Ж.Г. кириспе .ppt
- Количество слайдов: 18
Жалпы гигиена және экология кафедрасы Тақырыбы: Кіріспе. Гигиена медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Лектор Желдербаева Махабббат Камиевна медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 1
Жалпы гигиена және экология кафедрасының ғылыми зерттеулердің жетекшісі, кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев Ү. И. 2
Жалпы гигиена және экология кафедрасының ғылыми зерттеулері Қарашығанақ мұнай кен орны Хром кен орындары мен хром өңдеу өнеркәсіптері Капустин Яр ракеталық-ядролық полигоны Азгыр ядролық полигоны Манғыстау мұнайгаз аймақтары «Каспий» тұщыланды ру зауыты Теңіз мұнайгаз орындары Семей сынақ ядролық полигоны Жаңажол, Кенкия, Шубаршы мұнайгаз орындары Арал. Сырдарья Өскемен түрлі түсті металдар өндірістері Оңжағалық Сорбұлақ арнасы Байқоныр Фосфор химиялық өндірістері Мұнайгаз орындары Алматы
“Гигиена” атауы “хигиейнос” деген грек сөзінен шыққан 4
• «Гигиена» терминi х и г и е н о с деген грек сөзiнен шыққан, мағынасы «денсаулық әкелушi» . Ертедегi грек мифологиясы бойынша дәрiгерлiкпен айналысатын Асклепия құдайының (ертедегi Рим мифiнде-Эскулапа) Гигиея деген қызы болған, ол әкесiнiц жұмысына көмектескен Гигиея аурудың алдын алумен айналысқан, ерте дүниедегi гректер оны денсаулық құдайы деп есептеген. Осы денсаулық құдайының атынан, медицинадағы негiзгi профилактикальқ 5 ғылыми гигиена деп атаған.
Адамның денсаулығы жөнiндегi қамқорлық бүкiл медицинаныц негiзгi мiндетiне жатады, оны екi жолмен iске асыруға болады. 1. 2. Алдын алу жолымен, яғни денсаульқты нығайту және аурудың алдын алу арқылы. Ауруды емдеу арқылы, яғни ауру адамды емдеп, денсаулығын қалпына келтiру арқылы. 6
Гигиена - деп адамның өмiр сүруi үшiн қолайлы жағдайды, ой жұмысы мен дене жұмысының жоғары қабiлеттiлiгiн, денсаулығының нығайуын және аурудың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналык нормативтердi, санитарлык ережелердi және шараларды негiздеу мақсатында, қоршаған ортаның адам организмi мен коғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейтiн ғылымды атайды. 7
Гигиенаның мақсаты Өткен ғасырдың орта шенiнде ағылшын ғалымы Эдвард Паркс, гигиенаның мақсаты – «. . . адамньң өсiп дамуын көбiрек жетiлдiру, өмiрiн- күштiрек ету, қартаю жылдамдығын ең аз ету, өлiмiн ең ұзаққа созу» деген. Осы айтылған сөз қазiргi кездегi гигиенаның мақсаты жөнiндегi түсiнiкке толық сай келедi - ол адамның денсаулығын сақтау және нығайту. 8
Гигиенаның зерттеу нысандары • Гигиенаның зерттейтiн объектiсi адам денсаулығы мен оны қоршаған ортасы. Бұл жерде коршаған орта деп тек табиғатты түсiнiп қоймайды, сондай-ақ адамның бүкiл өмiрi бойында өмiр сүретiн ортасын, сонымен бiрге жұмыс және демалыс уақытында болатын ортасын да түсiнедi. 9
Табиғатына байланысты адамға әсер ететiн қоршаған ортаның барлық факторлары: n n химиялық - ауаның, судың, топырақтьң, тағамның химиялық құрамы. физикалық - күн радиациясы, ауаның қысымы, температура, ылғалдылық, ауаның козғалу жылдамдығы, иондандырғыш сәулелену, шу, вибрация т. б. Биологиялық - адамды қоршаған жандылардың бәрi (бактерия, вирустар, гельминттер, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер) жатады. Психологиялық – сөз сөйлеу, хат, баспа сөздері, ұжымдағы ара қатынастар т. б. 10
