Tema_10.ppt
- Количество слайдов: 16
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің физиологиясы
Жоспары: Қанайналым жүйесі Жүректің қан айдау қызметі Жүректің жиырылу оралымы Жүрек етінің қозғыштық кезеңдері Қантамырлар
Қанайналым жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қантамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капиллярларға жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмірқышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капеллиярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қанайналымның үлкен шеңбері бітеді.
Қанайналымның кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллиярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қанайналымның кіші шеңбері төрт өкпе венасымен аяқталады.
Жүректің қан айдау қызметі Жүрек – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай жұмыр ағза. Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 1 -15 см, ені 8 -11 см, ұзын бірлігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды.
Жүректің әрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан тамыры арқылы резеңке түтіктің бір ұшын жүрек қуысына енгізеді де, екінші ұшын қысым өлшейтінге жалғастырады. Осы әдіспен тұнғыш рет жылқының жүрек қуыстарындағы қан қысымын Шаво мен Марей тәжірибе түрінде өлшеді. 1950 жылы хирургтар адам жүрегі қуысындағы қысымды артерия арқылы жүрекке катетер енгізу әдісімен өлшеуге болатынын көрсетті.
Жүректің жиырылу оралымы Жүрек минутына 70 -72 рет соқса, жүрек циклы 0, 8 -0, 9 секундына тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның демалысы қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді. Жүрек оралымы 0, 1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Жүрек оралымы кезеңдерінің үлгісі: Жүрек оралымы - 0, 8 с болғанда систола (жиырылуы) - жүрекше систоласы 0, 1 с - қарынша систоласы 0, 33 с Диастола (босаңсу) - жүрекше диостоласы 0, 7 с - қарынша диастоласы 0, 47 с
Қарынша кезеңдері: Систола: 1. Ширығу кезеңі 0, 08 с а) асинхрондық жиырылу - 0, 05 с б) изометриялық жиырылу - 0, 03 с 2. Қан айдау кезеңі 0, 25 с а)тез айдау - 0, 12 с б)баяу айдау - 0, 13 с Диастола: 1. Протодиастола - 0, 04 с 2. Изометриялық босаңсу - 0, 008 с 3. Қанға толу - 0, 25 с а)тез толу - 0, 08 с б)баяу толу - 0, 17 с 4. Пресистола - 0, 1 с
Систолалық және минуттық қан көлемі Жүректің негізгі қызметі қантамырлар жүйесіне қан айдау. Систола кезінде әр қарыншадан шыққан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі не екпінді мөлшері деп аталады. Ол ересек адамда 70 -80 мл. СҚК-ін жүрек соғуының минуттық санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін есептеп шығарады. Сонымен бір минут арасында әр жүректен шыққан көлемі жүректің минуттық қан көлемі (МҚК) деп аталады.
Жүрек етінің қозғыштық кезеңдері Жүрек етінің қозғыштығы қаңқа етінен едәуір төмен әрі бірыңғай салалы етке қарағанда біраз жоғары. Осыған байланысты жүрек етінің қозу табалдырығы қаңқа етінен жоғары, ал бірыңғай салалы етінен төмен болады. Жүрек еті қозғанда оның қозғыштық қасиеті өзгеріп отырады. Жүрек еті қозғыштығының бастапқы деңгейінен төмен мезгілі салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады. Бұл кезеңде жүрек еті оған әсер ететін күш қозу табалдырығынан әлдеқайда жоғары болады.
Жүрек етінің жиырылу қасиетінің ерекшеліктері: Жиырылу дегеніміз еттің белгілі бір тітіркендіргіш әсерінен ширығуы және қысқаруы. Бұл - жауап реакциясы. Қаңқа еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Тітіркендіргіш күшін біртіндеп өсірсе, еттің жиырылуы да оған сәйкес күшейеді. Жүрек еті тітіркендіргіштің қозу табалдырығына бар күшімен жауап береді. Бұл заңдылықты Боудич ашқан. Оны “түгел не түк жоқ” заңы дейді. Жүрек етінің түгел не түк жоқ заңына бағынбайтын жері де бар. Бұл көбінесе миоциттер ішінде өтетін үрдістерге байланысты болады. Тітіркендіргіш күшін бірқалыпты ұстап, оның жиілігін біртіндеп көбейтсе, алғашқы кезде еттің жиырылу күші тітіркендіру санына қарай арта түседі. Мұны Боудич сатысы деп атайды. Тітіркендіргіш белгілі бір жиілікте әсер еткенде, оның әрбір келесі әсері жүрек етінің қозғыштық дәрежесінң күшейген кезеңіне тап болғандықтан онымен тығыз байланысты қасиеті - жиырылу қабілеті де жоғарылайды. Жүрек етінің жиырылу немесе босаңсу механизмін түсіндіру үшін А. Хаксли және Х. Хакслидің протофибрильдер жылжуы атты теориясы қолданылады. Осыған орай жүрек етінің жиырылу күшінің екі түрлі өздігінен реттелетін гетерометрлік және гемометрлік тетігі болады. Бұлар миоциттер ішінде өтетін қозу үрдісіне жиырылудың ілесуі (электромеханикалық) механизміне байланысты.
