Скачать презентацию Жаңа дәуір философиясы 1 Жаңа дәуір ерекшелігі 2 Скачать презентацию Жаңа дәуір философиясы 1 Жаңа дәуір ерекшелігі 2

лекция 6 философия.pptx

  • Количество слайдов: 26

Жаңа дәуір философиясы 1. Жаңа дәуір ерекшелігі 2. Таным әдісін іздеу: Френсис Бэкон және Жаңа дәуір философиясы 1. Жаңа дәуір ерекшелігі 2. Таным әдісін іздеу: Френсис Бэкон және Рене Декарт философиясы. 3. Метафизикалық онтология: Спиноза, Лейбниц, Томас Гоббс, Джон Локк философиясы.

 • Жаңа дәуір ерекшелігі: 1. Жаңа дәуір ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. 2. Экономиканың • Жаңа дәуір ерекшелігі: 1. Жаңа дәуір ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. 2. Экономиканың қарқынды дамуы, өндірістік қатынастар ғылыми зерттеулерді ынталандырды, жаңа ғылым салалары механика, геометрия, гидростатика пайда болды (жаңа машиналар мен түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi) 3. Ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себепші болады. Платонның заманынан келе жатқан “академия деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы , Англияда “Лондондағы корольдық қоғам , Парижде “Жаратылыстану академиясы құрылды.

4. Дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына дiни төзiмшiлдiк, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге 4. Дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына дiни төзiмшiлдiк, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге деген құқы iс жүзiнде сақтала басталды. Ғылым мен дiннiң ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат принципi арқылы шешiлiп, сонымен қатар деистiк (deus, латын сөзi, - құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды Дүниенi жаратқан күш ретiнде ғана түсiнедi, ал содан кейiн жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды, Құдай-тағала оның өмiрiне ендi ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңiнен жол ашты.

 • Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561 -1626 ж. ж. ) сол кездегi ақсүйектер • Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561 -1626 ж. ж. ) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан. 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. • Философияда эмпиризмнің негізін қалаушы (эмпиризм-грекше тәжірибе). • Эмпиризм – сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді, тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. • Ф. Бэкон қағидасы: «Білім-күш» (Білім-билік). • Еңбектері: “Ғылымдар табысы , “Жаңа Органон , “Жаңа Атлантида. • Ф. Бэконның түсіндіруі бойынша адамның негізгі мақсатытабиғат күштерін игеру. Табиғат сырын, заңдылықтарын білген адам оны өз қажетіне жарата алады.

 • Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi негізгі үш қабiлет бар. Олар: 1. есте сақтау; • Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi негізгі үш қабiлет бар. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Ø Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия. • Тарих ғылымын Ф. Бэкон екiге бөледi. Олар – жаратылыстану тарихы (historia naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих (historia civilis ). • Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi. • Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар-Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Құдай мәселесiн “қос ақиқат тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен таныпбiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек.

 • Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн • Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғылымдағы кедергiлердi Ф. Бэкон “идолдар , ия болмаса “елестер дейдi. Олар - төртеу. • 1. Тектiк идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келiп тiреледi. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды “өзiне ұқсатып түсiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн емес.

 • Үңгiр идолы. Әрбiр адам белгiлi бiр жанұяда, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп • Үңгiр идолы. Әрбiр адам белгiлi бiр жанұяда, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп тәрбиеленедi, ересек адамға айналады. Бiреу ауылда, екiншi-аудан орталығында, үшiншi-астанада, ия болмаса үлкен қалада туып тәрбиеленедi. Бiреу-кедей, екiншi-ауқатты жанұяда өсiп өнедi, көбiнесе, соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған “үңгiрден дүниеге қарайды, ал оның өзi “табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды , - дейдi ұлы ойшыл (яғни жекелеген факторларға- тәрбие, беделге табынушылықтан т. б. туындаған жеке адамның өзіне тән адасушылық)

 • Сауда, ия болмаса базар идолдары. Сөздерді жалған пайдаланудан, ақпараттың жалған берілуінен туған • Сауда, ия болмаса базар идолдары. Сөздерді жалған пайдаланудан, ақпараттың жалған берілуінен туған адасушылық. Сөз көбiне заттың не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi, - дейдi ұлы ойшыл. • Театрлар идолы. Олардың дүниеге келу себебi - тарихтағы өмiр сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын “соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат ретiнде түсiну. • “Ақиқат-беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы , - деп қорытады Ф. Бэкон. • Кеңес заманының негiзгi елесi- осы “театр елесi болды емес пе Олар - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин т. с. с. болды.

