T_1199_rik__1179_a_1171_anaty.pptx
- Количество слайдов: 12
Жаңа сабақ тақырыбы: Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер: Түрік қағанаты (552 -603)
Жаңа сабақтың мақсаты: Білімділік: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырау себебімен таныстыру, жан — жақты білім беру; Дамытушылық: 6 -сыныпта алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету, тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру Тәрбиелік: Оқушылардың ел тарихына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жоспары: 1. Түрік қағанатының құрылуы 2. Жер аумағы 3. Саяси жағдайы 4. Ыдырауы
Құрылуы: 552 жылы Бумын қаған Түркі қағанатын құрған Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан. Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және. Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу.
Жер аумағы: Шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсы елімен шектесті. Астанасы: Суяб Негізі құрамы: түркі тілдес тайпалар (теле, оғыз, дулу, нушеби, қырғыз, ұйғыр т. б. ).
Саяси жағдайы. Жылдар сөйлейді: 545 ж- Қытаймен бейбіт келісім 552 ж- Жужан қағаны Бумыннан жеңілді 552 -554 жж –Мұқан қаған кезінде жужандар толық жеңілді 555 ж- түріктер Арал теңізіне дейін жетті 563 -567 жж- эфталитеттерді жаулап алды 570 -580 жж –Түрік қағанатының шығыстағы ықпалы күшейді. VІғ. 70 ж – Түрік қағанаты иелігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңізге дейін ұлғайды.
Ыдырау себептері: Бір орталыққа бағынған мемлекет бола алмады Билік үшін талас -тартыс 581 ж қағанат ішінде соғыстар басталды Тәуелді халықтар бас көтерді Көрші мемлекеттер шабуылы күшейді Жеке ұлыстарға бөлінді 603 ж. Екіге бөлінді (Батыс , Шығыс).
Кесте: Есіңе түсір Қашан? 552 -603 жж 545 жж 552 ж 563 -567 жж 603 ж Қайда? Кім? Не болды?
Түрік қағанаты құрылған жыл? 552 545 603
Сабақты бекіту Ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекетті ата? Қытай шежіресі бойынша түрік сөзінің мағынасы қандай? 552 ж. Жужан қағаны Анағұйды жеңген кім? Жужандар Түрік қағанатынан кім кезінде толық жеңілді? 563 -567 жж. Түріктер қай елді жаулап алды?
Үйге тапсырма: § 1. Түрік қағанаты (552 -603 жж. )
T_1199_rik__1179_a_1171_anaty.pptx