1179__1201_tty_bilik.pptx
- Количество слайдов: 14
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн–ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген рпақтарға орта ғасырдың ғылымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкиәт (астрономия), тарих, араб-парсы тілдер білімі т. б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ғалым ретінде жақсы мәлім болған.
«Құтты білік» дастанының тілін казіргі түркі тілдерінің қай тобына жатқызуға болады деген сауалға байланысты ғалымдар пікірі С. Е. Малов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған дейді, өйткені, шығарманы аударғанда ұйғыр сөздері көп кездескен (және нұсқаның біреуі ұйғыр тілімен көшірілген; Вена нұсқасы). А. И. Щербак қарлұқ тілінде, Г. Ф. Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұққыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған нұсқалары: Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 ж. Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі–Хасан Қара Сейіл. Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. В. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан. «Құтты білік» дастанының араб әрпімен көшірілген ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану институтында сақтаулы.
«ҚҰТТЫ БІЛІК» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТҮБІРЛЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТОН түбірі иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім мағынасында қолданылады. Сонымен қатар ерлердің сырт киіміне байланысты жалпы атау ретінде де жұмсалады. Ескерткіш тілінде тон «киімкешек» мағынасында жұмсалған: йәма айту турса ерат халыдин Ачы һам тоқы йа тонын опрақын (Және жауынгерлердің хал-жағдайын сұрап тұру қажет аш па, әлде тоқ па, киімі жаңа ма, әлде тозған ба? ). Ағычы битигчи йа иш тутғучи йа тончы етүкчи (Қазынашы, көшіруші, немесе іс жүргізуші, немесе киім тігуші, етікші).
ҚАДАШ: Адаш едгү болса бу болды қадаш (Туысың жоқ болса, дос іздеп тап Досың ізгі болса, туыс бола алады). ҚАНДАС. Шығу тегі бір, бауырлас. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде кездесетін өнімсіз –даш жұрнағы түбірлерге қосылып, сол жалғанған түбірлердің нақты мағыналарына сәйкес туысқандықты, әлеуметтік тұрмыс жағдайларының ортақтығын білдіретін түбірлер жасайды.
УҚУҒ ақыл, пайым, ұғым, түсінік мағынасында жұмсалған туынды түбір. Төрүтти өзүрди сечү йаңлуқуғ Аңар берди ердам билиг өг уқуғ (Әлсіз адамды жаратты, айрықша тәрбиеледі. Оған өнер, білім, ой, ұғым берді). Ескерткіш тілінде ұқ етістігіне көне –уғ жұрнағы жалғанып, (ақыл, пайым, ұғым, түсінік» деген мағына берген.
ТУТУҒ. Кепіл, кепілдік, тұтқын. Өлүгли киши барча өдкә тутуғ (Өлім үшін жаратылған адамдардың барлығы – тағдыр тұтқыны). Қылычлығ күр ер көр күмүшка тутуғ (Байқайсың ба, қылышпен қаруланған жаужүрек ер, күміске тұтқын). Тұт. Бір нәрсені қолмен ұстау; бір нәрсені ұстап алу, қолға түсіру. Көне – уғ жұрнағы етістіктен етістік жасайды. Тутуғ лексикаланып, түбірге айналған.
ТҰТҚЫН. Бас еркінен айрылып, қолға түскен адам, бір нәрсенің шырмауында қалған пенде. Көне түркілік тутуғ пен осы заманғы тұтқын семантикасы жағынан жуық. Өлі жұрнаққа тірі жұрнақ қосылып күрделенгенде ғана –(у) қ + ын – бұрынғы мағына жаңғырған. Бұл етістік те лексикаланып, түбірге айналған.
УЧУЗЛУҚ. 1. Жек көрінушілік, кемсітушілік. Ағырлық учузлуқ байаттын турур (Құрметтеу де, жек көрушілік те құдайдан). 2. Арзандық Учуз 1. Титтей, түкке де тұрмайтын. Тақы ағырлығ болғай мен тақы учуз болғай мен (Бір жағынан құрметтімін, бір жағынан түкке де тұрмаймын). 2. Арзан учуз нәң (Арзан зат). Бірінен нақты мағыналы түбір жасалса, бірінен дерексіз (абстракті) мағыналы түбір жасалған.
ЕВЧИ. Әйел, жұбай, зайып, үй иесі. Болма евчи құлы (Әйелдің құлы болма). Ев. Үй, киіз үй, тұрғын үй. Евиңка йавутма ушақшы кишиг (Үйіңе өсекші кісіні жуытпа). Ев тұлғасы қазақ тілінде жоқ, бірақ оғыз тобындағы тілдерде сақталып қалған.
Ескерткі ш қолданы тілінде тура ма л ғ келе, бір ған бір буынды ынасында түбір дам неше ауы болып, ж и с ан-жақты палы мағынаға түбірлер и дің ішінд дамыған. Бұл т е арихи болғаны е қолдан м ы қабілетін ен, бұрынғы тір ста к дыбысты жойып алғандар есімділік ы қ мағынас өзгеріске ұшыр немесе ы а фонетик өзгермегенімен ғандықтан, а , кездесед лық тұрпаты кө сыртқы нергенде і. рі
Орындаған: Жұмабекова Назира Kz-3 тобы
1179__1201_tty_bilik.pptx