
10 ЖПТ.ppt
- Количество слайдов: 20
Жаңа педагогикалық технологиялар
СТО Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясы Мақсаты: барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету. Кез келген оқу материалындағы мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау арқылы ұтымды жауап іздеу, сол жауапты іздеуге жай ойлау емес шындалған ойлауға оқушылардың қолын жеткізеді.
Сын тұрғысынан ойлау әдістері - қызығушылығын ояту - ой шақыру - ой қозғау - мағынаны тану - ой толғаныс
Педагогикалық технология құрылымы: • оқушылардың оқу(білім алу) процесін ұйымдастыру; • оқушылардың оқу жұмысының әдістері мен формалары; • оқушылардың оқу материалын меңгеру процесін мұғалімінің басқаруы; • оқу процесін диагностикалау.
Инновациялық технологиялар 4 өлшем бойынша топтастырылады : • Оқушылардың іс-әрекетін белсенділендіріп, жеделдететін; • Альтернативтік технология; • Табиғатқа сәйкестілік технологиясы; • Дамыта оқыту технологиясы.
Оқушылардың іс-әрекетін белсенділендіріп, жеделдететін технологиялар 1. 2. 3. 4. 5. Ойын технологиясы; Проблемалық оқыту технологиясы; Модульдік оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов); Біліміне қарай саралау технологиясы Баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту технологиясы (Инге Унт, А. С. Границкая, В. Д. Шадриков); 6. Бағдарламалық оқыту технологиясы; 7. Ақпараттық оқыту технологиясы; 8. Интерактивтік технологиялар (пікірсайыстар, дебаттар, жарыстар.
Компьютерлік технологиялар Компьютерлік сауаттылық компьютерлік технология мазмұнының ерекше бөлігі: • информатика және есептегіш техниканың негізгі ұғымдарын білу; • компьютерлік техниканың құрылымының ұстанымдарын, қызметтік мүмкіндіктерін білу; • қазіргі заманғы операциялық жүйелерді және оның негізгі командаларын білу; • қазіргі бағдарламалық қабықтарды және жалпы қолданыстағы құралдарды(Norton, Commander, Windows) білу, олармен жұмыс жасай алу; • Ең болмағанда бір мәтіндік редакторды білу: • Бағдарламалаудың алгоритмі, тілі және пакеттері туралы алғашқы түсініктердің болуы; • Тар өрісті қолданбалы бағдарламаларды білу;
Альтернативтік технологиялар • • • Еркін еңбек технологиясы (С. Френе); Жобалау технологиясы Дальтон-технология; Кейс-технология; Интернет-технология.
Табиғатқа сәйкестілік технологиялары • Денсаулық сақтау технологиялары; • Дарынды балаларды оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиялары • Дамыта оқыту технологиясы( Л. В. Занков) : бастауыш мектептер үшін; • Жеке тұлғаға бағдарланған дамыта оқыту (И. С. Якиманская); • Баланың өзін – өзі дамытатын оқыту технологиясы (Г. К. Селевко); • Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Ақпараттық оқыту технологиясы Ақпараттық технология – бұл оқушыға ақпараттарды компьютер арқылы дайындау және беру процесі(үрдісі). АТ – ны қолдану формалары алуан түрлі: сабақтағы демонстрациядан бастап қашықтан оқытуға дейін. Ақпараттық технологияға енеді: гипермәтін, мультимедиа, бағдарламаланған тест және бақылау, имитациялық ойындар, демонстрациялар.
Интернет – технология жаһандық және жергілікті компьютерлік желілерді оқушылардың ақпараттық білімдік ресурстарға енуі үшін және оқу процесін әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық жиынтығын құру ұшін, оқу процесін субъектінің тұрған жеріне қарамастан оның оқуын(білім алуын) басқару үшін қолданылады. Интернет технологияны жүзеге асырудағы маңызды кезең автоматтандырылған электрондық сервиздердің болуы. Ол білім алушының қашықта орналасқан оқу – әдістемелік материалдарға қол жеткізіп, оқыту барысы туралы ағымдағы ақпараттарды алу(off- line) алу, оқытушылармен, ақыл кеңес берушілермен қарым –қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту мәні: оқушылар мұғаліммен бірге олар үшін жаңа мәселелерді дәлелді шешуге жүйелі түрде қатысады, . Оның нәтижесінде оқушылар өз бетімен білім алуға, бұрын меңгерілген білімді қолдануға шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгеруге үйренеді.
Біліміне қарай саралау–педагогтың оқушының оқу процесі үшін маңызды сапасын ескере отырып құрылған оқушылар тобымен жұмыс жасауы.
Бағдарламалық оқыту ерекшілігі ақпараттық технологиямен тығыз байланысында (көбіне оқушылар оқу материалын компьютер көмегімен өз бетімен меңгереді) : 1. Оқу материалы жекелеген бөлшектерге бөлінеді; 2. Оқу процесі білім бөлшегінен және оны меңгеруге керекті ойлау операцияларынан тұратын, бірімен сабақтас қадамдардан тұрады; 3. Әрбір қадам бақылаумен(сұрақтар, тапсырмалар т. б. ) аяқталады; 4. 4. Бақылау тапсырмаларын дұрыс орындаған оқушы материалдың жаңа бөлігін алып, оқытудың келесі қадамын орындайды.
Модульдік оқыту — оқу процесін оқу ақпараттарын блоктық – модуль түрінде беру негізінде ұйымдастыру тәсілі I модуль – Тақырыптың негізгі сұрақтарын мұғалімінің ауызша баяндауы, негізгі ұғымдарды ашуы II модуль – өздік және практикалық жұмыстар. Оқушылар алуан түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасап, тақырыпты өз беттерімен өңдейді. Бұл кезеңде сабақ - практикумдар, семинарлар, ойындар т. б. өткізіледі; III модуль – тақырып материалын қайталау және қорытындылау; IV модуль- барлық тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
коммуникативная релаксационная самореализация диагностическая социокультурная Эмоциональная терапевтическая ИГРА сюжет правила участники Итог игры хронотоп реквизит
Ойын технологиясы — бұл қоғамдық тәжірибені( білім, дағдылар, іскерліктер, эмоциональдық-бағалау әрекеті) шартты жағдайларда жаңғыртуға және меңгертуге бағытталады. Ойын оқытады, дамытады, көңіл көтереді, дем алдырады. Бірақ оның ең бірінші міндеті – оқыту
10 ЖПТ.ppt