Қантамырлар Қантамырларының тұйық жүйесінде жүректің жиырылуы, сондай-ақ одан тыс экстракардиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде үздіксіз айналып жүреді. Қантамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Құрылым ерекшеліктеріне байланысты - қолқа, үлкен, орташа, кіші артериялар, артериолалар, капиллярлар, венула, әр көлемді веналар, үлкен қуысты веналар болып бөлінетін морфологиялық ғылымдардан белгілі.
Қан тамырлар әрекеттік маңызына қарай да жіктеледі. Б. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизациялық (серпімді), резистивтік (кедергілі), жапқыш, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар болып жіктеледі. Амортизациялық серпімді даңғыл оман тамырлар тобына қабырғаларында серпімді талшықтары көп қолқа, өкпе және т. б жуан артериялар жатады. Олар қабырғаларындағы серпімді талшықтар арқасында жүректен систола кезінде шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз етеді. Мәселен, жүректің сол қарыншасынан систола кезінде шығып қолқаға құйылған қолқа қабырғасын кернеп кеңейтеді. Қолқа қабырғасындағы созылып ұзарған серпімді талшықтар қайтадан бұрынғы қалпына келуге тырысады да, тамыр ішіндегі қанды қысып, қан қысымы төмен жаққа қарай ығыстырады. Осының нәтижесінде қолқадағы қан үздіксіз толқынға айналады.
Резистивтік – кедергілі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапиллярлық, посткапиллярлық жапқыштар жатады. Еттің жиырылуына байланысты артериолалар әбден тарылады, мұнымен қатар капилляр алдыңдағы және капиллярдан кейінгі жапқыш жиырылып қан ағысына қатты кедергі болады. Капиллярлар мен венулалар жіңішке түтікшеге айналып кетеді. Сфиниктерлі тамырлар қатарына өң бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ жапқыш құраған артериолалар мен прекаппиллярлар жатады. Бұлардың жиырылып-жазылуының нәтижесінде капиллярлардағы қанайналымы реттеледі. Зат алмасу тамырларына капилляр, венулалар жатады. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бір-ақ қабат эндотелиийден тұрады, сондықтан да сұйықтықтар мен ерітінділер, қоректік заттар қаннан тінге, тіннен қанға диффузия, сүзгі арқылы өтеді. Артериолалар мен венулаларды жалғастырушы көпірше тамырдың бас жағында жапқыш болады. Ол жиырылса, көпірше тамырдан қан өтпейді, барлық қан капилляр арқылы өтеді. Ал жапқыш босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериоладан венулаға өтіп, венадағы қан ағысын тездетеді. Көлемді әрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте ұсақ вена тамырларынан тұрады. Веналар саны артериялардан көп.
Жүрек пен тамыр жүйесін Б. М. Ткаченко олардың орындайтын қызметіне қарай 8 топқа жіктейді: 1. Жүрек тамырларындағы қан қысымын көтеріп, қолқа мен өкпе артерияларына қан айдайтын - генератор. 2. Қысымы жоғары не магистральды - оман тамырлар. Бұлар қан қысымын жоғары деңгейде сақтайды. 3. Қан ағысына кедергі жасайтын - резистивтік тамырлар. Бұның өзі екіге бөлінеді: а)қысым тұрақтылығын сақтайтын ұсақ артериялар мен артериолалар, б)капиллярда қан ағысын реттеуші, яғни қан үлестіруші тамырлар. 4. Зат алмасу тамырлары. Бұған капиллярлар мен олардың қосылуынан пайда болатын ең ұсақ венулалар жатады. 5. Сыйымды не қан жинайтын тамырлар. 6. Қанды жүрекке әкелетін тамырлар. 7. Артериола мен венуланы қосатын көпірше-дәнекер тамыр - анастомоз. 8. Сорып алатын - резорбция жасайтын тамырларға қанайналымы жүйесінің бір бөлігі лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады. Бұлар тіннен белок және суды сорып алып лимфа тамырлары арқылы венадағы қанға апарып құяды. В. И. Ткаченко тамырларды жіктеу ілімінде олардың маңызын толығынан қамти отырып, жүрек және лимфа тамырлары бір әрекеттік жүйе екеніне аса көңіл аударудың қажеттігін көрсетті.
Tema_10.ppt