Гигиенаның негiзгi мiндеттерi : n n n Адамның денсаулығына әсер ететiн табиғи және антропогендi факторларды зерттеу. Осы факторлардың адам организмiне немесе популяцияға әсер ету заңдылықтарын зерттеу. Адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуга бағытталған гигиеналық нормативтердi, ережелердi және шараларды ғылыми тұрғыда негiздеу және даярлау. Орнатылған гигиеналық нормативтердi, ережелердi және шараларды денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгiзу, олардың тиiмдiлiгiн бағалау. Келешектегi санитарлық жағдайды болжау. 11
1. Адамның денсаулығына әсер ететiн табиғи және антропогендi факторларды зерттеу судағы, ауадағы, топырақтағы, тағамдық азықтардағы, химиялық заттардың құрам деңгейi, таралуы. Мысалы, судағы, топырақтың құрамындағы металлдар. Елдi мекендердiң өндiрiс үйлерiнiң ауасындағы газ түрiндегi қосылыстар. Олардың пайда болатын көздерiн зерттеу; n топырақтың, судың, ауаның, тағамдық азықтардың құрамындағы микробтар, вирустар, гельменттер, саңырауқұлақтар және олардың таралуын зерттеу; n зауыттардағы, өндiрiс үйлерiндегi, шахтадағы шу, вибрация, иондандырғыш сәулелену деңгейi, қалалардағы көше шулары. Табиғи климаттық факторлар - күн радиациясы, температура, ылғалдылық, ауаның қысымы, ауаның қозғалу 12 жылдамдығы. n
2. Осы факторлардың адам организмiне немесе популяцияға әсер ету заңдылықтарын зерттеу. ауа, су тағамдық азықтар арқылы организмге түсетiн химияльқ заттардың организмге тигiзетiн әсерiн зерттеу. Мысалы: бiрқатар металлдар — Zn, Fe, Cu, Mg, ванадий, Ко, цезий ферменттердiң гормондардьң, витаминдердiң құрамына кiредi. Сөйтiп адамның калыпты өмiр сүруi үшін қажет. Бiрақ организмге артық түскен жағдайда олар улылық әсер бередi. Иодтың жетiспеушілігі - эндемиялық зоб ауруының туындауына әкеп соғады. Фтордың жетiспеушiлiгi — тiс кариесiне ьқпал етедi. Фтор артық түссе - флюороз ауруы пайда болады. n жұқпалы аурулардан судың, ауаның, тағамдық азықтардың құрамындағы микрооргнизмдер т. б. туындатады. n өндiрiс жағдайында шу қажытады, құлақтың есту қабілетiн төмендетедi, нерв жүйесiнiң ауруларын туындатады. Вибрация - вибрация ауруын. Иондағыш сәулелену қатерлi iсiк, гендiк мутация т. б. туындатады. 13 n
3. Адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуга бағытталған гигиеналық нормативтердi, ережелердi және шараларды ғылыми тұрғыда негiздеу және даярлау. n Адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуга бағытталған гигиеналық нормативтердi, ережелердi және шараларды ғылыми тұрғыда негiздеу және даярлау. 14
4. Орнатылған гигиеналық нормативтердi, ережелердi және шараларды денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгiзу, олардың тиiмдiлiгiн бағалау. «Егер гигиена ғылыми нормативтердi, ережелердi, шараларды даярлайтын ғылым болса, олардың практикалық қолданылуы санитарияға жүктеледi (латынша санитос – денсаулық). Атақты гигиенист В. Г. Хлопин бұл пәнге мынадай анықтама берген “Егер гигиена денсаулықты сақтау және жақсарту жөнiндегi ғылым болса, онда санитария осыған қол жеткiзетiн (орындайтын) практикалық iс-әрекетi» . n Жалпы айтқанда санитария бұл гигиеналық нормалардың, ережелердiң, шаралардың сақталуын бақылауға алатын жүйе, оны санитарлық эпидемиологиялық қызмет iске асырады. n Тиiмлiлiгiн бағалау бұл: гигиеналық нормативтердi, ережелердi, шараларды денсаулық сақтау практикасына, халық шаруашылығына енгiзуден түскен пайданы әлеуметтiк және экономикалық тұрғыдан есптеу. n 15
