8b967011a578de62c1aeb13bf8252392 (2).ppt
- Количество слайдов: 23
Жалпы мағлұмат Венесуэла Республикасы –Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912, 0 мың км². Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады.
Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен, тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман. Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген.
Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1811 жылы елдің тәуелсіздігі жарияланды. 1819 жылы ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды. 1830 жылы қайтадан жеке бөлініп шықты.
Венесуэллаға саяхат
Табиғаты
Анхель сарқырамасы
Пайдалы қазындылары — мұнай, газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, .
Ұлттық киімі
Тағамы
Яномамо тайпасы
Орыңдаған: Ақаш Абай Тексерген: Еслямова Айнұр З
8b967011a578de62c1aeb13bf8252392 (2).ppt