студент зерт айгерим.pptx
- Количество слайдов: 11
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университеті « Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы Орындаған: Тоқтарова А. Т По-21 топ студенті Тексерген: аға оқытушы Кабулова Г. К.
Темперамент және мінез ерекшеліктері Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың Мұз. Арт т. б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің? . А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу шығарамын. (ХОЛЕРИК) Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т. с. с (САНГВИНИК) В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай-ай» т. с. с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын. (МЕЛАНХОЛИК) Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын. (ФЛЕГМАТИК)
Тест: "Суреттен не байқадыңыз? " Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз: Ай Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мәнжайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз. Ақ түсті келбет Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз. Қара түсті келбет Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақтүйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.
Сіз өміріңізге кез келген адамды еркін кіргізетін жансыз. Өмірдің ащысын да, тәттісін де көргіңіз келеді. Қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді ешкімге көрсетпейсіз. Мәселенің барлығын өзіңізге ғана жүктейсіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз де, айналаңыздағы адамдарға көмектескіңіз келіп тұрады. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз. Сіз әрдайым дұрыс шешім қабылдап, өзгелердің көзіне жақсы адам болып көрінуге ұмтыласыз. Іштей қобалжып тұрсаңыз да, жақындарыңызға көрсетпейсіз. Жер шарындағы ең мықты адам болғыңыз келеді. Өзіңіздің әлеміңізді кез келген жерден табуға тырысасыз. Өмірде өз орныңызды іздеп жүрсіз. Қараңғы ойларыңызды адамдарға көрсетпейсіз. Сізді "сүрінген сәтте өзін жинақтап алудың шебері" деп айтуға болады. Сіз барлық әрекетін ойланып барып жасайтын адамдардың қатарынансыз. Заттардың құрылымын зерттеуді жақсы көресіз. Кейде терең ойларға батып, мына дүниедегі тіршіліктің бар екенін ұмытып кетесіз. Өзіңізге деген 100% сенімділігіңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Барлығына күдікпен қарайсыз. Өмірді ойын көресіз және сол ойында жеңіске жету үшін барлығын жасайсыз. Сіз өзіңіз үшін де жұмбақ жансыз. Сізді түсінгісі келетін жандарға сәттілік тілейміз. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз әрі жылдам өзгеріп отырады. Өзіңізге лайық өмір жолын таптым деген сәтте, қайтадан өзгеріп шыға келесіз. Сөйлеспес бұрын адамдарды бақылап алғанды ұнатасыз. Өзіңіз нақты білетін дүниелерді ғана айтасыз.
Сіз барлығын байқап, есіңізде сақтайтын жандардың қатарына жатасыз. Сезімталдығыңыз соншалық, болмашы оқиғалардың өзі әсер етеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Бірақ, сезімтал екеніңізді жасыруға ұмтыласыз. Болашағыңызды болжай алатын қасиетіңіздің болуы да ғажап емес. Сіз үнемі ғашық болып жүретін немесе күшқуатқа толы жандардың бірісіз. Көрегендігіңіз мол. Әрдайым сүйіспеншілік пен кектің ортасында таңдау жасап жүресіз. Өзгелерге айтар сыни пікіріңізкөп. Шешімді жылдам қабылдайсыз. Шамадан тыс ашуланшақсыз. Өмірге деген көзқарасыңыз мүлдем өзгеше. Кейбір ақылға қонбайтын қылықтарыңыз бар. Ережелерді онша ұната бермейсіз. «Не болса, ол болсын. Не істегім келсе, соны жасаймын» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Өзге адамдар үшін ашықсыз. Сізді өзгертуге тырысатын адамдарға күле қарайсыз. Қарапайым адамдардың қатарында болуды ұнатпайсыз. Сіз өзіңізді де, өзгелерді де өте жақсы түсінесіз. Адамның бет-әлпетіне, сөйлеген сөзіне қарап көп мәлімет айта аласыз. Сізге өтірік айтып тұрған адамдарды бірден анықтайсыз. Өзіңізден сөз асырмауға тырысқанмен, үндемей қалатын сәттеріңіз жиі болып тұрады.
Темперамент және мінез ерекшеліктерін анықтау барысында жүргізілген Темпераментін анықтау тесті; «Суреттен ненi байкадыныз? » тренингі; Тест: "Суреттен не байқадыңыз? " қорытындысы барысында Эльенораның жауабы: Тренинг бойынша № 1 көзді таңдады 1. Өзгелерге көп сенетін тұлға. Сіз өміріңізге кез келген адамды еркін кіргізетін жансыз. Өмірдің ащысын да, тәттісін де көргіңіз келеді. Қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді ешкімге көрсетпейсіз. Мәселенің барлығын өзіңізге ғана жүктейсіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз де, айналаңыздағы адамдарға көмектескіңіз келіп тұрады. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз. Темпераментін анықтау тесті бойынша б жауабын таңдады: Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т. с. с (САНГВИНИК) "Суреттен не байқадыңыз? " тесті бойынша берген жауабы: Ай Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Жалпы психологиялық – педагогикалық қорытынды Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорыта келе Атшыбай Эльенора Атшыбайқызы адамгершілігі мол, қарапайым, қоршаған ортамен байланысы жақсы, достары көп, білімге құштар, тәрбиелі, жан-жақты дамыған, белсенді, оқытушылармен қарым қатынасы жақсы студент. Темпераментін анықтау барысында сангвиник екенің аңғардым, яғни ақкөңіл және сезімге тез беріледі, тез ашуланады, бірақ ашуы тез қайтады. Кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылыпқымтырылмайды, кісіге қайырымды. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Ренжуі де жылауы да тез. Бүгінгі таңның өзінде болашағынан зор үміт күттіреді. Болашақта дұрыс бағыт таңдап, елімізге елеулі үлес қосар білімді маман боларына сенім білдіремін.
студент зерт айгерим.pptx