
Есенжолова А.Е.pptx
- Количество слайдов: 19
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДА СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП-ТІРКЕУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ РОЛІ. Дайындаған: Есенжолова А. Е. Факультет: МПД Курс: 5 Топ. 501/2 к Тексерген : Алматы 2015
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы. Қ. Қ. Тоғызбаева 2. http: //tezister. net 3. http: //blogtime. kz
Жоспар: 1. Жумысшылардың денсаулық жағдайын бақылау және баға беру 2. Аурушаңдықты есепке алу және талдау 3. Кәсіптік аурушаңдыққа талдау жасау 4. Алдын-ала кезеңдік медициналық тексерулер 5. Жұмысқа қабылданудағы алдын ала медициналық тексерулер 6. Кезеңдік медициналық тексерулер 7. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру 8. Кәсіптік ауру жағдайларын есепке алу, тіркеу және тексеру.
Жумысшылардың денсаулық жағдайын бақылау және баға беру Жұмысшылардың аурушаңдығы көптеген факторларға байланысты болады. Оның ерекшеліктеріне әсер ететін факторлардың келесі төрт тобын бөліп көрсетеді. 1 -ші топ- биологиялық факторлар(жыныс, жас және т. б) 2 -ші топ – медициналық-әлеуметтік (еңбек-іс әрекетіне дейінгі денсаулық жағдайы, балалардың болуы, өмір сүру жағдайы т. б) 3 -ші топ – халықтың медициналық мекемелерге қаралуына әсер ететін факторлар (медициналық жәрдемнің мүмкіншілігі, өзінің денсаулығына көңіл бөлуі және т. б) 4 -ші топ- өндірістік факторлар (еңбек іс әрекетінің сипаты мен жағдайлары)
Аурушаңдықты есепке алу және талдау Жұмысшылардың аурушаңдығын зерттеудің негізгі үш әдісі бар: 1. емдік-профилактикалық мекемелерге дәрігерлік көмекке қаралу мәліметтері бойынша. Бұл кезде амбулаториялық-емханалық мекемелерге бірінші рет қаралғандарды тіркеу материалдары немесе уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтуга алып келген жағдайларды тіркеу мәліметтері(жұмыстан босату)қолданылады; 2. профилактикалық медициналық тексерулер нәтижелері бойынша; 3. өлім себептері бойынша;
Ең жиі қолданылатын және ең ақпаратты болып бірінші, екінші әдіс болып табылады. Екі әдістің де бақылау бірлігіне жұмысшының ауруымен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздықтың әрбір жағдайы, ал есепке алу құжатына- еңбекке жарамсыздық қағазы жатады. Еңбекке жарамсыздық қағазынан ауру туралы және оның ұзақтығы туралы мәліметтерді көшіріп алып, кәсіподақ ұйымы және медициналықсанитарлық бөлімнің дәрігері тоқсандық есеп беру құжаттарын жасайды.
Кәсіптік аурушаңдыққа талдау жасау Кәсіптік аурушаңдық еңбек іс-әрекетінің жағдайы мен сипатының еңбек ұжымының денсаулық жағдайына әсерін өте дәл анықтайды. Олардың құрылымдық ерекшеліктерін, таралуын, жұмысшылардың белгілі бір еңбек өтілдік, жастық, кәсіптік топтарын қамтуын анықтау, кәсіптік аурулардың даму себептері мен жағдайларын зерттеу мақсатты түрде алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді. Кәсіптік аурушаңдықты зерттеу кезіндегі ақпараттар көзіне «Кәсіптік уланулар мен кәсіптік аурулар туралы есеп беру» мәліметтері жатады. Сонымен қатар сатистикалық есеп беру құжатына «Кәсіптік улану мен кәсіптік ауру жағдайларын тексеру актісі» жатады, ол жәбір көрген адам, кәсіптік ауру орын алған кәсіпорын, осы жағдайдың даму себебі және жағдайы туралы ақпараттардан тұрады. Бұдан басқа, ҚР мемлекеттік сан-эпидқадағалау комитетімен арнайы карталарды толтыра отырып кәсіптік ауруларды және есептеу жүйесі өңделінген.