 • Ф. Бэкон адасушылықтың бір бөлігі барлық адам баласына тән ой қабілеттерінен, • • Ф. Бэкон адасушылықтың бір бөлігі барлық адам баласына тән ой қабілеттерінен, • екінші бөлігі-ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдарға тән қабілеттерден туады, • енді бір бөлігі - тілдің шикілігі немесе дәлсіздігіне, біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдауда жатыр. • Жалған көзқарастарды жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады.

Рене Декарт (1596 -1650 жж) • Француз ойшылы, физик, математик, философияда рационализм бағытының негізін Рене Декарт (1596 -1650 жж) • Француз ойшылы, физик, математик, философияда рационализм бағытының негізін салушы. • Рационализм- лат «ақыл, ой, зерделі» , таным теориясындағы ілім, ол бойынша жалпылық пен қажеттілікті-нағыз білімінің логикалық белгілерін-тәжірибеден және оны қорытудан шығару мүмкін емес, олар тек ақылдың өзінен, не туа бітті ақылға тән ұғымдардан, не ақылдың бейімділігі, алғырлығы түрінде болатын ұғымдардан алынуы мүмкін. • Болмыс жөнiндегi көзқарасында Р. Декарт дуалист. Оның ойынша, жалпы дүние жөнiнде екi субстанцияны мойындауға тура келедi. 1. Материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның негiзгi атрибуты (қасиетi)- созылу, кеңiстiкте белгiлi бiр орын алу. 2. Рух. Оның негiзгi атрибуты - ойлау. Жан-дуние бiр сәт те тоқтамай тұрақты ойлайды.

 • Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р. Декарт “бәрiне де күмәндану керек • Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р. Декарт “бәрiне де күмәндану керек деген шешiмге келедi. Сезiмдiк таным, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн - кiшкентай және жылы зат сияқты көрiнедi. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толығынан күмәнға толады, онда бiрде -бiр күмәнданбайтын ақиқат қалмайды. . . • Р. Декарт қағидасы “Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлаймын болсам, онда менің өмiр сүргенім. • Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида – адам - ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. Ал, сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және жағалай қоршаған заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде тек қана бұл дүниеде болуы мүмкiн сияқты берiледi.

 • Р. Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат • Р. Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, түжырымдайды, терiске шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т. с. с. • Адамның танымдық iс-әрекетi Р. Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Бiрiншiсi-сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар. • Екiншi-адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн. • Үшiншi - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi. Туа бiткен идеялардың ерекшелiктерi - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркiнен тәуелсiз.

 • Интуиция - қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, • Интуиция - қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті. • Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. • Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. • Фейербах интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. • Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен.

Т. Гоббстың философиялық көзқарастары • Томас Гоббс (1588 -1679 ж. ж. ) - ағылшын Т. Гоббстың философиялық көзқарастары • Томас Гоббс (1588 -1679 ж. ж. ) - ағылшын философы, Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi “Азамат жөнiнде , “Левиафан-материя, форма, мемлекеттік дін және азаматтық билік. • Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда Т. Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар, ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе, ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды. • Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа ешнәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ, қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн.

 • Т. Гоббс адам да дене ретiнде күрделi механизм дедi. Өмiр- бөлшектердiң әр-түрлi • Т. Гоббс адам да дене ретiнде күрделi механизм дедi. Өмiр- бөлшектердiң әр-түрлi қозғалыстары , “жүрек-пружина, жүйке-жiптер, адамның аяқ-қолдары- машинаның дөңгелектерi сияқты бүкiл денеге қозғалыс бередi т. с. с. Егер Р. Декарт адамның денелiк емес жандүниесiн мойындаса, Т. Гоббс психиканың өзiн механистiк тұрғыдан түсiндiргiсi келдi. • Адамның моральдық қасиеттерiн ойшыл оның табиғаты арқылы түсiндiредi. Адам табиғаты өзiмшiлдiкке негiзделген. “Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы, жануарлыққа толы , ал қоғамдық пенде ретiнде олар “пайда мен мансап iздейдi, тек өздерiн ғана сүйедi, - дейдi ұлы ойшыл. • Т. Гоббс адамдардың өзiмшiлдiгiнен шығатын мудделерi мен мақсаттарына көп көңiл бөледi. Жақсылық пен жамандық, игiлiк пен залымдық дегендерiмiз не , - деген сұраққа “жақсылық, игiлiк деген сөздермен бiзге ұнайтын, пайдасы бар нәрселердi айтамыз, ал залымдық деп оған қарама-қарсы жатқан нәрселердi көрсетемiз. Мұндай мораль саласындағы көзқарасты бiз утилитаризм деймiз (utilitas, -латын сөзi, -пайда).

