ЭКГ.pptx
- Количество слайдов: 12
Жүректегі электрлік құбылыстар
Жүрек (лат. cor, грекше cardia) – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай. Салмағы – 250 -300 г. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын – перикард (жүрек қабы) қаптап тұрады. Жүрек қайда орналасқан? - Көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан. - Ірі қан тамырларға ілініп тұрады. - Оның ұзындығы 12 -15, ені 8 -11 см - Ұзын білігі оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған.
Жүрек
Сіз білесіз бе? • Жылы қанды жануарлар жүрегінде автоматиялық қасиет болатынын 1895 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алған жүректің өз(коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды. • 1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданады, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастайды. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді. • Жылы қанды ағзада жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелденеді. Ол теория бойынша қозу жүректің ауытқыған(атипті) ет ұлпаларында пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет ұлпасының қозуына байланысты.
Жүректің өткізгіш жүйесі Миокардта ет талшықтарының 2 түрі бар: 1. Жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер – жүректің өзіне ғана тән арнайы ұлпа. Миоциттер жиырылуға бейімделген. 2. Жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын –арнайы емес белсенді ұлпа. Миоциттер ешқандай әсер болмаса да өздігінен қозады және қозу процесін өздері арқылы өткізеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады: - Синоартриялдық Кис-Флек түйіні – СА(SA) Оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында.
Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады: - Атриовентрикулярлық Ашофф-Тавар түйіні – АВ (AV) Оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан.
Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады: - Гис шоғыры (His fibers). Қарыншааралық перденің жоғарғы жағында орналасқан. Одан оң және сол аяқшалар шығады.
Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады: - Пуркинье талшықтары (Purkine fibers)
Жүрек өмір бойы жұмыс істесе де, неге шаршамайды?
Жүрек циклі Жүрек циклы кезеңдерінің үлгісі: Жүрек циклі -0, 8 с болғанда Систола (жиырылу) Жүрекше систоласы 0, 1 с Қарынша систоласы 0, 33 с Диастола (босаңсу) Жүрекше диастоласы 0, 7 с Қарынша диастоласы 0, 47 с • Жүрек циклі 0, 1 с созылатын жүрекше систоласынан басталады. • Оң жүрекше жиырылуы 0, 01 с ертерек басталады, себебі онда жүректі қоздыратын синоартриалдық Кис – Флек түйіні – СА(SA) орналасқан.
Вольфф-Паркинсон-Уайт синдромы
ЭКГ.pptx