Карта жәбір көруші адамның паспорттық мәліметтері, оның мамандығы, мөлшерлік көрсеткіштері ескерілген еңбек ісәрекетініңсипаты мен жағдайытуралы, кәсіптік ауру даму себептері мен жағдайлары туралы мәліметтерден тұрады. Жалпы түрде кәсіптік ауруларға талдау жасау кезіндегі ақпараттарды жинау және өңдеу тәртібі уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдыққа талдау жасаудан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.
Алдын-ала кезеңдік медициналық тексерулер МСЭҚБ мен емдік мекемелер дәрігерлерінің бірлесіп жүргізілетін кәсіптік аурулардың алдын алу шараларының ішінде алдын алу медициналық тексерулері ерекше орын алады. Жұмысқа қабылдану кезінде алдын ала және зиянды және қауіпті еңбек жағдайының әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды алдын-ала кезеңдік медициналық тексерулерден өткізу міндеттілігі ҚР-ның «Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңымен және «Еңбек туралы» заңымен анықталған. Медициналық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі № 243 12. 03. 2004. ҚР кәсіпорындық медициналық денсаулық министрлігінің «Жұмысшыларды алдын –ала және кезеңдік медициналық тексерулерін өткізу міндетті болып зиянды өндірістік факторлардың, мамандықтардың тізімін бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі, оларда келесі нұсқаулық материалдар келтірілген:
q. Жұмыс істеу кезінде кәсіптік аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жұмысқа қабылдануда алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу міндетті болатын зиянды, қауіпті өндірістік орта факторларының(химиялық, физикалық, биологиялық)жән е еңбек үрдісінің тізімі; q. Осы медициналық тексерулерді жүргізуге қатысатын дәрігер-мамандар және еңбек үрдісіндегі белгілі бір этиологиялық факторлар бойынша қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулер, сонымен қатар емдікпрофилактикалық мекемелердегі және кәсіптік патология орталықтарындағы тексерулердің кезеңділігі; зиянды, қауіпті заттармен және қолайсыз өндірістік факторларымен байланысты жұмыстарға жіберудің медициналық қарсы көрсеткіштерінің тізімі;
q. Ауралардың, бақытсыздық жағдайлардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразитарлы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жұмысқа қабылдануда алдын ала және кезеңдікмедициналық тексерулерді өткізу міндетті болатын жұмыстардың тізімі; тексерулерді жүргізуге қатысатын дәрігер-мамандардың және қажетті зертханалық және функционалдық зертеулердің тізімі, сонымен қатар тексерулердің кезеңділігі. q. Аурулардың, бақытсыздық жағдайларының алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еңбекшілерді жұмысқа жіберідің медициналық қарсы көрсеткіштерінің тізімі. q. Жұмысқа қабылдануда алдын ала және жұмысшылардың кезеңдік медициналық тексерулерін жүргізу туралы нұсқау және басқа да құжаттар.
Жұмысқа қабылданудағы алдын ала медициналық тексерулер Ортамен еңбек үрдісінің қауіпті және зиянды факторлары бар өндірістерде жаңадан жұмысқа қабылданғандар үшін келесі мақсаттарда жүргізіледі: 1)жұмысшылар мен қоршаған адамдар үшін жауапкершілік және қауіптілік дәрежесі бойынша ерекшеленетін жұмысқа тек, денсаулық жағдайы бойынша берілген кәсіпке қойылатын талаптарға жауап беретін адамдарды ғана жіберу керек.