 • Т. Гоббстың ойынша, әр халық өзiнiң тарихында екi сатыдан өтедi. Олар - • Т. Гоббстың ойынша, әр халық өзiнiң тарихында екi сатыдан өтедi. Олар - мемлекеттiкке дейiнгi табиғи және мемлекеттiк саты. • Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жеке меншiк те, мораль да әлi жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерiнiң бәрiне деген құқы. Адамдар бiр-бiрiне қасқыр сияқты болады. Мұндай жағдайда адамдардың өзiн-өздерi құртуының қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттiк деңгейге көшу қажеттiгi пайда болады. • Сондықтан, адамдар өздерiнiң кейбiр құқықтарынан ерiктi түрде бас тартып, оларды күштi орталандырылған билiкке бередi. Сонымен, қоғамдық осындай шарттың негiзiнде, - мемлекет дүниеге келедi. • Адамдардың мемлекеттiкке өтуiнде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол заң - “өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама. Оны бiз моральдың “алтын ережесi деймiз. • Екiншiден, әрбiр адам өлiмнен қорқады, сондықтан ол бейбiт өмiрдiң қажеттiгiн сезiнедi, ал мұның бәрi оны мемлекеттiлiкке қарай итермелейдi.

Бенедикт Спиноза (1632 -1677 ж. ж. ) • Негiзгi еңбектерi: “Ақыл-ойды жетiлдiру жөнiндегi трактат Бенедикт Спиноза (1632 -1677 ж. ж. ) • Негiзгi еңбектерi: “Ақыл-ойды жетiлдiру жөнiндегi трактат , Этика , “Саяси трактат т. с. с. • Егер Р. Декарт Дүниенiң негiзiнде екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiрбiрiмен үйлестiредi деген болса, Б. Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен қосып, оларды табиғатпен теңейдi. Құдай-Субстанция-Табиғат, оның бәрi - бiрегей. Табиғаттың өзi Құдаймен тең болғаннан кейiн, онда “Жаратушы және “Жаратылған деген дiннiң негiзгi ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция-Табиғат, Б. Спинозаның ойынша, -“өзiнеөзi себептi • Б. Спиноза бүкiл дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo- грек сөзi, -зат, zoo - тiрi) дейдi. Тек адам ғана емес, сонымен қатар, барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әр-түрлi деңгейдегi тiршiлiкте, - дейдi ұлы ойшыл.

 • Б. Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция • Б. Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. • Iзгiлiк пен залымдық, жақсылық пен жамандық Б. Спинозаның ойынша нақтылы қалыптасқан әлеуметтiк ақуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жоқ. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiз - ол адамға пайда әкелетiн, ләззатқа жетелейтiн нәрселер, ал залымдық, жамандық дегенiмiз -ол адамға, оның өмiрiне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтiретiн, зардаптық сезiм тудыратынның бәрi. • Моральдық саланың ең терең себептерi адамның “өзiн-өзi сақтау заңында жатыр. Әрбiр адамның өз мүдделерi бар, сол үшiн олар бiр-бiрiмен күреседi.

Г. В. Лейбниц және оның монадологиясы Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 -1716) - немiс философ, Г. В. Лейбниц және оның монадологиясы Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 -1716) - немiс философ, математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқықтанушы. Негiзгi еңбектерi : “Адам зердесi жөнiндегi жаңа тәжiрибелер , “Теодицея , “Монадология • Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. • Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.

