
851_-________.ppt
- Количество слайдов: 21
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ.
Жүректің құрылысы.
ҚАН, ОНЫҢ ТАМЫРЛАРМЕН АЙНАЛУЫ.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК. Артерия - сала тамыр. Вена - көктамыр Капиллярлар - ұсақ тамырлар. Ритм - ырғақ.
Венн диаграммасы. Жүректің қабаттары. Тамырдың түрлері.
Жауаптар: 1. Эпикард. 2. Миокард. 3. Эндокард. 1. Артерия. 2. Вена. 3. Капиллиярлар.
ЗАҚЫМДАНУЫ. Қан кету түрлері. Қан кету ерекшеліктері. Алғашқы жәрдем көрсету. 1. Қылтамырдан Өте ұсақ тамырлар зақымданады, тез тоқтайды. Жараны йод тұнбасымен тазалап, дәке таңады. 2. Көктамырдан Қанның түсі қоңырқай. Көп қан жоғалтуы мүмкін. Жараға қатты таңғыш немесе жгут таңу керек. 3. Салатамырдан Жоғарғы Зақымданған жерден жылдамдықпен жоғары қатты, жгут шапшып, алқызыл қан таңу керек. ағады. 4. Ішкі қан кету Ағзаның ішкі қуысы Басын көтерінкі етіп зақымданады. суық жартылай отырғызып тер шығып мұз басу керек. бозару, әлсіздік пайда болады.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларына тамақтанудың әсері. 1. 2. 3. 4. Майлы тағамдар. Тұзды тағамдар. Қуырылған тағамдар. Тәтті тағамдар.
Жүрек аурулары- әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т. б.
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар
Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді. Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды. Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды. Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады. [2]
ИШЕМИЯ (ISCHAEMIA, ҚАНСЫЗДАНУ, ҚАН АЗДЫҚ, ИШЕМИЯ) — ОРГАНҒА ҚАННЫҢ ЖЕТКІЛІКСІЗ КЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ ҚАННЫҢ КЕЛУІНІҢ ТОЛЫҚ ТОҚТАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ. Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. Бұл сырқаттың әлеуметтік мәнін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1965 жылы оны "дербес" ауру деп таныды. Бүгінгі таңда ишемиялық ауру әсіресе экономикасы өркендеген елдерде кең таралған, тіпті оны эпидемиялы аурулар тобына жатқызбақ ой бар. Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр сырқаттарынан болатын өлім-жітімнің 2/3 -ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40— 65 -тер шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады. .
Жүректің ишемиялық ауруларына : 1) Жүрек стенокардиясы және оның түрлері. 2)Жүрек қан тамырларының жедел жетімсіздігі. 3)Қан тамырлары қызметінің созылмалы жетімсіздігі. 4)Миокард инфарктісі. 5)Рефлекторлы стенокардия аурулары жатады
◦ Бұл ауруға шалдыққанда негізінен жүрек тұсы қатты шаншып ауыратындықтан сырқат адам дәрігерге келуге мәжбүр болады. Кейбір адамдар жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі алғашқы ұстамадан –ақ , тіпті дәрігердің жәрдеміне үлгерместен , кенеттен өліп кетеді
• Гемофилия. Ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге тән тұқым қуалайтын ауру. Аурудың негізгі себебі қан ұюына қатысты фактордың жетіспеушілігі. Гемофилия белгілері балалық шақта анықталғанмен есейе келе бәсеңсиді. Дегенмен, гемофилияның кейбір түрлері еркектер арасында кездеседі. Соғылған кезде тері асты, ет арасы т. б. жерлерден қан кетеді. Тісті жұлғанда адам өміріне қауіп туарлықтай қан тоқтамай ағуы мүмкін.
НИКОТИН ӘСЕРІНЕН ТАМЫРЛАР ТАРЫЛҒАНДА ҚОЛ ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ.
Жүрек ишемиясы ауруын тудыратын факторларды біліп , одан сақ болған жөн. Шылым шегу -өте зиянды әдет. Шылым шегуді тоқтату миокард инфарктісіне ұшырау қаупін 20 -50%-ға кемітеді. Шылым шегу , денедегі май алмасу процесінің бұзылуы , артериялық қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті және т. б. жайттар жүректің ишемиялық ауруының дамуына әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Адамның шектен тыс семіруі , аз қозғалуы , эмоциялық стрестер де қосымша үлес қосады. Кейде бір мезгілде қауіпті факторлардың бірнешеуі қосылса жүректің ишемиялық ауруының туындау қаупі жоғарылай түседі. Салмақтың - артуы ағзада ең алдымен май алмасу процесінің бұзылуы , денеде майдың жиналып қалуы деген сөз. Семіздік ауруы кезінде жүрек біріншіден, ағзадағы барлық клеткаларға қанды толық жеткізу үшін нормадан тыс жұмыс істейді. Соның салдарынан бұлшық еттеріне артық күш түседі де ол ісінеді , сөйтіп жүрек гипертрофиясы пайда болады.
Дене салмағын азайту және гиперлипидемияны болдырмау үшін қажетті ем-дом шараларын ұстану науқастар арасыдағы өлім-жітімді азайтуға (25%) , ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. Ем-домдық шаралары ойдағыдай болу үшін мыналарды жүзеге асыру керек : а)қаныққан майларды қолдануды азайту Ә)өсімдік майын көбірек қолдану қажет. Б)өсімдік клеткаларын қабылдауды жас көкөністер мен жемісжидектер есебінен күніне 50 гр-ға дейін арттырған жөн. Жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторлары бар адамдар аурудың алдын-алу жөніндегі дәрігерлік кеңестерді орындап , жыл сайын денсаулығын түзету үшін емханаға барып , тексеріліп отырғаны абзал. Қорыта айтқанда , денсаулыққа зияны көп аталған факторлардан сақтану әрбір адамның өз қолында. « Жаны саудың -тәні сау » ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ.
“АДАМДА БАРЛЫҒЫ ТАМАША БОЛУЫ КЕРЕК: ЖАНЫ ДА, ТӘНІ ДЕ, ЖҰМЫСЫ ДА, ОЙЫ ДА” А. ЧЕХОВ. “АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕЙІК”
851_-________.ppt