болатын сапалы ремиссия. Кейде дене қызуының көтерілуі, ми ісінуі, жүрек қызметі бұзылуы дамиды(Фебрилді шизофрения).
§ Сананың бұлыңғыр бұзылысы кенет басталып қысқа уақытқа созылады, эпилепсияда кездеседі. § 2 түрі бар: сандырақ- елес, амбулаторлы автоматизм. § Амбулаторлы автоматизмге жатады: фуга - қысқа уақыт сана бұзылысы (1 -2 мин). ауру адам орнынан атып тұрып өзіне тән қимылдар жасауы мүмкін(айналу, киімін жырту, секіру айғайлау). Аяқталған соң осы жағдай есіне түспейді; транс – бірнеше минуттан сағатқа созылады. Автобуста отырып өз аялдамасынан өтіп кетуін, басқа қалаға қалай келгенін есіне түсіре алмайды; § сомнамбулизм - ұйқыда жатып жүріп кетуі. § Сандырақ – елес түрінде кенет қозу, агрессия, ашу аффектісімен көрінеді. Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндіреді.
§ Аменция ойлаудың байланыссыздығы, қабылдаудың бұзылысымен және тез арықтаумен көрінеді. Автоматты қозғалыстармен, түсініксіз сөздермен, сыртқы ортаға реакция жоғалуымен көрінеді. Пациент әлсіздіктен төсектен тұра алмайды. Аменция ұзақ жүретін соматикалық аурулар кезінде кездеседі. Ем жүргізгеннен кейін де науқас адамда деменция, корсаков синдромы, астениялық жағдайлар сақталады.
3_D_1241_ris1_1.ppt