 • Лейбниц дүниенiң негiзi өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадалар • Лейбниц дүниенiң негiзi өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадалар (monos, - грек сөзi, -бiр) дейді. • Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. • Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде. • Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде үне бойы өзгер-генмен, бiрақ сол тұлға болып қалады - монадалар да сол сияқты. • Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әр-түрлi топтарға бөлiнiп өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты.

 • Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, • Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген, үйлесiмдi түрде өмiр сүредi. өйткенi, олар алдын ала орнатылған сәйкестiктiң негiзiнде өмiр сүредi. • Дүниеде алдын-ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң Теодицея деген ұғымымен берiледi (teos, - грек сөзi, - құдай, dike, -әдiлеттiлiк, бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi).

Д. Локктың философиялық көзқарастары • Джон Локк (1632 -1704 ж. ж. ) - ХҮ Д. Локктың философиялық көзқарастары • Джон Локк (1632 -1704 ж. ж. ) - ХҮ 11 ғ философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға. • Негiзгi еңбектерi “Адамның зердесi жөнiндегi тәжiрибелер , “Мемлекеттi басқару жөнiндегi екi трактат , “Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар т. с. с. • Өзiнiң Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжiрибе арқылы зерттелетiн заттарды эмпириалық субстанция дейдi. Сонымен қатар, ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады - оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

 • Ал, Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте қиын. • Ал, Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте қиын. әсiресе, оның денесi бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкiм жауап бере алмайды. • Бiрақ, оның өмiр сүруiнде күмән жоқ. “Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдiреттi күш соншалықты көрiнiп тұр, сондықтан кiм ол жөнiнде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды , - дейдi ұлы ойшыл. • Сонымен, Құдай идеясына адам ойлау тәжiрибесi арқылы жетедi. әрi қарай ойлау арқылы бiз Құдайдың шексiздiгi мен мәңгiлiн аша аламыз, - дейдi Дж. Локк.

 • Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. • Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар жөнiндегi ағымдарды сынға алады. • Дж. Локктың ойынша, қайсыбiр бiлiм, идеяның негiзiнде тәжiрибе жатыр. Сондықтан, бiздiң жан-дүниемiздегi неше-түрлi ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бiзбен бiрге туа келмейдi, ол өмiрлiк тәжiрибе арқылы қалыптасады. • Ұғымдар сияқты, моральдық нормалар да шынай өмiрде бiрте қалыптасады. Әртүрлi халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бiр-бiрiне ұқсас емес - бұл деректердiң өзi бүкiл адамзатқа тән туа бiткен моральдық құндылықтардың жоқ екенiн көрсетедi. Адамдардың iзгiлiктi, жақсылықты жақтауы оның туа бiткенiнен емес, негiзiнен, оның пайдалығында жатыр, - дейдi Дж. Локк.

 • Егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта • Егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта (tabula rasa) ретiнде қарауға болады. Адам өмiрге келiп тәжiрибе жыйнап сол “таза тақтаға жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжiрибенi Дж. Локк сезiмдiк тәжiрибе (sensation) дейдi. • Ал адамның iшкi рухани өмiрiндегi тебiренiстердi, неше-түрлi қиял, идеяларды қайда жiберемiз - Дж. Локк оларды терiске шығармайды. Ол оның бәрiн терең iшкi тәжiрибе, сезiм, ой-өрiсi ретiнде қарайды да, оған рефлексия (reflection- бейнелеу) деген ат бередi. • Егер сыртқы тәжiрибеден алған идеяларға бiз көзбен көру, құлақпен есту, иiстi сезiну арқылы келсек , iшкi тәжiрибе - адамның өзiнiң iшкi ой-өрiсiн талдау арқылы келедi.

Қайталау сұрақтары 1. “Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлаймын Қайталау сұрақтары 1. “Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлаймын болсам, онда менің өмiр сүргенім қағидасының авторы кім? 2. Дүниені дұрыс тануға кедергі жасайтын кедергілерді Ф. Бэкон қалай атады? 3. «Білім –күш» сөзінің авторы кім? 4. «Адам жаны туған кезде таза тақтаға ұқсайды. . . » денен кім? 5. Сенсуализм, эмпиризм, рационализм айырмашылығы неде? 6. Монадалар туралы ілімді жасаған кім? 7. “Адаммен туа бiткен идеялар бағытына қарсы шыққан кім? 8. Гилозоизм термині қандай мағына білдіреді? 9. Левиафан еңбегінің авторы кім?