жана туган наресте кутими.ppt
- Количество слайдов: 22
Жаңа туған нәресте ерекше күтіммен ұқыптылықты талап етеді. Жаңа туған нәрестенің күтімінің жақсы болуы тек анасына емес, бүкіл отбасы мүшелеріне де байланысты.
Босану бөлімшесіндегі алғашқы күні жаңа туған нәресте күтімін медбике жасайды және бала күтімі жайлы анасына түсіндіреді. Содан кейінгі күндері күтімді анасының өзі жасайды. Таңертенгілік врач – неонотолог тексерісінен кейін, медбике профилактикалық қарау жасап, нәресте туалетін жүргізеді. Күн сайын кіндік қалдығын қарайды. Денсаулық сақтау министрлігінің № 742 бұйрығы бойынша кіндік қалдығы өздігінен түсуі керек.
Медбикелер анасына кіндік қалдығының күтімі жайлы және кіндік жарасы пайда болғанда не істеу керек екенін түсіндіреді. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде әйелдер 3 күн болады. Әрбір палатада жеке балалар керуеті, пеленальды стол, столды өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар(лизоформин 300 т. 5% ) ыдыс болады. Жаңа туған нәрестеге стерильды іш киімдер қолданады.
Қолданған іш киімдерді бөлек жинап, дезинфекциялайды. Бөлме ішін күніне 2 рет тазалайды, 1 рет дезинфекциялық ерітіндімен жуады. Жаңа туған нәресте мен анасын үйіне шығарған кейін төсек жабдықтарын дезинфекциялап , бөлмені жинап, тазалық шараларын өткізеді.
Жаңа туған нәрестенің дұрыс күтімі мен тазалығы бала денсаулығына әсер етеді. Ағзаның жақсы дамып жетілуі үшін ең алғаш күндерінен бастап күн тәртібі мен тазалығын сақтау керек. Жаңа туған нәресте қоршаған ортаға өте сезімтал болады, әсіресе микробтарға. Ал бұл микробтар түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Жуылмаған киімдер, лас ойыншықтар арқылы жұғады. Кейде отбасы мүшелері баланың бетінен сүю арқылы жұқтыруы мүмкін. Ана баламен ең жақын қарым – қатынаста болады, сондықтан ана ең бірінші өз жеке гигиенасын сақтауы керек.
Жаңа туған нәресте бөлмесі таза әрі жарық болуы керек. Бөлмеде артық заттар болмағаны жөн. Бөлмеде керует, бала киіміне арналған шкаф, ораууға және кіндік пен көзді тазалауға арналған стол. Еденді күнде жуып, жиһаздарды ылғалды шүберекпен сүртуі керек. Бөлмені күніне 2 рет 10 -15 минутқа желдету керек.
Стерильді бинт Мақта Теріге жағатын май Марганцовка Балалар сабыны Стакан Шай қасық Суға арналған градусник Қайшы Резеңкелі груша Дене температурасына арналған градусник Резеңкелі жылытқыш Осы заттарды таза матамен жауып, бөлек жерге қояды.
Таңертен баланың бетін жылы сулы мақтамен сүрту керек. Көзін күніне 1 рет сыртынан ішіне қарай, әр көзін бөлек сүртеді. Егер көзінде ірің болса, фурацеллин ерітіндісімен жуады. Нәресте мұрнына жылытылған өсімдік майын тамызып, мақтамен тазалайды. Құлақты жуғанда, есту жолдарына су кірмеуі керек.
Нәрестені кіндік жарасы толық жазылғаннан кейін суға түсіруге болады. Әдетте баланың бірінші жарты жылдығында күнделікті шомылдырады, содан соң күнара шомылдыруға болады. Суға түсетін бөлме жылы 20 -22 градус болуы керек. Сәбиді басқа ешкім жуынбайтын және киім жуу үшін қолданбайтын жеке ваннада шомылдыру керек. Бірінші ваннаны сабындап жылы сумен жуып аламыз, содан соң 36 -37 градустық су құямыз. Егер баланың денесінде бөртпе болса, суға аз ғана марганцовка ерітіндісін қосамыз. Ваннадағы су баланың бүкіл денесін алып жатуы керек, сонымен қоса баланың денесін шаю үшін жылы суы бар құман керек.
Суға түсіруден ертерек сүрту үшін орамал, орағыш, бас киім және дене қыртыстарына жағу үшін крем немесе май дайындап қою қажет. Бәрі дайын болған соң баланы суға түсіретін адам сәбиді қолына алып, сол қолымен шүйдесі мен жауырынынан ұстай отыра суға салады. Бірінші сәбидің кеудесін, ішін, қолын, аяғын, содан кейін су көзіне тимес үшін басын жуамыз. Одан кейін сәбиді ішімен жатқызып , арқасын, сан аралығын, шатын жуамыз. Жаңа туған нәрестені сабынмен жиі шомылдырудың қажеті жоқ, аптасын 1 рет, онда да сәби сабынын қолданған жөн.
Шомылдырып болған соң баланы судан шығарып алдын ала дайындап қойған құмандағы жылы сумен шаямыз сосын жылдам жаялыққа ораймыз. Бетін суға түсіргенде бөлек жуамыз. Сәби құрғағаннан кейін пеленальды столға жатқызып дене қыртыстарын май не крем жағып, киіндіреміз. Соңында құлағында су қалып қоймағандығы үшін тексеруді ұмытпаған дұрыс.
Тырнақты арнайы балалар қайшысымен аптасына 1 рет алады. Алғашқы күндері баланың басында қышумен сипатталатын қайызғақ болады. Суға түсірер алдында 2 -3 сағат бұрын басына өсімдік не вазелин майын жағып, суға түсіріп болған соң кішкене тарақпен аз –аздан тараймыз.
Дұрыс тамақтану Жеке бас гигиенасын сақтау Таза ауада серуендеу Стресстік жағдайларды болдырмау Сүт бездер ді күту(емізу, артық сүт қалдырмау) Уақытылы ұйықтау Зиянды әдеттерді болдырмау
Қалыптасқан ережеге сәйкес, балалар емханасының педиатр – дәрігерімен медбике бірігіп, босанатын үйден шыққан алғашқы 3 күнде жаңа туған нәрестені қарайды. Егер тұңғыш бала болса, патронажды алғашқы күні жасаған дұрыс. Медбике бірінші аптада үйге 1 -2 күнде келіп тұрады, алғашқы айда әр жеті сайын, балалар дәрігері 7 -10 күннен соң қайтадан сәбиді қарайды.
Алғашқы патронажда шағымдарды, сәби мен анасының күйін, жүктіліктің және босанудың қалай өткенін, нәрестені нешінші күні емшекке салғанын қалай емгенін, кіндігі қашан түскенін, босанатын үйден кашан шыққаны, физиологиялық жоғалған салмақ мөлшерін анықтайды. Педиатр дәрігер нәрестені қарағанда оның жалпы күйіне және әр түрлі мүшелердің, әсіресе жүйке жүйесінің, тері, кіндік шеңберіне, дамуында аномалия барлығына көңіл аударады.
жана туган наресте кутими.ppt