
Общ.здоровье срс.pptx
- Количество слайдов: 18
Жалпы гигиена және экология кафедрасы • Тақырыбы: Қазақстанның жекелеген өндіріс аймақтарындағы атмосфералық ауаның сапасы және ол жердегі тұрғындар денсаулығы мен өмір сүру жағдайына әсері. Өндірістік шығарындыларды тазарту мәселелері. Мысалында Қазақстанның кейбір аймақтарындағы атмосфералық ауаның сапасын кешенді және интегралды бағалау Орындаған: Әліпбекова С. Н. Қабылдаған: Амрин М. К. Факультет: МПД Топ: 501 -02 к
Жоспары: Кіріспе: Негізгі бөлім: Атмосфералық ауа Қазақстанның жекелеген аймақтарында атмосфералық ауаның сапасы Атмосфералық ауаның сапасын бағалау Пайдаланылған әдебиеттер: Қорытынды:
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н. Назарбаевтың биылғы жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Атмосфералық ауа • Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелийден тұратын газ қабаты.
• Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфераның ластануынан туындайды • Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. • Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
• Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, Олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
• Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3, 1 млн. г, 1997 ж – 2, 37; 1998 ж – 2, 33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22, 7%, қара металдар – 15, 7% береді. • Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
• Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO 2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен.
Атмосфералық ауаның ластануынан пайда болатын қауіп Смог Қышқыл жаңбыр Парниктік эффект Озон қабатының бұзылу ы
• Ауаны ластағыш заттар • Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік ісәрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
• Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. • Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т. б.
• Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.
• Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763, 0 мың т. ), Қарағанда (601, 6 мың т. ), Жезқазған (487, 0 мың т. ), Шығыс Қазақстан қаларында (170, 0 мың т. ), Қостанай (170, 0 мың т. ), Ақмола (120, 0 мың т. ), Атырау (90, 0 мың т. ) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, • металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған.
• Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2, 3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.
Қорытынды: • Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т. б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер: • 1. Стамқұлұлы. Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995 ж. • 2. ҚР Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз. • 3. Чусев Р. К - “Экологические право” Москва. 2000 ж. • 4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов. Е Алматы 2003 ж. • 5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001 ж. • 6. Сапарғалиев. Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000 ж. • 7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998 ж.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Общ.здоровье срс.pptx