5. Келешектегi санитарлық жағдайды болжау. n Бұл ең заманның ағымына сай (современная) мiндет. 1972 жыл акад. Сидоренко Г. И. келешектегi ҚО мен ХД жагдайын болжауға мүмкiндiк беретiн гигиеналық болжау теориясын ұсынған болатын. Жақын және ұзақ уақыттарға есптеу арқылы жүргiзiлетiн болжау келешектегi алдын алу шараларын жоспарлауға және оның тиiмдiлiгiн бағалауга мүмкiндiк бередi. 16
Санитарлық заңдылықтар Санитарлық дәрігер санитарлық бақылау жүргiзу кезiнде санитарлық заңдылықтарды пайдаланады, оған кiретiндер: мемлекеттiк стандарттар (ГОСТ); n санитарлық ережелер мен нормалар (Сан. Пи. Н); n нұсқаулар; n құрылыс нормалары мен ережелерi (СНи. П); n методикалар нұсқаулар; n денсаулық сақтау министрлiгi мен т. б. құрылысы мен қарарлары (распоряжение). Санитарлық дәрiгердiң жұмысындағы негiзгi басшылыққа алатын құжаты “Мемлекеттiк санитарлық 6 ақылау жөнiндегi ережелердің жиынтығы“ (положение о гос. сан. надзор). Санитарлық эпидемиологиялық қызмет Қ Р денсаулық сақтау министрлігінің санэпид бақылау комитетінен, оған кіретін ұйымдастыруәдістемелік және санэпид бақылау Департаменттерінің қызметін бақылаушы орган ретіндегі Республикалық санэпид қызметтен және облыс, қала, аудан деңгейіндегі мем. санэпид қадағалау Департаменттерінен тұрады. Әр СЭС негiзгi үш бөлімнен тұрады: санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық және дезинфекциялық. n 17
Гигиена бiрқатар бөлiмдерден тұрады, оның әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. n n n Коммуналдық гигиена. Елдi мекендердегi табиғи және әлеуметтiк факторлардың организмге әсерiн зерттейдi және қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау үшiн гигиеналық нормативтер мен шараларды даярлайды. Тамақтану гигиенасы - құрамында әртурлi қоректiк заттары бар тағам рационының организмге әсерiн, тамақтық заттардың саны мен сапа жағынан ағзаға қажеттiлiгiн, жұмыс және тұрмыс жағдайына байланысты олардың организм үшiн үйлесімді арақатынастарын зерттейдi, алиментарльқ аурулардың алдын алу шараларын даярлайды. Еңбек гигиенасы — адамның жұмыс iс-әрекеттерi мен өндiрiстiк ортаның организмге әсер ету мүмкiндiгi тұрғысынан зерттейдi, жұмыс жағдайын сауықтыруға кәсiби аурулардың алдын алуға бағытталған гигиеналық шаралар мен нормативтердi даярлайды. Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы. ҚО факторларының, оқу тәрбиелеу процесстерiнiң балалар организмiне әсерiн зерттейдi және балалардың дене құрылысы мен ой-өрiсiнiң дамуын қамтамасыз ететін, гигиеналық жағдайын жасау мақсатында гигиеналық талаптар мен нормативтерді даярлайды. Радиациялық гигиена - иондағыш сәулеленудiң, радиациялық заттардьң адам организмiне әсерiн зерттейдi және осы заттармен жұмыс iстейтiн адамдардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыздау жөнiнде санитарлық гигиеналық шаралар мен нормативтерді даярлайды. 18
Ж.Г. кириспе .ppt