2)денсаулық жағдайында өндірістік зияндылықтардың әсерінен күшеюі мүмкін және кәсіпті аурулардың дамуына алып келуге қабілетті ауытқулары жоқ адамдарды жіберу керек. Мысалы, созылмалы бронхитпен немесе созылмалы өкпе қабынуымен ауыратын адамдар асбест шаңы әсер ететін өндірісті жағдайларда жұмыс істей алмайды. 3)денсаулық жағдайында жұқпалы аурулардың немесе паразитарлы аурулардың таралуына алып келуге қабілетті ауытқулары жоқ адамдарды жібері керек. Мысалы, жұқпа қоздырғыштарын тасымалдаушылар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсібіне т. б жіберілмейді
Медициналық тексеруге жолдама, берілген мамандықта әсер етуі мүмкін зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың тізімі емдік профилактикалық мекеменің емдеуші дәрігеріне ұсыну үшін жұмысшыға жұмыс беруші арқылы беріледі. Медициналық тексеру мәліметтері амбулаторлық медициналық картаға түсіріледі, бұл кезде дәрігер-маман жұмысшының кәсіптік жарамдылығы туралы қорытынды береді.
Кезеңдік медициналық тексерулер Зиянды факторлар әсер етуі жағдайындағы жұмысшылардың денсаулық жағдайына ретті түрде мұқият бақылау жасау, келесі мақсаттарда жүргізіледі: 1)кәсіптік ауруларды дер кезінде анықтау және соның негізінде патологиялық үрдістің одан әрі дамуын тоқтататын шараларды қабылдау; 2)зиянды еңбек ету жағдайларында жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, шалдыққан жалпы ауруларын анықтау 3)зерттеу мәліметтеріне қарай және емдікпрофилактикалық шараларды қамтамасыз ету. Тексерулер мәліметтері сондай-ақ өндірістік ортаның зиянды факторларын жоюға және еңбек жағдайын сауықтыруға бағытталған шараларды өңдеу үшін қолданылады.
Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру ü ü Кәсіптік ауру-зиянды еңбек жағдайларының әсерінен болатын ауру. Кәсіптік ауруларға келесі аурулар жатады: Этиологиясында негізгі орынды белгілі бір кәсіптік ауру алатын аурулар; Дамуында өндірістік орта факторларымен себепсалдарлық байланыс анықталған бірқатар жалпы аурулар(туберкулезді науқастармен қатынасатын медициналық қызметкерлердің туберкулез ауруымен ауруы)
v. Жедел кәсіптік ауру- зиянды өндірістік фактордың бір рет (бір жұмыс ауысымынан көп емес уақытта)әсер етуінен кейін дамыған ауру. v. Созылмалы кәсіптік ауру- зиянды өндірістік фактордың қайта-қайта және ұзақ әсер етуінен кейін дамыған ауру.
Кәсіптік ауру жағдайларын есепке алу, тіркеу және тексеру. Кәсіптік ауруларды тіркеудің мемлекеттік жүйесі біздің елімізде 1924 ж енгізілген. Қазіргі кезде № 294 23. 06. 2005 ж. ҚР ДМ-мен бекітілген «Кәсіптік аурулардың тізімі» қолданылуда. Кәсіптік ауруларды тексеру және есепке алу нұсқасына сәйкес кәсіптік аурудың әрбір жағдайына шұғыл хабарлама толтырылады. Созылмалы кәсіптік ауру анықталынған кезде хабарлама толтырылады. Хабарлама ақырғы диагнозды қойған емдеу мекемесімен толтырылады. Мұндай мекемелерге еңбек медицинасы мен кәсіптік аурулар емханасының ҒЗИ-ы, медициналық институттар мен дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының кәсіптік аурулар емханасы, республикалық аймақтық және аудандық ауруханалардың кәсіптік патологиялық арнайыландырылған бөлімшелері жатады.
Созылмалы кәсіптік ауру анықталынған кезде хабарлама толтырылады. Хабарлама ақырғы диагнозды қойған емдеу мекемесімен толтырылады. Мұндай мекемелерге еңбек медицинасы мен кәсіптік аурулар емханасының ҒЗИы, медициналық институттар мен дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының кәсіптік аурулар емханасы, республикалық аймақтық және аудандық ауруханалардың кәсіптік патологиялық арнайыландырылған бөлімшелері жатады.
Есенжолова А.Е.pptx